1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2026 жылғы 11 маусымдағы № 305-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша:
«Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің», «Парламент Мәжілісі мен», «Парламентi Мәжiлiсiнiң және», «Парламентiнiң және мәслихаттарының», «Парламент депутаттарын», «Парламенттiң депутаттарын», «Парламент депутаттарының», «Қазақстан Республикасы Парламенті», «Парламент және мәслихаттар», «Парламент, мәслихаттар», «Парламенттiң және мәслихаттардың», «Парламент Мәжiлiсiнiң және», «Парламент Мәжiлiсiнiң», «Парламент Мәжілісі депутаттарының», «Парламент депутаты», «Парламенттiң, мәслихаттардың», «Мәжілістің депутаттарын», «Парламент, мәслихат», «Республика Парламентi депутаттарын», «Парламент депутаттығына», «Мәжіліс Төрағасының», «Парламент депутаттары», «Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң», «Мәжiлiс депутаттары», «Парламент немесе Парламент Мәжілісі», «Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің», «Парламентті немесе Парламент Мәжілісін», «Мәжiлiс депутаттығына», «Парламент Мәжілісінің депутаттығына», «Парламент Мәжілісі депутаттарын», «Мәжiлiс депутаттарының», «Мәжiлiс депутаттарын», «Мәжiлiс депутаттары», «Парламент Мәжілісінің депутатын» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының», «Құрылтай мен», «Құрылтайы мен», «Құрылтайы мен мәслихаттарының», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарының», «Қазақстан Республикасының Құрылтайы», «Құрылтай мен мәслихаттар», «Құрылтай, мәслихаттар», «Құрылтай мен мәслихаттардың», «Құрылтай мен», «Құрылтайдың», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтай депутаты», «Құрылтайдың, мәслихаттардың», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай, мәслихат», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай Төрағасының», «Құрылтай депутаттары», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының», «Құрылтай депутаттары», «Құрылтай», «Құрылтайдың», «Құрылтайды», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттары», «Құрылтай депутатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республика азаматтарының», «Республикадағы», «Республика азаматының», «Республика Президентiн», «Республиканың», «Республика аумағында», «Республика сайлау комиссияларының», «Республика Үкiметiне», «Республика Президенттiгiне», «Республика бойынша», «Республика астанасы», «Республика заңдарына», «Республика Президентi», «Республика Сыртқы», «Республика азаматтары», «республикадағы», «Республика Президентінің», «Республика Конституциялық Кеңесінің», «Республика Президентіне», «Республика астанасының», «Республика Конституциялық Сотының», «Республика Премьер-Министрiнiң», «Республиканы», «Республика мәслихаттары», «Республика Конституциясында» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы азаматтарының», «Қазақстан Республикасындағы», «Қазақстан Республикасы азаматының», «Қазақстан Республикасының Президентін», «Қазақстан Республикасының», «Қазақстан Республикасының аумағында», «Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының», «Қазақстан Республикасының Үкiметiне», «Қазақстан Республикасының Президенттiгiне», «Қазақстан Республикасы бойынша», «Қазақстан Республикасының астанасы», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасының Сыртқы», «Қазақстан Республикасының азаматтары», «Қазақстан Республикасындағы», «Қазақстан Республикасы Президентінің», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «Қазақстан Республикасы астанасының», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының», «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң», «Қазақстан Республикасын», «Қазақстан Республикасының мәслихаттары», «Қазақстан Республикасының Конституциясында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«таңдаушылар», «(таңдаушылардың)», «(таңдаушылар)», «таңдаушылардың», «таңдаушы», «(таңдаушы)», «(таңдаушыларға)», «(таңдаушылармен)», «(таңдаушының)» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
«аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-тармағы 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақтағы «аудандар, облыстық маңызы бар қалалар,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
4) 4-бапта:
«4. Мыналар:
1) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болуға кандидат бола алмайды.»;
6) 9-бапта:
«2. Құрылтай депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде сайланады.»;
3-тармақтағы «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер тиісінше «Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар», «астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аумақтық сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды. Жаңадан құрылған немесе қайта құрылғаннан кейін қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі тиісті сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.»;
1-тармағының 8) тармақшасы осы Заңның 2-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ведомстволық бағынысты ұйым сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында дербес деректерді жинау мен өңдеуді субъектінің келісімінсіз жүзеге асырады.»;
9) 12-бапта:
«2) Президенттің және Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткiзудi ұйымдастырады;
2-1) саяси партияларды Құрылтай депутаттарын және мәслихат депутаттарының партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын бір бөлігін сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды;»;
2-2) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын кері шақырып алу жөніндегі» деген сөздер «Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«6) Президенттi және Құрылтай депутаттарын сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеньнiң нысаны мен мәтiнiн, мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды дайындау тәртiбiн, сондай-ақ олардың қорғалу дәрежесiн, сайлаушылар тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған және әкім болуға кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналған, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктердiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi; Президенттi және Құрылтай депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуді жарамсыз деп таниды;»;
1-тармағының 9) тармақшасының он екінші абзацы осы Заңның 2-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
16-7) тармақшадағы «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |