• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына өзгеріс енгізу және «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 110/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 12.07.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына өзгеріс енгізу және «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 110/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 25 маусымдағы № 45/нс бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері еңбегінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14322 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Парламентi не болмаса Құрылтай депутатының, маслихат депутатының өкiлеттiгiн жүзеге асырған;».
2. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 110/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже15-тармағының 210) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және цифрлық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тұрғын үй комиссиясы қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет жиналады.
ҰҚО тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру ол болған кезде цифрлық жүйе арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
13. Тұрғын үй комиссиясының шешіміне Тұрғын үй комиссияның дауыс беру құқығы бар мүшелері қол қояды.
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері Тұрғын үй комиссиясының шешімінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
Шешім әр адам (үміткер) бойынша жеке қабылданады.».
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Цифрлық жүйенің жұмыс істеу тәртібі»
19, 20, 21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Цифрлық жүйе үміткерлердің деректерін есепке алуға, сақтауға, өңдеуге және талдауға арналған және тұрғын үй комиссиясы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты орталықтандырылғын жинауды, жүйелендіруді қамтамасыз етеді.
Цифрлық жүйеге деректер енгізуді тұрғын үй комиссиясының хатшысы тұрғын үй комиссиясы шешімдерінің негізінде жүзеге асырады.
20. Цифрлық жүйенің жұмысы Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Цифрлық жүйеге рұқсат өз құзыреті шеңберінде тиісті операцияларды бақылау және орындау құқығымен уәкілетті қызметкерге беріледі.
22. Цифрлық жүйенің жұмысы мынадай функцияларды қамтиды:
1) есепке алу – кейіннен талдау және шешімдер қабылдау үшін үміткерлер туралы деректерді тіркеу және бекіту;
2) деректерді сақтау – оның құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, жеке және қызметтік ақпаратты қауіпсіз және ұзақ мерзімді сақтау;
3) деректерді өңдеу – қызметкерлерден, әскери қызметшілерден және жұмыскерлерден түсетін мәліметтерді автоматтандырылған түрде тексеру, сұрыптау және құрылымдау;
4) деректерді талдау – тұрғын үй комиссиясының шешімдерін дайындау және есептілікті қалыптастыру үшін ақпаратты автоматтандырылған түрде бағалауды, салыстыруды және қорытындылауды жүргізу;
5) орталықтандырылған жинау – ұсынылған құжаттардан деректерді бірыңғай құрылымдалған жиымға орталықтандырылған қабылдауды және біріктіруді қамтамасыз ету;
6) ақпаратты жүйелеу – келіп түсетін деректерді одан әрі өндеуге және талдауға дайындай отырып, анықталған белгілер (санаттар, мәртебелер, мерзімдер, кезектіліктер) бойынша ретке келтіру және жіктеу.».
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағын, сондай-ақ 2-тармағының он төртінші абзацынан бастап он жетінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты  Е. Сағымбаев