• Мое избранное
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 маусымда № 39088 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ч. Аринов
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрі
2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 242
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламасында:
1-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«1. Осы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 37) тармақшасына сәйкес әзірленген.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындаудың алғашқы кезеңінен қызметке жұмысқа жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – қызметкерлер) өтеді.»;
2. «Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17233 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 49) тармақшасына сәйкес әзірленген және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына құтқарушыларды аттестаттаудан және қайта аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бастапқы аттестаттауға құтқарушы боламын деп шешкен Қазақстан Республикасының азаматтары жатады;»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құтқарушы олар өткеннен кейін өткізіледі:
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтамамен расталған медициналық куәландыру (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);
«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бағдарламасы бойынша дайындау;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бастапқы аттестаттаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы куәлігі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы кітапшасы және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы жетоны беріледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15.  Бастапқы аттестаттаудан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтары алдыңғы аттестаттау өткен сәттен бастап 1 айдан кешіктірмей қайта аттестаттаудан өтуге құқылы. Қайта аттестаттаудың теріс нәтижелері болған жағдайда онымен шарт бұзылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Қайта аттестаттаудан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтары алдыңғы аттестаттау өткен сәттен бастап кемінде 6 айдан кейін осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес жалпы негіздерде бастапқы аттестаттауға жіберіледі.».
3. «Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептерін ұсыну қағидаларын бекіту және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын негіздейтін материалдарды, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептерін ұсыну қағидаларын және тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 170 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 416 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36932 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың болуын, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу қажеттігін, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелері мен есептерін ұсыну қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әкімнің, (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала) аудан (қала) әкімінің немесе Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия мүшелерінің және әкімнің өкімімен құрылған мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен зардап шеккен халықты және объектілерді тексеру жүргізу туралы шешімі;»;
5) және 6)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өтініш берушінің қолдаухатында көрсетілген сомаға, комиссия мүшелері мен әкімнің (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала), аудан (қала) әкімінің қаржы-экономикалық қызметінің басшысы қол қойылған шығыстардың жиынтық сметалық есебін қоса бере отырып, төтенше жағдайларды жою жөніндегі кезек күттірмейтін жұмыстарға арналған жобалау-сметалық құжаттама (бірінші кезектегі жұмыстардың түрлері бойынша сомаларды егжей-тегжейлі толық ашып жазумен және материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың есеп-қисаптарымен).
Жобалау-сметалық құжаттамаға жоғалған тауар-материалдық құндылықтардың құны енгізілмейді;
6) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 98-бабында көзделген іс-шаралар орындалған жағдайда, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін растайтын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкес жасалған ақаулы тізімдеме, сондай-ақ «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығына сәйкес жасалған алдын ала шығыстар қоса беріледі;»;
10)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жасалатын, әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтардың тізімі (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала), аудан (қала) әкімі атына жолданады;»;
13)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу туралы негіздеме және материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстар бойынша есептер (жұмыс түрлері мен сұратылатын сомаларды көрсете отырып).».