1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 322-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
44-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Автогаз құю станцияларын салу үшін жер учаскесін беру және оның нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 124-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағасы Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес, коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалады.»;
3-тармақ «бағаларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бекітілген тұтыну нормаларын асырып жіберген жағдайда, тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалған бағасын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 124-5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі желілеріне қосылмаған көппәтерлі тұрғын үй үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;»;
3) 124-8-бап:
1) тармақшаның жетінші абзацы «тауарлық газды» деген сөздерден кейін «, сұйытылған мұнай газын» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1) тармақшаның екінші абзацы «тауарлық газды» деген сөздерден кейін «, сұйытылған мұнай газын» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне:
120-бап мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Автогаз құю станцияларын салу Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2-7) тармақша «арналған аукциондық сауда-саттыққа» деген сөздерден кейін «немесе жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттыққа» деген сөздермен толықтырылсын;
2-8) тармақша:
«арналған аукциондық сауда-саттықты» деген сөздерден кейін «және жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттықты» деген сөздермен толықтырылсын;
«тәртіппен аукциондық сауда-саттықты» деген сөздерден кейін «және жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттықты» деген сөздермен толықтырылсын;
2-16) және 2-17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-16) гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – өзін-өзі өтеушілік кезеңінде тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды, инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын, электр энергиясын өндіруге арналған шығындарды, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалану әзірлігін ұстап тұруға арналған шығындарды қамтитын, осы Заңда көзделген тәртіппен индекстеуге және түзетуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған немесе техникалық-экономикалық негіздеме негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тариф;
2-17) гидроаккумуляциялайтын электр станциясы – электр энергиясын жинақтауды және өндіруді жүзеге асыратын су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар кешені және жабдығы бар гидроэлектр станциясы;»;
мынадай мазмұндағы 2-18), 2-19) және 2-20) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-18) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын, автоматтандырылған диспетчерлік және технологиялық басқару жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау мен басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қабылдауды талап ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өңдеуге арналған процесс;
2-19) жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – жобалық аукциондық сауда-саттық) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы цифрлық жүйеде аукцион негізінде ұйымдастыратын және өткізетін, гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және олардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;
2-20) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып жыл сайынғы индекстеуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;»;
22) тармақшадағы «энергия өндіруші ұйыммен және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
48) тармақшадағы «шарттар» деген сөз «электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, шарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бапта:
70-34) тармақшадағы «Тізілімге» деген сөз «Тұлғалар топтарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 70-56) тармақшамен толықтырылсын:
«70-56) электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеп, бекітеді;»;
3) 6-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жоспардан тыс» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ 5) тармақшасындағы «жүргізуіне жүзеге асырады.» деген сөздер «жүргізуіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалуына жүзеге асырады.»;
4) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
1. Энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сай лицензиялануға тиіс.
2. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды осы қызмет түрімен айналысуға арналған лицензиясы бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай біліктілік талаптарына сай келетін ұйымдарға беріледі:
1) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) кем емес электр желілерінің (кәбілдік немесе әуедегі электр беру желілерінің) болуы;
2) коммуналдық меншіктегі және қызметін бір мезгілде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, тікелей, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушының болуы.
3. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді, тоқтата тұруды, оның қолданысын қайта бастауды, кері қайтарып алуды уәкілетті орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырады.
Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |