БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

«Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 241- н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 маусымда № 39097 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларында:
«122. Субъектілер Заңның 15-10-бабының 2-тармағына сәйкес ЭЭТН ЕАО-мен жасалған теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату қолданыстағы шартына бір мезгілде тиісті өзгерістер енгізе отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және бір күнтізбелік айдан кем емес жарамдылық мерзімімен жасалатын жауапкершілікті беру шарты бойынша теңгерімдеудің бір аймағы шеңберінде теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті бір теңгерім провайдеріне беруге құқылы.
Өз құрамында электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен (қаржы-есеп айырысу орталығымен) электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақмерзімді шарттары жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері бар субъектілер осындай объектілер бойынша теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға береді.
Жауапкершілікті беру шарты жасалған, өзгертілген немесе тоқтатқан кезде ЭЭТН ЕАО-мен жасалған теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартына өзгерістер енгізу субъект ЭЭТН ЕАО-ға жүгінген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүргізіледі.
Бұл ретте теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті теңгерім провайдеріне тапсырушы субъект жауапкершілікті беру шартын жасасу, өзгерту немесе тоқтату жөніндегі хабарламамен ЭЭТН ЕАО-ға айдың 20-күнінен кешіктірмей өтініш білдіреді.
Теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті теңгерім провайдеріне берген субъект осы теңгерім провайдерінің 2026 жылғы мамыр айынан бастап есеп айырысу кезеңдері үшін өзара есептесу тізілімдері негізінде туындаған ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін субсидиарлық жауаптылықта болады. Бұл ереже электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті берген субъектілерге қолданылмайды.
Мыналар теңгерім провайдері болып табылмайды:
1) атаулы қолдау алушылар;
2) инвестициялық тарифті алушылар;
3) үкіметаралық тарифті алушылар;
4) энергия беруші ұйымдар;
5) құрамында энергия өндіруші ұйымдары бар өнеркәсіптік кешендер;
6) энергия өндіруші ұйымдар.
Теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті теңгерім провайдеріне беруге құқылы емес:
1) атаулы қолдау алушылар;
2) инвестициялық тарифті алушылар;
3) үкіметаралық тарифті алушылар;
4) энергия беруші ұйымдар;
5) құрамында энергия өндіруші ұйымдары бар өнеркәсіптік кешендер;
6) энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда:
әрбір энергия блогының белгіленген қуаты 500 МВт және одан жоғары тек қатты отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;
гибридті топтарды және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды жүзеге асыратын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарттары бар энергия өндіруші ұйымдар.
Гибридті топтар және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, екі және одан да көп энергия өндіруші ұйым, оның ішінде өнеркәсіптік кешен болып табылатын электр энергиясын өндіру-тұтынудың өзіндік теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті бір теңгерім провайдеріне бермейді.»;
«124. Теңгерім провайдері теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті теңгерім провайдеріне берген субъектінің осы Қағидаларға сәйкес жауапкершілігіне әкеп соғатын міндеттемелерді орындамаған жағдайларды қоспағанда, теңгерім провайдерімен жауапкершілік беру шартын жасасқан субъектілер осы шарттың қолданылуы барысында теңгерімсіздіктерге жол берген кезде ЭЭТН ЕАО-мен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату бойынша тиісті операцияларды жүзеге асырмайды.
Теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі операцияларды, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруды осы сағат ішінде субъектінің теңгерімдеу аймағында тәулік ішінде жасаған реттеуші теңгерімсіздіктер үшін өзара есеп айырысуларды жүзеге асырудан басқа, субъектінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті қабылдаған теңгерім провайдері жүзеге асырады.»;
«Теңгерімдеу аймағындағы теңгерімсіздік провайдерінің тәулік сағатындағы теңгерімсіздігі теңгерім провайдерімен жауапкершілік беру шартын жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының барлық субъектілері берілген сағат үшін теңгерімсіздік аймағында жіберілген теңгерімсіздік мөлшеріне арттырылған теңгерімсіздік сомасы ретінде айқындалады (бұдан әрі – алгебралық қосынды).
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы үшін теңгерімсіздіктердің алгебралық сомасы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар мен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін бөлек айқындалады.
Теңгерім провайдерлеріне (электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және гибридті топтарды қоспағанда) субъектілердің теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерін сатып алу-сату бойынша жауапкершілігі бір есептік кезең үшін жиынтық көлемі 750 (жеті жүз елу) миллион киловатт-сағат оң теңгерімсіздіктерден аспайтын мөлшерде (бұдан әрі – Шек) беріледі.
Шек теңгерім провайдерлері арасында есептік ай қорытындылары бойынша субъектілердің теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату бойынша жауапкершілікті теңгерім провайдеріне берген оң теңгерімсіздіктер көлемдеріне байланысты пропорционалды түрде бөлінеді.
Теңгерім провайдеріне бөлінген Шек көлемі есептік кезеңнің бірінші сағатынан бастап және одан әрі әрбір есептік сағат бойынша осы теңгерім провайдеріне берген оң теңгерімсіздіктер көлеміне азайтылып отырады.
Теңгерім провайдеріне субъектілердің берген оң теңгерімсіздіктері бойынша бөлінген Шек көлеміне қол жеткізілген не одан асқан кезде тиісті есептік сағаттан бастап теңгерім провайдеріне теңгерімсіздіктерді беру жүзеге асырылмайды және теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату бойынша жауапкершілікті теңгерім провайдеріне берген субъектілер теңгерімдеуші нарықта өз бетінше жауаптылықта болады.»;
«129. Осы Қағидаларда көзделген тәртіппен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті берген теңгерім провайдерлері мен субъектілер мынадай жағдайларда ЭЭТН ЕАО қалыптастыратын провайдерлер тізбесіне енгізіледі:
1) теңгерім провайдерімен субъектінің жауапкершілігін берудің қол қойылған шарты болған кезде;
2) осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын теңгерім провайдерінің кепілдік жарнасы сомасының толық мөлшері болған кезде;
3) осы Қағидалардың 122-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келген кезде;
4) жауапкершілікті беру шарты негізінде теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартына қол қойылған қосымша келісім болған кезде.
ЭЭТН ЕАО теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті осы Қағидалардың осы тармағының шарттарымен берген теңгерім провайдерлері мен субъектілерінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, ЭЭТН ЕАО провайдерлер тізбесінен алып тастауды жүзеге асырады.
Провайдерлер тізбесінен алып тастау осы Қағидалардың 130-6-тармағына сәйкес жағдайларды қоспағанда, субъект мен теңгерім провайдеріне алып тастаудың болжамды күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жіберілген ЭЭТН ЕАО хабарламасының негізінде жүзеге асырылады.
ЭЭТН ЕАО ай сайын өзінің интернет-ресурсында провайдерлердің тізбесін өзектілендіреді және жариялайды.
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шарты бар, электр энергиясын өндіру-тұтынудың өз теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті теңгерім провайдеріне берген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар төмендетіп немесе жоғарылатып реттеуге қатысуға өтінімдер бермейді.»;
мынадай мазмұндағы 130-1, 103-2, 130-3, 130-4, 130-5, 130-6, 130-7, 130-8, 130-9, 130-10 және 130-11-тармақтармен толықтырылсын:
«130-1. Теңгерім провайдері (электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда) ЭЭТН ЕАО-ның есеп айырысу шотына ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарнаны енгізу арқылы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өзінің қаржылық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Кепілдік жарна ретінде берілетін ақшалай қаражат үшінші тұлғалардың, мемлекеттік органдардың құқықтары мен талаптарынан бос болуға тиіс, сондай-ақ теңгерім провайдерінің өзге міндеттемелері бойынша кепіл нысанасы бола алмайды.
Кепілдік жарнаны ЭЭТН ЕАО тек қана теңгерім провайдерінің қосымша акцептісіз кредиторлардың пайдасына ақша қаражатын есептен шығару арқылы өзара есеп айырысу тізілімі негізінде туындаған алдыңғы есептік айдағы кредиторлар алдындағы теңгерім провайдерінің мерзімі өткен берешегін өтеу үшін пайдаланады.
Кепілдік жарна субъектінің теңгерім провайдері ретінде жұмыс істеу кезеңіне орналастырылады және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығында түпкілікті өзара есеп айырысулар аяқталғаннан және теңгерім провайдері ретінде қызметі тоқтатылған жағдайда теңгерім провайдерінің мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растағаннан кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірілмей қайтарылуға жатады.
Кепілдік жарнаның мөлшері теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемін және сағаттық теңгерімсіздікті есептеу негізінде есептік айдағы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы теңгерім провайдерінің жиынтық шығындарына сүйене отырып айқындалады.
Әрбір есептік ай өткеннен кейін ЭЭТН ЕАО 45 күнтізбелік (қырық бес) күн ішінде теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және сағаттық теңгерімсіздіктердің есептері негізінде аяқталған айдағы теңгерім провайдерінің жиынтық шығындары негізінде кепілдік жарнаның мөлшерін қайта қарауды жүргізеді.»;
«130-2. Қайта қарау нәтижелері бойынша кепілдік жарнаның мөлшері өзгерген кезде теңгерім провайдері кепілдік жарнаның қосымша сомасын енгізеді не ЭЭТН ЕАО қолда бар және кепілдік жарнаның қажетті мөлшері арасындағы айырма мөлшерінде артық енгізілген соманы қайтаруды жүзеге асырады.
Қосымша кепілдік жарнаны теңгерім провайдері ЭЭТН ЕАО кепілдік жарнаның қосымша сомасын енгізу қажеттігі туралы хабарлаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізеді.
Кепілдік жарнаның артық сомасын қайтаруды ЭЭТН ЕАО қайта қарау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
«130-3. Кепілдік жарна тек тенгерім провайдерінің мерзімі өткен қаржылық міндеттемелерінің негізгі сомасын өтеу үшін пайдаланылады.
Өсімпұлдар, айыппұлдар және өзге де санкциялар сомаларын теңгерім провайдері дербес төлеуге тиіс және кепілдік жарна есебінен жабылмайды.»;
«130-4. Теңгерім провайдері осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мерзімі өткен қаржылық міндеттемелерді өтеу мақсатында кепілдік жарна қаражатын пайдалануға ЭЭТН ЕАО-ға кері қайтарып алынбайтын келісім береді, сондай-ақ берешекті түзетуді растайтын бастапқы құжатқа және өзара есеп айырысу актісіне қол қоюды қамтамасыз етеді.»;
«130-5. ЭЭТН ЕАО кепілдік жарна сомасын мерзімі өткен қаржылық міндеттемелерді өтеуге толық немесе ішінара пайдаланған жағдайда, теңгерім провайдері ЭЭТН ЕАО-дан хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мөлшерін белгіленген деңгейге дейін қалпына келтіруге міндетті.»;
«130-6. Кепілдік жарна енгізілмеген не уақтылы енгізілмеген жағдайда, ЭЭТН ЕАО жауапкершілікті беру шарттарының негізінде жасалған теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартына өзгерістер енгізу туралы қосымша келісімдерді біржақты тәртіппен бұзу арқылы, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы өзара есепке алу тізілімі соңғы рет жарияланған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап теңгерім провайдерінің электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы қызметін тоқтатады.
Бұл ретте ЭЭТН ЕАО кейінгі кезеңдерге жауапкершілікті беру шартына байланысты теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартына өзгерістер енгізу туралы қосымша келісімдерді жасасудан және мерзімін ұзартудан бас тартады.»;
«130-7. Теңгерім провайдері өзара есепке алу тізілімі ЭЭТН ЕАО-ның ресми интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде берешекті төлеу бойынша қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мұндай берешек теңгерім провайдерінің кредитор-субъектісінің ЭЭТН ЕАО-ның атына міндеттеме орындалуға тиіс болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жолданған өтініші негізінде мерзімі өткен берешек деп танылады, бұған ЭЭТН ЕАО кепілдік жарнаны теңгерім провайдерінің мерзімі өткен қаржылық берешектерін өтеу мақсатында пайдаланғанға дейін, өзара есепке алу тізіліміне сәйкес теңгерім провайдерінің кредитор-субъектілер алдындағы берешегін өтеу туралы тараптар арасында қол қойылған келісімдерді теңгерім провайдері ЭЭТН ЕАО-ға ұсынған жағдайлар кірмейді.
ЭЭТН ЕАО теңгерім провайдеріне мерзімі өткен берешектің бар екендігі және теңгерім провайдерінің орындалмаған қаржылық міндеттемелерінің негізгі сомасын өтеу үшін кепілдік жарнаны толық немесе ішінара пайдалану және осы Қағидалардың 130-5-тармағында белгіленген мерзім ішінде кепілдік жарна мөлшерін белгіленген деңгейге дейін қалпына келтіру қажеттілігі туралы хабарлайды.
Осы тармақта көзделген мерзімнен кеш жолданған теңгерім провайдерінің міндеттемелерді орындамауы туралы кредитор-субъектілердің ЭЭТН ЕАО атына жолданған өтініштерін ЭЭТН ЕАО қарамайды.»;
«130-8. Кепілдік жарна мөлшері қаржылық міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай міндеттемелердің өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алуға жатады.»;
«130-9. Кепілдік жарна қаражатын теңгерім провайдері міндеттемелерді орындамаған жағдайда кредиторлар арасында бөлу өзара есепке алу тізіліміне сәйкес расталған міндеттемелердің мөлшеріне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.»;
«130-10. ЭЭТН ЕАО теңгерім провайдері кепілдік жарна ретінде енгізген сомаға қандай да бір түрде сыйақы есептемейді және төлемейді.»;
«130-11. Теңгерім провайдері теңгерімдеуші электр энергиясы нарығында теңгерім провайдері ретінде қызметін тоқтату туралы ЭЭТН ЕАО-ны болжанатын қызметті тоқтату күнінен кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын хабардар етеді.»;
«22-1. Теңгерімдеуші нарық субъектісі осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкессіздіктер мен бұзушылықтардыанықтаған кезде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерім провайдерімен жасалған жауапкершілікті беру шарттарының негізінде жасалған осы Шартқа қосымша келісімдерді біржақты тәртіппен бұзады, бұл туралы ЭЭТН ЕАО теңгерімдеуші нарық субъектісін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында ресми орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Е. Аккенженов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |