• Мое избранное
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 маусымдағы № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39051 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 53-бабының 2-тармағына және 54-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы Р. Исакулов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 321 бұйрығына
1-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.
2. Осы Қағидаларда Кодексте айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым қолданылады:
1) авторлық сүйемелдеу – құрылыс жобасы авторының (авторларының) құрылыс сатысын сүйемелдеуді жүзеге асыруы, оның ішінде оған өзгерістер енгізу жөніндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі инжинирингтік көрсетілетін қызмет;
2) жобалау құжаттамасы – жобалау барысында жасалатын мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы, ол мыналарды қамтиды:
абаттандыру және көгалдандыру жобалары. Абаттандыру және көгалдандыру жобалары құрылыс жобасының құрамында болуы мүмкін;
қала құрылысы жобалары – аумақтар мен елді мекендерді немесе олардың бөліктерін ұйымдастыруды, дамытуды және оларда құрылыс салуды кешенді қала құрылысына жоспарлау шешімдерін қамтитын жобалар (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың өңіраралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары (елді мекендерді дамыту және оларда құрылыс салу схемалары), егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары);
құрылыс жобасы – осы Кодекстің тиісті талаптарын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру үшін сметалық есеп-қисаптарды қамтитын жобалау-сметалық құжаттама. Құрылыс жобаларына құрылыс объектілерін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;
сәулет жобасы – жобалауына сәулетшінің қатысуы қажет болатын құрылыс объектісін (монументті) тұрғызу жобасы;
3) қазынашылық сүйемелдеу - қазынашылық органындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде құрылыс объектілерімен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын, жобаның барлық қатысушыларымен - мердігерлермен, қосалқы мердігерлермен салықтарды толығымен төлеуді қамтамасыз етуін бақылау;
4) техникалық қадағалау – орындалған жұмыстардың сапасын, құнын, қабылдап алынуын және құрылыс объектілерінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, құрылыс жобасын іске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызмет;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті сертификаты бар маманды (жұмыскерді) (бұдан әрі – маманды) не өзінің құрамында сертификатталған мамандары бар ұйымды (бұдан әрі – ұйым) тартқан кезде осы Қағидаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарын басшылыққа алады.
4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы техникалық қадағалауды «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар жүзеге асырады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компания құрылыс барысына және үлескерлер ақшасының мақсатына қарай пайдалануына мониторингті, жобалау құны шеңберінде орындалған жұмыс көлемін тексеруді жүзеге асырады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компанияның басшылары, сертификатталған мамандар және ақшаның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын мамандар құрылыс жобасы бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету үшін Бірыңғай оператордың, құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, осы құрылыс жобасы мердігерінің (бас мердігерінің) басшыларына қатысты үлестес болмауға тиіс.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компания мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) тапсырыс берушілердің көрсетілген инжинирингтік қызметтер туралы кемінде үш пікірін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға берілген құрылыс объектілері бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәжірибесінің болуы;
2) өз құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға құқығы бар кемінде үш сертификатталған мамандардың болуы;
3) штатында ақшаның мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшін маманның (мамандардың) болуы.
5. Ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен жағдайда, ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін техникалық қадағалау, авторлық сүйемелдеу және жобаны басқару үшін өзі құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ ұйымның атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады.
6. Ұйым тапсырыс берушіге тікелей инжинирингтік қызметтер көрсететін мамандардың тізімін, олардың-міндеттері мен өкілеттіктерін жазбаша түрде ұсынады.
7. Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша жобаны техникалық қадағалауды, авторлық сүйемелдеуді және басқаруды жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген) «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін цифрлық жүйелерде тіркеледі және атқарушылық құжаттаманы жүргізеді.
2-Тарау. Инжинирингтік қызметті ұйымдастыру
1-Параграф. Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
8. Мыналар:
1) жүйелі бақылауды және құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталған кезеңдерін пайдалануға қабылдау мақсатында өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін;
2) ғимараттар мен құрылыстардың жобалау шешімдеріне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкестігі үшін;
3) қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың сапасы үшін;
4) белгіленген тәртіппен және шартта (келісімшартта) айқындалған мерзімдерде объектілерді салуды жүзеге асыруға және пайдалануға беру үшін техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
9. Инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі мамандарды (ұйымдарды) тарта отырып, техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші «Жұмыс жүргізуге» деген сызбадағы белгісі бар жобалау-сметалық құжаттаманың толық жинағының бір данасын техникалық қадағалауға береді.
10. Техникалық қадағалауды жүзеге асырған кезде жалпы техникалық қадағалаудың басшысы тапсырыс берушіге, ал техникалық қадағалау маманы жұмыстардың арнайы түрлері бойынша – жалпы техникалық қадағалау басшысына есеп береді.
11. Техникалық қадағалау авторлық сүйемелдеу мамандарымен, мердігерлік қызметтің құрылыстың сапасын өндірістік бақылау жұмыскерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау мамандарымен бірге жүзеге асырылады.
12. Техникалық қадағалау жөніндегі маманы:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10483 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларына, Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 284-І бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2989 болып тіркелген) Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережеге сәйкес байланыс және электр беру желілерінің күзетілетін аймақтарда, темір жолға және автомобиль жоларына бөлінген белдеулерде жұмыс жүргізуге жазбаша рұқсатының болуын тексереді;
2) құрылыстың күнтізбелік жоспарын сақтауға және объектілерді пайдалануға берудің нормативтік мерзімдерінің немесе мердігерлік шартта белгіленген мерзімдердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;