• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 25.08.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII ҚРЗ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
2) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;».
2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
18-бап «ортақ мүлікті бөлуге» деген сөздерден кейін «, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге, білім беруге, тұрғылықты жеріне» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 155-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе оны лицензиясынан айыру туралы даулы құқықтық актісінің қолданысын тоқтата тұру түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға жол берілмейді.»;
2) 156-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның екінші абзацы «әлеуметтік төлемдерге» деген сөздерден кейін «, алименттерге (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаға)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «туралы құқықтық актіні» деген сөздерден кейін «, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе оны лицензиясынан айыру туралы құқықтық актісін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 241-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 252-1-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы «Салық органының» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеумен байланысты әрекеттерді қабылдау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 253-баптың 5-1-бөлігі алып тасталсын.
4. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 107-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «эксаумақтық соттылықты» деген сөздерден кейін «талап қоюды берген кезде бір рет» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 136-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік не жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуға талап қою «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының не оның бөлімінің немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының не жеке сот орындаушысының шешімі алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа беріледі.»;
3) 143-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «шешіміне» деген сөзден кейін «, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 167-2-баптың екінші бөлігі «істі» деген сөзден кейін «сот отырысында талқылауға тағайындалған күнінен бастап» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларына қатысты;»;
2-тармақ «(лауазымды адамға)» деген сөздерден кейін «, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, жеке сот орындаушысына» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі «лауазымды адамы» деген сөздерден кейін «, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, жеке сот орындаушысы» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) аумақтық органның қаулысы – мәжбүрлеп орындатудың қамтамасыз ету шаралары мен өзге де шараларының күшін жою үшін қалыптастырылатын, аумақтық органның уәкілетті адамы қағаз жеткізгіште қол қойған не атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған процестік құжат;»;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі мақсаты мен міндеті
1. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі мақсаты – сот төрелігін іске асыру кезінде қабылданған сот актілерін, өзге органдар мен уәкілетті тұлғалардың актілерін мәжбүрлеп орындату арқылы жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, мемлекет мүдделерін қалпына келтіру.
2. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі міндеті – атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды міндетті түрде және уақтылы қабылдау.»;
3) 10-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік «қаулысымен» деген сөзден кейін «, оның ішінде сот актісінің, прокурордың наразылығының немесе қаулысының негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «немесе прокурордың наразылығының» деген сөздер «, прокурордың наразылығының немесе қаулысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 48-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда сот орындаушысының атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету және мәжбүрлеп орындатудың өзге де шараларын қабылдау жөніндегі қаулысының күші аумақтық органның қаулысымен жойылуы мүмкін.»;
4) 10-1-бапта:
1-тармақтағы «жиырма» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аумақтық органның қаулысы мен оңайлатылған іс жүргізу бойынша шығарылған қаулының сот орындаушысының қаулысымен мəні бірдей болады.»;
5) 11-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген атқарушылық құжаттарды, дереу орындалуға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 470-бабының үшінші бөлігіне немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабы екінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес шығарылған атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін немесе өзге органдар мен уәкілетті тұлғалар осы құжаттарды шығарған, олардан үзінді көшірме берген не оларды берген кезден бастап бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.»;
6) 16-баптың 1-тармағында:
«қатысуға» деген сөзден кейін «, атқарушылық әрекеттердің барысын аудио-, фото- және бейнетіркеп-белгілеу техникалық құралдарын пайдаланып тіркеп-белгілеуге» деген сөздермен толықтырылсын;