• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 431 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Комитетке заңдармен кірістер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осы қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жіберіледі.»;
14-тармақтың 3) тармақшасы орыс тіліндегі мәтінінде өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
14-тармақтың 12) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мемлекеттік бюджетке қатысты және оның есебінен ұлттық және шетелдік валютада (оларды жүзеге асыруға үшінші тұлғаларға өкілеттік беру құқығынсыз), мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуінен түскен ақшаға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олар алатын, мемлекеттік мекемелер үшін, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түскен ақшаға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарымдылық не белгілі бір жағдайлар туындағанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге беретін ақшаларына; квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарын ұлғайту және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға немесе мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына көзделген ақшаға; қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге аударылатын ақшаға; мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыруға арналған бюджет ақшасына; Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасына мынадай банк операцияларын іске асыру;»;
19-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өз орынбасарларының, Комитеттің астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменттері басшыларының және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Комитет басшының орынбасарларын;
Комитет қызметкерлерін;
астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменттер басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»;
20-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы, астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменттері туралы ережелерді бекітеді;»;
20-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменттерінің басшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, сыйақылар беру мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді;».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев