• Мое избранное
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 487 қаулысы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
  • 1
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 101-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне қызметтік тұрғынжай беру тәртібін және тұрғын үй төлемін алатын лауазым атқаратын арнаулы мемлекеттік орган қызметкеріне, әскери қызметшіге, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне қызметтік тұрғынжай беру, тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаттары мен негіздерін айқындайды.
Осы Қағидалардың күші курсантқа, кадетке, тыңдаушыға, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшіге, резервтегі әскери қызметшіге, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттіге қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық пайдалану бөлімі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімі;
2) жауапты құрылымдық бөлімше – мекеме басшысының шешімімен құрылған мекеменің құрылымдық бөлімшесі;
3) мекеме – арнаулы мемлекеттік органның, құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) немесе әскери қызметші қызмет өткеретін мемлекеттік мекеме;
4) мекеменің тұрғын үй комиссиясы (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрғын үй комиссиясын қоспағанда) – мемлекеттік мекеме басшысының шешімімен құрылған комиссия.
3. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші жүктілігі мен босануына байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста, іссапарда, оқу демалысында болса, емделіп жүрсе, оларға ағымдағы тұрғын үй төлемі жалпы негізде жүзеге асырылады.
4. Тұрғын үй комиссиясы қызметінің тәртібін мемлекеттік органның басшысы Заңға сәйкес айқындайды.
5. Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған қызметкерді, әскери қызметшіні (Қарулы Күштердің әскери қызметшісін қоспағанда) және оның отбасы мүшелерін және тұрғын үй төлемін алушыларды есепке алу, сондай-ақ тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, оны тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау жауапты құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.
Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшісін және оның отбасы мүшелерін есепке алу аудандық пайдалану бөліміне жүктеледі, тұрғын үй төлемін алушыларды есепке алу, сондай-ақ тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, оны тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау жауапты құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.
6. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянаттың тіркелген күні ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін қызметкерді немесе әскери қызметшіні қызметтік тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні болып табылады.
2-тарау. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану тәртібі
7. Тұрғынжайға мұқтаж деп тануды мекеменің тұрғын үй комиссиясы, ал Қарулы Күштерде аудандық пайдалану бөлімі жүзеге асырады.
Тұрғынжайға мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемін тағайындау, қайта есептеу және қайта бастау үшін қызметкер немесе әскери қызметші (Қарулы Күштердің әскери қызметшісін қоспағанда) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянат береді.
Қарулы Күштердің әскери қызметшісі тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы аудандық пайдалану бөлімі бастығының атына баянат береді.
«Электрондық үкімет» веб-порталы болса, баянатты қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді сол арқылы жүзеге асыруға болады.
Қызметкер немесе әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянатта тұрғынжайға құқығын іске асыру түрін көрсетеді.
Қызметкер немесе әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін ұсынған құжаттарды жауапты құрылымдық бөлімше тұрғын үй комиссиясының қарауына енгізеді.
8. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянатты қызметкер немесе әскери қызметші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бермеген болса, баянатқа мыналарды қоса береді:
1) баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған қызмет орнынан мекеменің кадр бөлімшесінің анықтамасы, онда атқаратын лауазымы және отбасы құрамы көрсетіледі;
2) функционалдық міндеттерін айқындайтын құжат (арнаулы мемлекеттік орган қызметкерін және әскери қызметшіні қоспағанда);
3) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы анықтама (Қазақстан Республикасы бойынша), ол қызметкерге немесе әскери қызметшіге және отбасы құрамына баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынады;
4) мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарты тізілімінен жалдаушы туралы ақпарат, ол қызметкерге немесе әскери қызметшіге және отбасы құрамына баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынады;
5) қызметкердің немесе әскери қызметшінің және отбасы құрамының жеке басын куәландыратын құжаттардың, неке қию (некені бұзу) туралы куәліктің, қайтыс болу туралы куәліктің (анықтаманың), баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің, баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінің көшірмелері;
6) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылған жағдайда жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алғаны туралы мәліметтері бар анықтама, ол баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынады;
7) зайыбы (жұбайы) қазір немесе бұрын қызметкер не әскери қызметші болса, баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған:
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алғаны немесе алмағаны туралы;
өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) немесе біржолғы тұрғын үй төлемін алғаны немесе алмағаны туралы;
тұрғын үй төлемінің тағайындалғаны (тағайындалмағаны) туралы;
тұрғын үй төлемінің тоқтатып қойылғаны немесе тоқтатылғаны туралы мәліметтер;
8) отбасында бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болған жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мекемесінен мүгедектігі бар адам туралы анықтама;
9) отбасы мүшелерінің арасында кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша) ауыратын адамдар болып, олармен бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік медициналық ұйымның анықтамасы;
10) неке сот тәртібімен бұзылған жағдайда некені бұзу туралы заңды күшіне енген, неке бұзылғаннан кейін баланың (балалардың) ата-анасының қайсысымен тұратыны көрсетілген сот шешімінің көшірмесі.
Сот бұдан бұрын шығарылған шешімнің күшін жойған кезде қызметкер немесе әскери қызметші бұл туралы он жұмыс күні ішінде мекемені хабардар етеді;
11) қызметкер, әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендірген жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру шартының көшірмесі.
Егер қызметкер немесе әскери қызметші бұрын арнаулы мемлекеттік органда, құқық қорғау органында, азаматтық қорғау органында қызмет өткерген болса, әскери қызмет өткерген болса, сондай-ақ қызметкер немесе әскери қызметші бір елді мекеннен екіншісіне, оның ішінде тұрғын үй төлемін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (мекемелер) арасында ауысқан болса, ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау немесе қайта бастау және біржолғы тұрғын үй төлемін алу үшін бұрынғы қызмет орнынан мынадай мәліметтерді ұсынады:
біржолғы тұрғын үй төлемін алғаны не алмағаны туралы;
ағымдағы тұрғын үй төлемінің тағайындалғаны не тағайындалмағаны, тоқтатып қойылғаны не тоқтатылғаны туралы;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайды меншікке сатып алу құқығын пайдаланғаны не пайдаланбағаны немесе тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайға меншік құқығының туындауы туралы;
ипотекалық кредиті (қарызы) болса, тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы шарт жасалып, ол бойынша негізгі міндеттемесі орындалмаған болса, ипотекалық ұйымның не екінші деңгейдегі банк алдында несиелік берешегі туралы анықтама;