• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 380 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер  
1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның мамандары «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден (бұдан әрі – цифрлық жүйелер) алады.
Цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы;
2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған банктік шоттың нөмірі немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;
3) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісі (актілері):
капиталдандырылған төлемдер сомаларын мемлекеттен алған кезде – зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);
капиталдандырылған төлемдер сомаларын таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен алған кезде – материалдарында бірінші кезектегі әрбір кредитор бойынша толық жазба қамтылған конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым (шешім).
Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік архивтің архивтік құжатымен де растауға болады.
Зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:
денсаулыққа нұқсан келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
жұмыскердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін мүгедектігі бар адамға зиянды өтеу кезінде – өтініш берушіге мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – «МОДБ» АЦЖ) сұратылады.
«МОДБ» АЦЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мүгедектік немесе кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Сот актісінде не капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын архивтік құжатта кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін немесе мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.
Әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.
Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша береді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтініш беруші ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгінген кезде өтініш берушіде төлемді тағайындау немесе оны тағайындауға өтініш беру фактісінің болуын тексеру жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен алынған мәліметтерді тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелерінен тиісті төлемді тағайындау фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде, сондай-ақ өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған немесе ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтініш берушіге кідіртпестен әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:
1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;
2) іздестірудегі адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің, оның ішінде цифрлық жүйелерден анықталғаны туралы;
3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде цифрлық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтата тұрады.
Көрсетілген фактілер жойылған жағдайда ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген тәртіппен қайта басталады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:
1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтер;
2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының ішкі істер органдарындағы тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты бере отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату туралы өтініші келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатады.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын қайтару:
1) алушының өтiнiшi бойынша;
2) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің хаты негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі төлемдерді республикалық бюджет кірісіне аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға қайтарудың негізділігін растайтын қажетті құжатты (алушының қайтыс болғаны не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткені туралы, оның ішінде цифрлық жүйелерден алынған мәліметтерді) қоса бере отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға хат ұсынады;
3) соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.».
2. «Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 472 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидаларында:
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: