1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 321-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
820-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарына қолданылмайды.».
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
143-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сотталғандарға мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқуға рұқсат етіледі.».
3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 87-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдардың шығармашылық демалысы.»;
2) 2-бөлімнің 12-тарауы мынадай мазмұндағы 146-2-баппен толықтырылсын:
«146-2-бап. Ғылыми қызметкерлердің еңбегін реттеу
Ғылыми қызметкерлердің еңбегі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, осы Кодекспен реттеледі.».
4. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
94) тармақшадағы «уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«200) өндірушінің бағасы – көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағасын реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесіне енгізілген дәрілік заттардың шекті көтерме және бөлшек сауда бағаларын есептеу үшін базалық баға болатын, дәрілік заттың сауда атауына өндіруші беретін баға, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді беру шарттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, тірі организмнен тыс (in vitro) диагностикалауға арналған медициналық бұйымдардың бағасы;»;
мынадай мазмұндағы 220-1) тармақшамен толықтырылсын:
«220-1) референс-орталық – мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ патологоанатомиялық диагностикалау кезінде үйлестіруді, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, сапаны және қауіпсіздікті сырттай бағалау жүйесін ендіруді үйлестіретін, қамтамасыз ететін мемлекеттік медициналық ұйымдардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдардың уәкілетті орган айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;»;
2) 7-бапта:
15), 47) және 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекітеді;»;
«47) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;»;
«50) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін және бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 104-5) тармақшамен толықтырылсын:
«104-5) дәрілік заттарға немесе медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу, оларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу мен тіркеу, өндірушінің бағасына өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын бекітеді;»;
3) 23-бапта:
3-тармақтағы «уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган» деген сөздер «дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға сараптама жүргізу – дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеудің, қайта тіркеудің, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізудің міндетті шарты.»;
5-тармақтағы «Тізбесін уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздер «Тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Дәрілік заттарға немесе медициналық бұйымдарға сараптама жүргізуге, оларды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістерді енгізу мен тіркеуге, өндірушінің бағасына өзгерістер енгізуге өтінішті композиттік қызмет көрсету шеңберінде өтініш беруші немесе дәрілік затты немесе медициналық бұйымды өндіруші немесе олардың сенім білдірілген тұлғалары береді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Композиттік көрсетілетін қызмет деп дәрілік заттарға немесе медициналық бұйымдарға сараптама жүргізуге, оларды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістерді енгізу мен тіркеуге, өндірушінің бағасына өзгерістер енгізуге, сондай-ақ Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыруға байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жиынтықты түрде немесе жеке-жеке көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер кешені түсініледі.»;
10-тармақта:
екінші бөліктегі «тәртібін уәкілетті орган айқындайды» деген сөздер «тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Дәрілік затқа сараптама жүргізудің жеделдетілген рәсімі:
дәрілік затты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп тіркеу рәсімі жүргізілген;
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрілік затты терең саралаудан өткізу рәсімін жүргізген;
дәрілік затты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айқындайтын қатаң реттеу жүйесі бар реттеуші органдар тіркеген жағдайларда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Медициналық бұйымдарды сараптаудың жеделдетілген рәсімі Еуропалық Одақтағы Еуропалық комиссияның реттеуші органдарының (CE marking) немесе Медициналық бұйымдарды реттеушілердің халықаралық форумы (ІMDRF) басшылық комитетінің мүшелері болатын реттеуші органдардың сертификаттары бар немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы терең саралаудан өткізген медициналық бұйымдарға қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
Дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға жеделдетілген сараптама жүргізу кезінде олардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне қойылатын талаптар төмендетілмейді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытынды берілген және құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, өтініш берушіге дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуден бас тартылады.»;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |