1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 12 маусымдағы № 309-VIIІ ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне:
70-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «ата-аналар» деген сөздерден кейін «оның денсаулығына, өміріне, қауіпсіздігіне, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 121-1) тармақшамен толықтырылсын:
«121-1) интерн-дәрігер – интернатура шеңберінде білім алып жатқан және тәлімгердің жетекшілік етуімен клиникалық және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық практикаға шектеулі рұқсат беріліп, кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан дәрігер;»;
215) тармақшадағы «қадағалауымен» деген сөз «жетекшілік етуімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
240) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«240) тәлімгер – медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар мен жас мамандарды кәсіптік құзыреттерді, практикалық дағдыларды меңгеру және кәсіптік бейімделу процесінде сүйемелдеу үшін денсаулық сақтау ұйымының, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үш тұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медицина немесе фармацевтика қызметкері;»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5) және 17-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) және денсаулық сақтау ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандырудың ең төмен нормативтерін бекітеді;
17-2) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекітеді;
17-3) денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін айқындау қағидаларын бекітеді;
17-4) денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті және медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау көлемін бекітеді;
17-5) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекітеді;
17-6) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған маманды жұмысқа жіберу тәртібін айқындайды;»;
3) 12-баптың 2-тармағының 35) тармақшасындағы «интерндер» деген сөз «интерн-дәрігерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 27-баптың 4-тармағының 1) тармақшасында:
«қадағалауымен» деген сөз «жетекшілік етуімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«резидент-дәрігерлерді» деген сөздер «интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 66-баптың 12-тармағындағы «техникалық жағынан күрделі денсаулық сақтау объектілерін салу немесе пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесінің (құрылтайшылардың (қатысушылардың) бірінің тәжірибесінің)» деген сөздер «олардың немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті әлеуетті жекеше әріптеске немесе әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) тиесілі заңды тұлғалардың техникалық жағынан күрделі денсаулық сақтау объектілерін салу немесе пайдалану бойынша тәжірибесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 155-баптың 4-тармағында:
«және оқу» деген сөздер алып тасталсын;
«ғылыми-практикалық» деген сөздерден кейін «мақсаттарда және (немесе) оқу» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 220-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламаларын (резидентура, докторантура)» деген сөздер «медициналық (жоғары медициналық білім беру, интернатура) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (резидентура) бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік «резидентура базалары» деген сөздерден кейін «, санитариялық-эпидемиологиялық практика базалары» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «талаптарды» деген сөзден кейін «, ғылыми-практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу әдістемесін, білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың үлгілік нысанын» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 221-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды уәкілетті орган бекітеді және олар оқу жүктемесінің көлеміне (кредиттер санына) және түлектің құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайды.
Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының жалпы білім беретін және базалық пәндер циклдерінің оқу жүктемесі көлемі мен мазмұнын уәкілетті орган айқындайды.
Кемінде 120 кредитті көздейтін «Мейіргер ісі» мамандығын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базалық пәндерінің көлемі кемінде 140 кредитті құрауға тиіс.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.
Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің білім беру бағдарламалары ғылыми-зерттеу қызметі мен клиникалық ойлау дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге тиіс.
Білім беру бағдарламаларының тізбесі денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізілімге енгізу тәртібі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын тізілімге енгізу үшін оларға сараптамалық қорытынды береді.
3. Дәрігер кадрларды даярлау жоғары медициналық білім беру мен интернатураны қамтитын интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.»;
4-тармақтағы «Резидентурада» деген сөз «Интернатурада оқу кезеңіндегі интерн-дәрігерлерді және резидентурада» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды.»;
мынадай мазмұндағы 221-1-баппен толықтырылсын:
«221-1-бап. Интернатура
1. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары интернатура бағдарламаларын іске асыруды клиникалық базаларда, санитариялық-эпидемиологиялық практика базаларында, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларында және университеттік ауруханаларда жүзеге асырады.
Интернатура тәлімгерлердің жетекшілік етуімен өткізіледі және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда және аудандық деңгейдегі өңірлерде немесе моноқалаларда орналасқан медициналық ұйымдарда дербес клиникалық практикаға рұқсат алу үшін, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша жұмысқа жіберу үшін кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
Интернатура бағдарламалары медициналық мамандықтар бойынша кәсіптік даярлау нысанында іске асырылады, олардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
2. Клиникалық базаларда, санитариялық-эпидемиологиялық практика базаларында, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларында және университеттік ауруханаларда медициналық қызметтер ұсынуға интерн-дәрігерді тарту үшін уәкілетті орган бекітетін үлгілік нысан бойынша оқыту туралы шарт жасалады, ол жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, денсаулық сақтау ұйымы және интерн-дәрігер арасында жасалады.
Интернатурада оқыту интерн-дәрігерге клиникалық базаларда, санитариялық-эпидемиологиялық практика базаларында, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларында және университеттік ауруханаларда жұмыс орнын беруді көздейді.
Оқу кезеңінде интерн-дәрігерге ғылыми-практикалық базаның еңбек тәртіптемесі қағидалары, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру талаптары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптары қолданылады.
3. Интернатураны аяқтағаннан кейін «дәрігер» біліктілігі берілетін санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарды қоспағанда, интернатурада оқыту – жоғары медициналық білім беру бағдарламасын бітірген және «дәрігер» біліктілігін алған адамдарды дербес клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты.
Интернатурадағы оқуды аяқтағаннан кейін кәсіптік даярлық бағалауынан өткен түлекке мамандық беріле отырып, мемлекеттік үлгідегі құжат тапсырылады.
4. Тәлімгерлердің жетекшілік етуімен кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде интерн-дәрігерлердің құпиялылық, дербес деректер мен медициналық құпияны қорғау талаптарын қамтамасыз ете отырып, оқу және клиникалық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық цифрлық жүйелеріне қол жеткізуге құқығы бар.»;
10) 222-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Резидентура медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тәлімгердің жетекшілік етуімен тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алуға немесе өзгертуге бағытталған.»;
4-тармақтағы «қадағалауымен» деген сөз «жетекшілік етуімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың төртінші бөлігіндегі «тәртіптеме қағидалары,» деген сөздер «тәртіптемесі қағидалары, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру талаптары, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын бітірген және «дәрігер» біліктілігін алған азаматтарға» деген сөздер «интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын бітірген азаматтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«міндетті» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Тәлімгерлердің жетекшілік етуімен ғылыми-практикалық базаларда кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде резидент-дәрігерлердің құпиялылық, дербес деректер мен медициналық құпияны қорғау талаптарын қамтамасыз ете отырып, оқу және клиникалық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық цифрлық жүйелеріне қол жеткізуге құқығы бар.»;
11) 223-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Базалық пәндерді оқу қорытындысы бойынша білім алушылар білім мен дағдыларды бағалаудан өтеді.
Білім мен дағдыларды бағалау кезінде шекті балл жинамаған білім алушылар оқудан шығарылуға жатады.»;
12) 266-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесі (кәсіптік тіркелім) – денсаулық сақтау саласындағы білім алушылар мен мамандар, олардың қызметін бағалау, біліктілігі, кәсіптік жауапкершілігі, еңбекақы деңгейі, үздіксіз кәсіптік дамыту бағдарламаларына қатысуы туралы мәліметтерді, кадрлардың көші-қоны мен кетуі туралы мәліметтерді, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес бекітілген штат кестесін қамтитын цифрлық платформа.
Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесін (кәсіптік тіркелімді) қалыптастыру, сүйемелдеу, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін, сондай-ақ онда денсаулық сақтау саласындағы білім алушылар мен мамандарды есепке алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
13) 270-баптың 3-тармағында:
«резидент-дәрігерлердің» деген сөздер «интерн-дәрігерлер мен резидент-дәрігерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қадағалауымен» деген сөз «жетекшілік етуімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 276-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тиісті оқу мерзімдері бар үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы адамдар тиісті бағдарламалар бойынша оқуды аяқтауға не интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыруға құқылы.».
3. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне:
1) 30-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«республикалық жеңімпаздардың жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына, орындаушылар конкурстарына, спорттық жарыстарға, кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету;»;
2) 31-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«өңірлік жеңімпаздардың республикалық ғылыми жобалар конкурстарына, орындаушылар конкурстарына, республикалық және (немесе) халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету;»;
3) 32-баптың 1-тармағының 4) тармақшасымынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«өңірлік жеңімпаздардың республикалық ғылыми жобалар конкурстарына, орындаушылар конкурстарына, республикалық және (немесе) халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету;».
4. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) академиялық адалдық – білім беру процесіне қатысушылар білім беру, тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ғылыми қызметті жүзеге асыру кезінде сақтайтын, олардың мінез-құлқын айқындайтын, адалдық, әділдік, құрмет, жауапкершілік пен сенім қағидаттарына негізделген нормалардың, қағидалар мен құндылықтардың жиынтығы;
2-2) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының (педагогтің) білім беру бағдарламасының оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
2-3) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді, педагогтерді оқыту, тағылымдамадан өту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқыту нәтижелерін (модульдерін), оқу бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта есепке ала отырып, басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шет елге) ауыстыру;
2-4) аккредиттеу органы – аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 2-5) тармақшамен толықтырылсын:
«2-5) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) интернатура – клиникалық немесе санитариялық-эпидемиологиялық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды интеграцияланған медициналық білім беру шеңберінде медициналық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;»;
«оқу-клиникалық орталығы» деген сөздер «симуляциялық кабинет (орталық)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«медициналық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы медициналық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының не денсаулық сақтау ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың бірінші бөлігінде:
14) тармақшадағы «әзірлейді және» деген сөздер алып тасталсын;
«дипломдармен» деген сөзден кейін «(немесе сертификаттармен)» деген сөздермен толықтырылсын;
«жарыстардың» деген сөзден кейін «, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 95-1) тармақшамен толықтырылсын:
«95-1) орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 5-3-баптың бірінші бөлігінің 17-1) тармақшасында:
«Қазақстан Республикасындағы» деген сөздерден кейін «шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары,» деген сөздермен толықтырылсын;
«және (немесе) олардың филиалдары» деген сөздер алып тасталсын;
4) 6-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
9-2) өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі орындаушылар конкурстарына, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
15-2) өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі орындаушылар конкурстарына, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;»;
5) 8-2-баптың бірінші бөлігіндегі «(мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары)» деген сөздер алып тасталсын;
6) 9-1-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары, шетелдік оқу орындары өздері құрылған кезден бастап бір жыл ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бас ұйымдарын аккредиттеген шетелдік аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өтеді.
Егер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бас ұйымы тіркелген елдің заңнамасында шетелдік аккредиттеу органының аккредиттеу жүргізуі көзделмесе, онда аккредиттеуді шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындарын аккредиттеу үшін танылған халықаралық аккредиттеу органы жүзеге асырады.
Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындарын аккредиттеу үшін халықаралық аккредиттеу органдарын тану өлшемшарттары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізу және одан шығару талаптары мен қағидаларында белгіленеді.
Аккредиттеуден өткен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары аккредиттелген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізіліміне енгізіледі.»;
7) 14-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламалары практикалық дағдылар мен оқыту нәтижелерін қамтуға тиіс.»;
8) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Дәрігер кадрларды даярлау интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, жоғары медициналық білім беруді және интернатураны қамтиды.
Интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
9) 22-баптың 3-тармағында:
«тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын аяқтаған азаматтарға» деген сөздер «санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі білім беру бағдарламаларын қоспағанда, интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын аяқтаған азаматтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«міндетті» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Резидентура мамандықтарының тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
10) 26-баптың 3-тармағының екінші бөлігі:
«жарыстардың» деген сөзден кейін «, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының» деген сөздермен толықтырылсын;
«дипломдармен» деген сөзден кейін «(немесе сертификаттармен)» деген сөздермен толықтырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:
«36-1-бап. Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары филиалдарының және шетелдік оқу орындарының білім беру қызметі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы бар.
2. Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары білім беру қызметін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындарын Қазақстан Республикасында тану қағидаларына (бұдан әрі – тану қағидалары) сәйкес жүзеге асырады.
3. Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындарының білім беру қызметі:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бас ұйымының тіркелген елінде берілген рұқсат беру құжатының;
2) осы Заңға сәйкес аккредиттеу органы жүргізетін аккредиттеудің;
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бас ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының филиалын немесе шетелдік оқу орнын ашу және оның түлектеріне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бас ұйымының білім туралы баламалы құжатын беру туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
4. Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары «Қазақстан тарихы» және «Қазақ тілі» пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамасыз етеді.
Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары білім алушылардың тұруына жағдай жасайды.»;
12) 39-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Танылған аккредиттеу органдарының, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып айқындайды.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 42-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей танылады.»;
13) 40-баптың 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
14) 42-бапта:
тақырыптағы «және тарату» деген сөздер «, тарату және олардың қызметін тоқтату» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және таратуын», «және тарату» деген сөздер тиісінше «, таратуын және олардың қызметін тоқтатуын», «, тарату және олардың қызметін тоқтату» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «немесе таратылған» деген сөздер «, таратылған немесе қызметі тоқтатылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «немесе ол таратылған» деген сөздер тиісінше «, таратылған немесе оның қызметі тоқтатылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Тану қағидаларына сәйкес келетін шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындарын құру және олардың қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасында халықаралық оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын құру және олардың қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
15) 43-баптың 3-тармағының 2-6) тармақшасы алып тасталсын;
16) 47-бапта:
6) тармақшадағы «қайта қабылдануға» деген сөздер «осы тармақтың 6-1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта қабылдануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген шекті балдан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты болған, арнаулы емтихан тапсырған, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын талаптарды сақтаған кезде білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау бағыттарының жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына, оның ішінде шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан қайта қабылдануға немесе ауысуға (жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алған адамдарды қоспағанда, бұл ұйымдар үшін өлшемшарттарды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды);»;
10-1-тармақтағы «Оқу мақсаттарында қысқа мерзімді оқу жоспарларында» деген сөздер «Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 49-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы «сақтауға міндетті.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген педагогтің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге міндетті.»;
18) 57-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары білім беру қызметін осы Заңның 36-1-бабына сәйкес жүзеге асырады.»;
19) 59-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеруге және бару арқылы профилактикалық бақылауға жатады.»;
20) 62-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі «осы Заңның 65-бабының 4-тармағында» деген сөздер «осы Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 65-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын.
5. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
177-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекет қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам (акционерлік қоғам) нысанындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының директорлар кеңесінің құрамына осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдардан басқа жергілікті атқарушы органның өкілі кіруге құқылы.».
6. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
28-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыратын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының филиалдары мен шетелдік оқу орындарының;».
7. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер»;
2) мынадай мазмұндағы 58-1-баппен толықтырылсын:
«58-1-бап. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін бастама жасалған концессиялық жобаларды іске асыру ерекшеліктері
1. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітілген концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның 20-бабының 4) және 9) тармақшалары, 21-бабының 3) тармақшасы, 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы қолданыла отырып жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген концессиялық жобалар бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде әлеуетті концессионерлердің концессиялық өтінімдерінің құрамында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген концессиялық жобалар бойынша концессия объектісінің құны жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін концессия шартында көрсетілген концессия объектісінің құнынан аз болып айқындалатын болса, онда шарт жобалау-сметалық құжаттамада айқындалған құнға сәйкес түзетілуге тиіс.».
8. «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға, сондай-ақ оған құжаттарды бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жүргізу міндетін жүктеуге;»;
3-тармақтағы «орта» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Педагог және (немесе) білім беру ұйымының басшысы білім алушылар және (немесе) тәрбиеленушілер тап болған оқиғалар үшін тек өздерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезеңінде, оның ішінде білім беру қызметіне байланысты лауазымдық міндеттерін орындау барысында ғана жауапты болады.».
9. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы «бағдарламалар әзірлеуді» деген сөздерден кейін «, оның ішінде ғылыми жетекшілердің басшылық етуімен орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қатыстыра отырып әзірлеуді» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Осы Заң» деген сөздер «Егер «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-1-бабында өзгеше көзделмесе, осы Заң» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
78-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог-психологтарында және әлеуметтік педагогтерінде тәуекел тобында тұрған, оның ішінде зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау туралы хабарлаған, суицидтік ниеті және суицид жасауға әрекет ету фактілері бар кәмелетке толмағандар;
14) отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтары сүйемелдеп отырғандар;
15) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында істері қаралғандар;
16) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтар анықтағандар.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |