1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
152-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік жер кадастрының картографиялық негізін қалыптастыру үшін мемлекеттік есептеу жүйесі пайдаланылады.».
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
144-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті лауазымды адамының Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасының аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының бұзылуын анықтау туралы баянаты;».
3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 22-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «өнеркәсіптік қауіпсіздік» деген сөздерден кейін «, киберқауіпсіздік» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) жұмыскерлерді жұмыс берушінің киберқауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі актілерінің талаптарымен таныстыруға және олардың орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға;».
4. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 4-баптың 1-тармағының 14-2), 34-1) және 37-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-баптың 1-тармағының бесінші абзацы алып тасталсын.
5. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
16-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік қайырымдылық платформасын әзірлеуді, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, деректерін талдау мен өңдеуді, өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауды, сондай-ақ мемлекеттік қайырымдылық платформасын дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды;»;
6) тармақша «әлеуметтік-еңбек саласындағы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік қайырымдылық платформасын пайдалану мәселелері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.
6. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 9-баптың 2-тармағының сегізінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы;»;
2) 23-баптың 4-тармағы «аударымдары» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақы» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Жедел іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелерде» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелерде» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
8-3) және 8-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-3) пилотсыз көлік жүйесі – пилотсыз көлік құралын және оны қауіпсіз әрі тиімді пайдалану үшін қажетті пилотсыз көлік құралымен байланысты элементтерді (байланыс арналарын және пилотсыз көлік құралын басқаратын құрауыштарды қоса алғанда) қамтитын көлік жүйесі;
8-4) пилотсыз көлік құралдарын пайдалану аймағы – шегінде пилотсыз көлік құралдары пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы белгіленген мөлшердегі жерүсті кеңістігінің бір бөлігі (жеңіл рельсті көлік эстакадасы);»;
мынадай мазмұндағы 8-5), 8-6), 8-7) және 8-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-5) пилотсыз көлік құралы – автоматтандырылған техникалық басқару құралдарымен жарақтандырылған, жеке адамның қатысуынсыз пайдаланылатын көлік құралы (пилотсыз авиациялық жүйені қоспағанда);
8-6) пилотсыз көлік құралының қашықтағы операторы – пилотсыз көлік құралы қозғалысының кез келген кезеңінде оны басқаруды қабылдауға құқылы жеке адам;
8-7) тасымалдарды қадағалаудың цифрлық жүйесі – навигациялық спутниктік жүйелердің технологиялары мен навигациялық пломба негізінде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенді қамтитын цифрлық жүйе;
8-8) тасымалдарды қадағалаудың цифрлық жүйесінің ұлттық операторы – навигациялық пломбаларды пайдаланып, тасымалдарды қадағалауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;
2) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Пилотсыз көлік құралдары
Пилотсыз көлік құралдары пилотсыз көлік құралдарын пайдалану аймақтарында пайдаланылады.
Пилотсыз көлік құралдарын пайдалану үшін пилотсыз көлік жүйесі енгізіледі.
Пилотсыз көлік құралдары түрлеріне қарай уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген талаптарға сәйкес келген жағдайда оларды пилотсыз көлік құралының қашықтағы операторы басқарады.
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде пилотсыз көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және цифрландыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.»;
3) 23-баптың тоғызыншы бөлігі «Метрополитеннің» деген сөзден кейін «, жеңіл рельсті көліктің» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «электрондық үкімет», «ақпараттандыру объектілері», «электрондық үкіметтің» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкімет», «цифрландыру объектілері», «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы»;
2) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «шетелдіктердің», «шетелдіктерді», «шетелдіктерден», «Шетелдіктердің», «Шетелдіктің», «шетелдікке», «Шетелдік», «шетелдікті» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматтарының», «шетел азаматтарын», «шетел азаматтарынан», «Шетел азаматтарының», «Шетел азаматының», «шетел азаматына», «Шетел азаматы», «шетел азаматын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |