1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 324-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 97-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін құруды (әзірлеуді), дамытуды, сүйемелдеуді, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық және консультациялық сүйемелдеуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.»;
2) 105-баптың 1-тармағының 8-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-3) өнеркәсіптік кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;»;
3) 283-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «ескеріле отырып» деген сөздерден кейін «, ал өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері үшін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау да ескеріле отырып» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 386-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы:
«сәйкес» деген сөзден кейін «кәдеге жарату төлеміне» деген сөздермен толықтырылсын;
«шотына» деген сөзден кейін «берілген өтінім негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «Осы баптың» деген сөздер «Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, осы баптың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 388-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен шарт жасасқан өндірушілердің кәдеге жарату төлемін енгізу жөніндегі міндеттемелері қарсы талаптар болған кезде есепке жатқызу арқылы тоқтатылады.»;
2) 389-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) артық және (немесе) қате төленген сомалар фактілері расталған жағдайда, артық және (немесе) қате төленген сомаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы белгілеген тәртіппен өндірушілердің (импорттаушылардың) жолданымдары алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өндірушілердің (импорттаушылардың) жолданымдары негізінде қайтару.
Кәдеге жарату төлемінің барлық асып кеткен сомасы қайтарылуға тиіс;»;
3) 2-қосымшаның 2-бөлімі мынадай мазмұндағы 7.19-тармақпен толықтырылсын:
«7.19. катафорез технологиясы бойынша лак-бояу материалдарын жағу.».
3. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-2-баппен толықтырылсын:
«2-2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы көлігінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық қызметінің негіздерін айқындау.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен жүргізу;
2) экономика мен халықтың тасымалдарға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарына және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
3) көлік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) тасымалдаудың бүкіл кезеңінде жүктердің, багаждың және пошта жөнелтілімдерінің сақталуы;
5) Қазақстан Республикасының көлік кешенінің жұмысын үйлестіру және қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыру;
6) қатынас жолдарын техникалық жабуды ұйымдастыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану;
3) тасымалдардың қауіпсіздігі және техникалық талаптар мен пайдалану талаптарының сақталуы;
4) көлік қатынастарына барлық қатысушының теңдігі;
5) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.»;
3) 6-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.
4. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
екінші абзац «қызметтің түрі» деген сөздерден кейін «(жеке тұлғалар лизинг алушылар болып саналатын жағдайларды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) лизингтің бүкіл мерзімі ішіндегі лизинг төлемдерінің ағымдағы (дисконтталған) құны берілетін лизинг нысанасы құнының тоқсан пайызынан асады.
Жеке тұлғалармен лизингті және лизинг мәмілелерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді;»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жеке тұлғаларға арналған лизинг – инвестициялық қызметпен байланысты емес қаржы лизингінің бір түрі, бұл ретте лизинг алушы болып лизинг нысанасын жеке пайдалану немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін сатып алатын жеке тұлға әрекет етеді.»;
3) 4-бапта:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |