1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 12 маусымдағы № 312-VIIІ ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақшасының бірінщі-бесінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақтағы «ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «пара мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«253-бапта – екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «253-бапта – екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын заңсыз сыйақы мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«366 және 367-баптарда – он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «366 және 367-баптарда – он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын пара мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшасының алтыншы-он бесінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
«сайланған адам» деген сөздерден кейін «(мәслихат депутатын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты» деген сөздер «және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге немесе қаржыландыруға немесе іске асыруға немесе мониторингтеуге қатысатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әрекет ететін» деген сөздерден кейін «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның жəне» деген сөздермен толықтырылсын;
«; мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелері» деген сөздермен толықтырылсын;
«37-1) халықаралық ұйымның лауазымды адамы – халықаралық шарт негізінде мемлекеттер құрған халықаралық ұйымда басшы лауазымды атқаратын және (немесе) халықаралық қызметші болып саналатын адам, сондай-ақ осындай халықаралық ұйым өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам;»;
мынадай мазмұндағы 37-2) және 37-3) тармақтармен толықтырылсын:
«37-2) шетелдік көздерден алынған қаражат – шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар берген ақша және (немесе) өзге де мүлік;
37-3) шет мемлекеттің лауазымды адамы – шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бір лауазымды атқаратын адам, сондай-ақ шет мемлекет өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам;»;
1) тармақшасының он алтыншы-он тоғызыншы абзацтары осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«247-бапта – үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын, адам алған сома немесе оған көрсетілген қызметтер құны;» деген сөздер «247 және 247-1-баптарда – үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын заңсыз сыйақы мөлшері;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«253-бапта – бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «253-бапта – бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын заңсыз сыйақы мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«366 және 367-баптарда – үш мыңнан асатын және он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «366 және 367-баптарда – үш мыңнан асатын және он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі пара мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 41-баптың бірінші бөлігіндегі «пара сомасына немесе құнына, берілген ақша сомасына немесе берілген мүлік құнына» деген сөздер «пара, берілген заңсыз сыйақы сомасына немесе құнына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және:
мемлекеттік қызметте лауазымдарды;
судья лауазымдарын;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі лауазымдарын;
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымдарын;
мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын орындауға байланысты, сондай-ақ көрсетілген ұйымдарда сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруға не мемлекеттік бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге немесе қаржыландыруға немесе іске асыруға немесе мониторингтеуге байланысты дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымдарды;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тікелей мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін немесе мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты не жеке тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа қол жеткізуді көздейтін лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.»;
4) -9) тармақшалары осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«1. Мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам немесе оған теңестiрiлген адам болып саналмайтын жұмыскерiнің, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң заңсыз сыйақы берген адамның немесе оның өкілі болған адамдардың пайдасына өз мiндеттерiнің аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткенi үшiн өзіне немесе басқа адамдарға мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы алуы –»;
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) iрi мөлшерде;
2) қорқытып алу жолымен жасалса, –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы бес айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамның өз міндеттері аясына кіретін жұмысты бұрын орындағаны немесе қызметті бұрын көрсеткені үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алуы маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды және ол тәртiптiк ретпен қудаланады.»;
5) мынадай мазмұндағы 247-1-баппен толықтырылсын:
«247-1-бап. Заңсыз сыйақы беру
1. Мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам немесе оған теңестiрiлген адам болып саналмайтын жұмыскерiне, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiне заңсыз сыйақы берген адамның не оның өкілі болған адамдардың пайдасына өз мiндеттерiнің аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткенi үшiн мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы беру –
сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет –
бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпелер.
1. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы бес айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамға оның міндеттері аясына кіретін жұмысты бұрын орындағаны немесе қызметті бұрын көрсеткені үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде беру маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды.
2. Егер заңсыз сыйақы берген адамға қатысты осы баптың бірінші бөлігінде аталған адам тарапынан заңсыз сыйақыны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам заңсыз сыйақыны бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
«1. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алатын адамның немесе оның өкiлi болған адамдардың мүдделерiнде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабындағы салғырттығы үшiн мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы беру –»;
екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші абзацтағы «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
«4. Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алатын адамның немесе оның өкiлi болған адамдардың мүдделерiнде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабындағы салғырттығы үшiн өзіне немесе басқа адамдарға мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз сыйақы алуы –»;
екінші абзацтағы «берілген ақшаның немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылып, «сомасы» деген сөз алып тасталсын;
«іс-әрекеттер, егер оларды» деген сөздер «іс-әрекет, егер оны» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақтарда орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші абзацтағы «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктің екінші абзацындағы «берілген ақша сомасының немесе берілген мүлік» деген сөздер «берілген заңсыз сыйақы сомасының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсiздiгі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде беруі немесе алуы маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды.»;
«366-бап. Параны талап ету немесе алу
1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның не шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін өзіне немесе басқа адамдарға мүлiк, мүлiктік сипаттағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы параны талап етуі немесе алуы –»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін пара алу» деген сөздер «заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ескертпелер.
1. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алғаш рет алуы маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды және әкімшілік тәртіппен қудаланады.
2. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алғаш рет талап етуі маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды және тәртiптiк ретпен қудаланады.
3. Егер параны талап еткен адам параны талап еткені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
«367-бап. Параны ұсыну, уәде ету немесе беру
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға не шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына пара берушiнiң не оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін жеке өзiне немесе делдал арқылы параны ұсыну, уәде ету немесе беру –»;
«Ескертпелер.
1. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде аталған адамға бұрын жасаған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретiнде алғаш рет беру маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды және әкімшілік тәртіппен қудаланады.
2. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде аталған адамға бұрын жасаған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретiнде ұсыну немесе уәде ету маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды.
3. Егер параны ұсынған, уәде еткен немесе берген адамға қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде аталған адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам параны ұсынғаны, уәде еткені немесе бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;
«417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату
1. Заңсыз сыйақы алуға арандату, яғни мемлекеттік органның не мемлекеттік ұйымның не квазимемлекеттік сектор субъектісінің мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген адам болып саналмайтын жұмыскеріне, сол сияқты мемлекеттік емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскеріне қылмыстық құқық бұзушылық жасау дәлелдемелерін қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келісімінсіз мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы беруге әрекет ету –
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамға қатысты жасалған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекет –
алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Пара алуға арандату, яғни осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға не оған теңестiрiлген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына қатысты жасалған іс-әрекет –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
1) 60-баптың бірінші бөлігіндегі «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі» деген сөздер алып тасталсын;
«186 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 218-1 (төртінші бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында),» деген сөздермен толықтырылсын;
«360, 375,» деген цифрлар «307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 360, 361, 362 (төртiншi бөлiгінің 3) және 4) тармақтарында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 375,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақтың 3-тармақшасы тоғызыншы абзацының қолданысы 2026 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрады, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабы 3-тармағының редакциясында қолданылады
«5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149 (екінші және үшінші бөліктерінде), 174, 182, 247 (үшінші бөлігінде), 247-1 (үшінші бөлігінде), 255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 287 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 297-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 362 (бірінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 370-1, 370-2 (екінші және үшiншi бөлiктерiнде), 371, 388-1, 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 413, 414 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 415, 416 (екiншi, үшінші, төртіншi және бесінші бөлiктерiнде), 418, 437 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (төртінші бөлігінде), 442 (төртінші бөлігінде), 444, 450, 451, 452, 452-1, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 412, 412-1 және 433-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша осы органның қызметкерi болып саналмайтын адамға қатысты алдын ала тергеп-тексеруді сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргiзедi.»;
жетінші бөліктегі «258-бабында» деген сөздер «218 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 218-1 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде, төртінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 258, 262, 263, 264, 265, 266, 416 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 417, 419 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 420, 421, 422, 423, 424, 425, 432, 434, 435-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшасының екінші абзацы осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) тармақшасының төртінші абзацы осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
он алтыншы бөлік «247 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде),» деген сөздерден кейін «247-1 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
19-1 және 19-2-бөліктердегі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» деген сөздер «ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) 32-баптың бірінші бөлігі «қорғау органдарының қызметкерлерi» деген сөздерден кейін «, осы Кодекстің 676, 677, 680 және 681-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші бөліктің бірінші абзацы «мөлшерде» деген сөзден кейін «не берілген заңсыз материалдық сыйақы сомасына немесе құнына еселенген мөлшерде» деген сөздермен толықтырылсын;
«3. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген, сондай-ақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін айыппұл осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.»;
3)-5) тармақшалары осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші абзацтағы «әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
«Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ол жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды, бірақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;
4) 173-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың» деген сөздер «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1. Уәкілетті мемлекеттік органға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау –»;
6) тармақшасының бірінші-отызыншы абзацтары осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
«676-бап. Жеке тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не көрсетілетін қызметтерді ұсынуы
Жеке тұлғаның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға не оған теңестiрiлген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не көрсетілетін қызметтерді ұсынуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта және осы Кодекстің 677, 678-баптарында шет мемлекеттің лауазымды адамы деп:
1) шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бір лауазымды атқаратын адам;
2) шет мемлекет өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам түсініледі.
2. Осы бапта және осы Кодекстің 677, 678-баптарында халықаралық ұйымның лауазымды адамы деп:
1) халықаралық шарт негізінде мемлекеттер құрған халықаралық ұйымда басшы лауазымды атқаратын және (немесе) халықаралық қызметші болып саналатын адам;
2) осындай халықаралық ұйым өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам түсініледі.
677-бап. Заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді не көрсетілетін қызметтерді алу
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның не лауазымды адамның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының өзі немесе басқа адамдар үшін заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгі) үшiн, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, жеке өзi немесе делдал арқылы осыларды алуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, –
алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
678-бап. Заңды тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы беруі
1. Заңды тұлғаның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына осы заңды тұлғаның немесе оның өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз материалдық сыйақы беруі –
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының отыз еселенген сомасы немесе құны, бірақ кемінде жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, айтарлықтай мөлшерде жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының қырық еселенген сомасы немесе құны мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының елу еселенген сомасы немесе құны мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының алпыс еселенген сомасы немесе құны мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта:
1) заңсыз материалдық сыйақының айлық есептік көрсеткіштің елуден үш мыңға дейінгі мөлшері айтарлықтай мөлшер деп танылады;
2) заңсыз материалдық сыйақының айлық есептік көрсеткіштің үш мыңнан асатын және он мыңға дейінгі мөлшері ірі мөлшер деп танылады;
3) заңсыз материалдық сыйақының айлық есептік көрсеткіштің он мыңнан асатын мөлшері аса ірі мөлшер деп танылады.
2. Заңды тұлға, егер заңсыз материалдық сыйақыны қорқытып алу орын алса немесе егер осы заңды тұлға құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға заңсыз материалдық сыйақыны бергені туралы өз еркімен хабарласа, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылықтан босатылады.»;
«680-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамау немесе уақтылы қабылдамау
6) тармақшасының отыз бірінші және отыз екінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген, өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы жағдайларын реттеу жөніндегі шараларды қабылдамауы немесе уақтылы қабылдамауы, оның ішінде мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6) тармақшасының отыз үшінші-отыз алтыншы абзацтары осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
2. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның, лауазымды адамның дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өздеріне мәлім болған жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өзі жұмыскері болып саналатын мемлекеттік орган не ұйым не квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізбеуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдардың жоғары тұрған басшыларының, мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылығының, уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы келіп түскен хабар бойынша шаралар қабылдамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6) тармақшасының отыз жетінші абзацы осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Ескертпе. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мүдделер қақтығысы туралы хабардар етілген немесе қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдеме жасалған жағдайда, осы бөлікте аталған адамдар осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттері үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
7) 747-баптың алтыншы бөлігіндегі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі органдары» деген сөздер «ұлттық қауіпсіздік органдары және экономикалық тергеп-тексеру қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«30)» деген цифрлар «30-1)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері» деген сөздер тиісінше «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның», «ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 790-баптың үшінші бөлігіндегі «органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «, ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680, 681-баптары» деген сөздер «677, 680-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 681-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің әскери полициясы органдарының – арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстiң 590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші және 4-1 бөлiктерi), 598 (екінші бөлігі), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 608, 610, 611 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, 434, 434-2, 652, 667, 676, 677, 680-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506-бабы бойынша өзге де адамдарға қатысты, 681-бабы бойынша әскери бөлімдердің лауазымды адамдарына қатысты, 676, 677, 680-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, 681-бабы бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының лауазымды адамдарына қатысты;»;
6) тармақшадағы «677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680, 681-баптары» деген сөздер «677, 680-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 681-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 439, 661, 679, 680, 681-баптар);»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін 3-тармақтың 10) тармақшасының тоғызыншы абзацы осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
«30-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 439, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678 және 680 (екінші және үшінші бөліктері)-баптар);»;
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы – он бесінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының бірінші – отызыншы, отыз үшінші – отыз алтыншы абзацтарын;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші – бесінші, он алтыншы – он тоғызыншы абзацтарын, 2), 4) – 9) тармақшаларын, 2-тармағы 3) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 6) тармақшасының отыз бірінші, отыз екінші және отыз жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 10) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«30-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 439, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677 және 678-баптар);».
3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы тоғызыншы абзацының қолданысы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149 (екінші және үшінші бөліктерінде), 174, 182, 255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 287 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 297-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 362 (бірінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 370-1, 370-2 (екінші және үшінші бөліктерінде), 371, 388-1, 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 413, 414 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 415, 416 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 437 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (төртінші бөлігінде), 442 (төртінші бөлігінде), 444, 450, 451, 452, 452-1, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |