1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
| Продукты: |
|
| Тип документа: |
|
Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 маусымдағы № 320-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
193-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «байланыс желілері;» деген сөздерден кейін «деректерді өңдеу орталықтары;» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 44-1-баптың 8-тармағының оныншы бөлігі «Бұл ретте» деген сөздерден кейін «биіктігі отыз метрге дейінгі байланыс құрылысжайларын (ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды, тіреуіштерді және бірлесіп пайдалану тіреуіштерін) салу мақсатында байланыс мұқтажы үшін жер учаскелерін беру жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 44-2-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Тұрғындарының» деген сөз «Биіктігі отыз метрге дейінгі байланыс құрылысжайларын (ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды, тіреуіштерді және бірлесіп пайдалану тіреуіштерін) салу мақсатында байланыс мұқтажы үшін жер учаскелерін беру жағдайларын қоспағанда, тұрғындарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 52-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың 1-тармағының ережелері «Байқоңыр» кешенінің мемлекеттік жер пайдаланушыларға бекітіп берілген ғимараттарына (құрылыстарына, құрылысжайларына), магистральдық құбыржолдардың желілік бөліктеріне меншік құқығына, инвесторлар есебінен салынған өндірістік ғимараттарға (құрылыстарға, құрылысжайларға) меншік құқығына, осы Кодексте көзделген жағдайларда жер учаскесі меншік иесінің келісімімен басқа тұлғаға меншік құқығында тиесілі жер учаскелеріндегі ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларға және (немесе) тіреуіштерге қолданылмайды.»;
4) 122-баптың 3-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері «электр беру желілерін» деген сөздерден кейін «, байланыс желілерін» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
282-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «мониторингтеу тәртібін айқындайды.» деген сөздер «мониторингтеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру шеңберінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның Ұлттық палатамен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.».
4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
43-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізілуіне» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені» деген сөздер алып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағының 7-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-3) байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына, байланыс желілеріне арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін олардың өтініші бойынша электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды береді;»;
2) 31-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына, байланыс желілеріне арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін олардың өтініші бойынша электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды береді;».
6. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 29-1-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын өткізу кезінде сатушы тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжаттарда өткізілетін ұялы байланыс абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодтарын көрсетуге міндетті.
Сатушы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын өткізгенге дейін ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқоры арқылы өткізілетін ұялы байланыс абоненттік құрылғысының тиісті сәйкестендіру кодтарын шектеулердің немесе бұғаттаудың бар-жоғы тұрғысынан тексеруге міндетті.
Электрондық сауда алаңдарының иеленушілері сатушы мен электрондық сауда алаңы арасында жасалатын шарттарға сатушылардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын сату алдында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорында шектеулердің немесе бұғаттаудың бар-жоғы тұрғысынан тексеру міндетін қосады.»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау мәртебесін тексеру үшін сатып алушыға осы ұялы байланыс абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын беруге;»;
3) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын:
«4-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен верификациялаудан өтпеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын;».
7. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) абоненттік құрылғыларды басқару пульті – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік құрылғыларды сәйкестендіру, іске қосу, жұмысын шектеу немесе тоқтату үшін байланыс операторының олармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;
4-2) абоненттік нөмірді көшіру – абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет;
4-3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры – абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;
4-4) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы – абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және оның ресурстарына қолжетімділік беретін ұйым;»;
мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын:
«4-5) киберқауіпсіздікті куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын шығаратын заңды тұлға;»;
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) арнаулы жөнелтілімдер – мемлекеттік құпиялар не мемлекеттік органдардың таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыштары (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, жіберілімдер, метиздер;
7) арнаулы пошта байланысы қызметі арналары – арнаулы жөнелтілімдерді жөнелтуге пайдаланылатын пошта желілерінің, арнаулы пошта байланысы қызметі бөлімшелерінің жиынтығы;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болады;»;
22-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22-2) генерацияланған автоматты шақырулар – минутына оннан астам қосылысты орнату жөніндегі автоматтандырылған қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 22-3) тармақшамен толықтырылсын: