• Мое избранное
«Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 қазандағы № 665/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 12.07.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 қазандағы № 665/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 24 маусымдағы № 350/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 маусымда № 39076 болып тіркелді

1. «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 қазандағы № 665/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35294 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы Д. Мусалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 350/НҚ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндет атқарушы
2024 жылғы 22 қазандағы
№ 665/НҚ бұйрыққа
қосымша
«Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармағына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық оператор – виртуалды оператор байланыс желісінің инфрақұрылымын пайдалану туралы шарт жасасатын ұялы байланыс операторының қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар байланыс операторы;
2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3) виртуалды оператор – ұялы байланыс қызметтерін ұсыну үшін бір немесе бірнеше ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын пайдаланатын байланыс операторы;
4) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
2 тарау. Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру тәртібі
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес баяндалған.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитетімен (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы www.egov.kz, www.elicense.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) осы Қағидалардың 2 немесе 3-қосымшасына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жолдайды.
6. Көрсетілетін қызметті алушының кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жолдайды.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың біліктілік талаптарына және олардың сәйкестігін растайтын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келген және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес рұқсат қалыптастырады. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы жеке кабинетке жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
9. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде автоматты режимде жүргізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
«Ұялы байланыстың виртуалды 
операторына рұқсат беру» 
мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша

«Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік қызметтің атауы

Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру.

2.

Көрсетілетін

қызметті

берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсатты ресімдеу - 7 (жеті) жұмыс күні.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған).

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беріледі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

2) көрсетілетін қызметті беруші -Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.egov.kz/memleket/entities/mdai. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) порталда орналастырылған.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат алу үшін:

осы Қағидалардың 2 немесе 3-қосымшаларына сәйкес өтініш; көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

10.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;

6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар.

1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.

2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.egov.kz/memleket/entities/mdai. интернет-ресурста «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Рұқсаттың қолданылу мерзімі 10 жыл.

«Ұялы байланыстың виртуалды
 операторына рұқсат беру» мемлекеттік
 қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Рұқсат алу үшін жеке тұлғаның өтініші виртуалды ұялы байланыс операторы
  ____________________________________________________________________
  (Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
  ____________________________________________________________________
  (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Виртуалды оператор қызметтерін ұсынуға рұқсат беруіңізді сұраймын
  ____________________________________________________________________\
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
  ____________________________________________________________________
  (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
  Электрондық пошта ___________________________________________________
  Телефондар __________________________________________________________
  Банктік шот __________________________________________________________
  (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
  Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________________________________________
  (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі
  Қоса беріледі _____ парақта.
Осымен расталады:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға рұқсат беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге және рұқсат беру кезінде оларды қорғауға келіседі;
  Жеке тұлға __________________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
  Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________
«Ұялы байланыстың виртуалды 
операторына рұқсат беру» мемлекеттік
 қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Рұқсат алу үшін заңды тұлғаның өтініші виртуалды ұялы байланыс операторы
  ____________________________________________________________________
  (Көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
  ____________________________________________________________________
  (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Қызмет көрсетуге рұқсат беруіңізді сұраймын виртуалды оператор
  ____________________________________________________________________\
Заңды тұлғаның мекенжайы
  ____________________________________________________________________
  (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жай)
  Электрондық пошта ___________________________________________________
  Телефондар __________________________________________________________
  Банктік шот __________________________________________________________
  (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
  Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________
  (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі
  Қоса беріледі _____ парақта.
Осымен расталады:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға рұқсат беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Дербес деректер туралы заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге және рұқсат беру кезінде оларды қорғауға келіседі;
  Басшы ______________________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
  Толтыру күні: 20__ жылғы «__» __________
«Ұялы байланыстың виртуалды
 операторына рұқсат беру» мемлекеттік
 қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша
«Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алуға өтініш берушінің сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесі

р\с

Біліктілік талаптарына мыналар кіреді:

Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескерту

1

2

3

4

1

Ұялы байланыс операторымен (операторларымен) мынадай ақпаратты қамтитын шарт:

1. Байланыс желілерінің инфрақұрылымын пайдалану туралы келісім;

2. Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету үшін аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарды (меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде) пайдалану, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 220/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33007 болып тіркелген) бекітілген байланыс операторларының байланыс абоненттері және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес барлық байланыс желілерінің абоненттері туралы қызметтік ақпаратты екі жыл бойы жинау және сақтау;

3. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген қосылыстардың ұзақтығын өлшеу жүйесі және байланыс операторының деректерді беруді өлшеу жүйесі бар трафикті есепке алу жүйелері, тексеру туралы қолданыстағы сертификат;

4. Виртуалды оператор мен негізгі оператор арасындағы өзара әрекеттесу схемасы.

Шарт

Мәліметтер нысаны

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады

Ескерту:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен құрылған және ЭЦҚ-мен куәландырылған.
«Ұялы байланыстың виртуалды
 операторына рұқсат беру» мемлекеттік
 қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан
  
 Рұқсат Қазақстан Республикасының виртуалды ұялы байланыс операторы № ______
Берілген (заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
БСН (ЖСН)
Ұйым үшін: (радиобайланыс түрі)
Рұқсаттың қолданылу мерзімі: 10 жыл
  Берілген күні: 20___жылғы «____»__________________
  Басшы _________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

Өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі


 

Негізі


 

Қосымша ақпарат


 

Рұқсаттың қолданылу шарттары:
1) Виртуалды оператор біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін ұялы байланыс операторымен (операторларымен) шарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, ұялы байланыстың виртуалды операторының қызметтерін ұсынуға рұқсат тоқтатылады.
2) Виртуалды оператордың біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, рұқсат ұялы байланыстың базалық операторымен шартты ұзартқан кезде ұзартылады.
3) Рұқсат тараптардың өзара бастамасы бойынша немесе тараптардың бірінің бастамасы бойынша базалық және виртуалды операторлар арасындағы шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде тоқтатылады.