1. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 11 маусымдағы № 307-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) бүкіл мәтін бойынша: «шетелдіктер», «шетелдікті», «Шетелдікті», «шетелдік немесе», «Шетелдіктерге», шетелдіктерге», «шетелдік азамат», «шетелдіктерді» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматын», «Шетел азаматын», «шетел азаматы немесе», «Шетел азаматтарына», «шетел азаматтарына», «шетел азаматы», «шетел азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«Республиканың» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«конституциялық емес» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды» деген сөздер «қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «заңнамалық актілеріне» деген сөздер «заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 2-баптың бірінші бөлігіндегі «құрылысы» деген сөз «құрылыс негіздері» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-бапта:
4) тармақтың екінші абзацындағы «мемлекет қауіпсіздігіне» деген сөздер «мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақтағы «құрылысын құлатуға немесе бүлдіруге» деген сөздер «құрылыс негіздерін құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,» деген сөздер алып тасталсын;
5) 15-баптың екінші бөлігіндегі «рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық» деген сөздер «этностық, нәсiлдiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 71-баптың алтыншы бөлігіндегі «және қауіпсіздігіне» деген сөздер «және ұлттық қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 7) және 9) тармақшалары осы Заңның 2-бабына сәйкес 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
«Сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені сот қараған кезде шартты түрде мерзімінен бұрын босату күні оған қатысты қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) ескеріле отырып айқындалады.»;
«Сот осы баптың төртінші бөлігінде айқындалған тәртіппен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы мәселені қарау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қолданылған сотталған адамға қатысты жазаның түпкілікті мерзімі немесе мөлшері бұрын қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) ескеріле отырып айқындалады.»;
9) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:
«73-1-бап. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту
1. Бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамның бір жыл ішінде тәртіптік жазасы болмаған кезде сот оны бас бостандығынан айырудың қалған өтелмеген мерзімін шартты түрде бір айға қысқартуға тиіс.
Сотталған адамға тәртіптік жаза қолданылған жағдайда бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту ол өтелген немесе алып тасталған күннен бастап бір жылдан кейін және сол кезеңде осы бапта көзделген талаптар сақталған кезде қолданылады.
Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту қолданылғаннан кейін және сотталған адам осы бапта көзделген талаптарды сақтаған кезде осы шараның кезекті қолданылуы бір жылдан кейін жүзеге асырылады.
2. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталғандарға, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайларды қоспағанда, мұндай қылмыс үшін сотталғандарға, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталғандарға қатысты қолданылмайды.
3. Егер бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қолданылған сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот:
1) үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидаларына сәйкес жаза тағайындау кезінде – қылмыстар бойынша;
2) жаза тағайындау кезінде – қылмыстық теріс қылықтар бойынша;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде сот немесе қылмыстық қудалау органы қылмыстық жауаптылықтан босатқан сотталған адамдарға қатысты – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің ұсынуы бойынша бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (шартты түрде қысқартулардың) күшін жояды.
4. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) сотталған адамды жазаны өтеуіне байланысты босату, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, осы Кодекстің 73-бабының төртінші бөлігінде айқындалған тәртіппен жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, жаза мерзімін қысқарту, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне ауыстыру жағдайларында жазаның өтелген мерзіміне қосылады.»;
10) 77-баптың бесінші бөлігіндегі «және қауіпсіздігіне» деген сөздер «және ұлттық қауіпсіздігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 78-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Парламентi» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 148-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «желісі бойынша» деген сөздерден кейін «немесе цифрлық технологияларды қолдана отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 161-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы «соғысты» деген сөзден кейін «, қарулы қақтығысты» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 163-баптың тақырыбы «Соғыс» деген сөзден кейін «және қарулы қақтығыс» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 170-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мен үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «құрылысты» деген сөз «құрылыс негіздерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыптағы «рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық» деген сөздер «этностық, нәсiлдiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға» деген сөздер «этностық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты қоздыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тектiк-топтық, ұлттық, рулық» деген сөздер «ұлттық, этностық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын» деген сөздер «этностық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты насихаттайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |