Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте

«Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 368/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39199 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж. Мадиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 1 шілдедегі № 368/НҚ Бұйрығымен бекітілген
«Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидалары
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 83-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) архитектуралық-үйлестіруші орталық – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару процестеріне қатысатын өзге де ұйымдардың цифрлық архитектурасының тұтастығын, үйлесімділігін және тиімділігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
2) ашық деректерді ұсыну жөніндегі сервис – цифрлық объектілер арасында бір жақты тәртіппен деректерді беру тәсілі;
3) верификация токені – бастамашының және (немесе) оператордың дербес деректер субъектісінен келісім алғанын растауға арналған белгілі бір сандар мен әріптер жиынтығы түріндегі электрондық кілт;
4) веб-сервистердің қауіпсіздігі (WebServiceSecurity) (бұдан әрі – WSSecurity) – SOAP веб-сервистері арасында хабар алмасу кезінде қауіпсіздік функцияларын қолдану стандарты. Таратылған жүйелер (REST) үшін бағдарламалық қамтамасыз ету архитектурасының стилін қолданған кезде сервис қауіпсіздігі HTTPs қауіпсіздік шаралары және пайдаланушыларды аутентификациялау арқылы қамтамасыз етіледі;
5) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
6) жария Peer IP мекенжайы – интеграциялық қызметтің бастамашысы жағында VPN туннелін тоқтататын және Интернет желісінде қолданылатын құрылғының бірегей IP мекенжайы;
7) желілік деңгейдегі Internet Protocol (бұдан әрі – IP) – компьютерлік желі түйіндері арасында олардың логикалық адрестелуін қамтамасыз ететін датаграммаларды тасымалдауға арналған TCP / IP желіаралық стек деңгейінің маршрутталған протоколы;
8) интеграциялық сервистер – уәкілетті орган айқындаған стандартты интерфейстер, хаттамалар және қол жеткізу тетіктері арқылы цифрлық объектілер арасындағы өзара іс-қимылды, деректермен алмасуды және келісілген операцияларды орындауды қамтамасыз ететін функционалдық цифрлық объектілер;
9) интеграциялық сервистің бастамашысы – интеграциялық сервисті ұсынуға сұрау салуға бастамашылық жасайтын цифрландыру объектінің меншік иесі немесе иесі;
10) интеграциялық сервистің меншік иесі немесе иесі – интеграциялық сервисті ұсынатын цифрлық объектінің меншік иесі немесе иесі;
11) кеңейтілетін таңба тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі – XML) – құрылымдық және машинамен оқылатын форматта деректерді сақтау және беру үшін пайдаланылатын кеңейтілетін таңба тілі;
12) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, цифрлық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;
13) куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері сертификаттарының анықтығын, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растайтын заңды тұлға;
14) қол жеткізу ашық құқығы бар API (бұдан әрі – OpenAPI) – цифрлық жүйенің презентация бөлігі, оның пайдаланушы интерфейсі, төмен деңгейлі кітапханалар және application programming interface арасындағы интерфейсті қамтамасыз ететін ресми сипаттама;
15) қолданбалы бағдарламалық сервис – пайдаланушылардың қолданбалы міндеттерін орындауға, бизнес-процестерді цифрландыруға, ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және өзге де сервистік функцияларды жүзеге асыруға арналған және (немесе) пайдаланылатын бағдарламалық жасақтама;
16) қолданбалы бағдарламалық интерфейс (Application programming interface, бұдан әрі – API) – цифрлық жүйелердің бағдарламалық компоненттерінің бір-бірімен өзара іс-қимылына арналған ережелер мен хаттамалар жиынтығы;
17) қолданбалы деңгейдегі Hyper Text Transfer Protocol (бұдан әрі – HTTP) – HTML форматындағы гипермәтіндік құжаттарды беру арқылы клиент пен сервер арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін протокол;
18) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – «цифрлық үкіметтің» инфрақұрылымына кіретін және киберқауіпсіздіктің талап етілетін қажетті деңгейі сақтала отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған цифрлық ортаның өзге де субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі болып табылады;
19) объектілерге қол жеткізудің қарапайым хаттамасы (SimpleObjectAccessProtocol, бұдан әрі – SOAP) – цифрлық жүйелердің интеграциясы кезінде хабарламаларды жіберу үшін XML-ге негізделген хаттама;
20) сервис паспорты – сервистің меншік иесінің немесе иесінің, сүйемелдеуші ұйымның және сервис әзірлеушісінің жауапты тұлғаларының байланыс деректері, тағайындалуы, функционалдық мүмкіндіктері, техникалық сипаттамалары, өзара іс-қимыл режимдері, ақпараттық алмасу, қосылу шарттары және интеграциялық сервистің немесе қолданбалы бағдарламалық сервистәң өзге де параметрлері туралы мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ интеграциялық өзара іс-қимыл бастамашыларын және интеграциялық архитектураға қатысушыларды осы сервисті пайдалану шарттары, стандарттары мен міндетті талаптары туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ететін нақты сервистің веб-парақшасы;
21) сервистер тізілімі – «Smart Bridge» цифрлық платформасында тіркелген интеграциялық және қолданбалы бағдарламалық сервистердің тізбесі;
22) хабарламалық сипаттағы интеграциялық сервис – цифрлық объектілерді интеграциялау жөніндегі іс-шаралардың басталуы туралы сервистің меншік иесіне немесе иесіне хабарлама жібере отырып, цифрлық объектілердің ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәсілі;
23) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
24) цифрлық жүйе – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені;
25) цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі;
26) цифрлық объектілерді интеграциялау – деректерді берудің стандартты хаттамалары пайдаланыла отырып, интеграциялық сервистер арқылы цифрлық объектілер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
27) цифрлық оқиғалар журналы – жүйенің жұмысын мониторингілеу және іркіліс туындаған жағдайда себептерді анықтау үшін пайдаланылатын жұмысы туралы ақпаратты қамтитын файлдар;
28) «цифрлық үкімет» веб-порталының Identity Provider сәйкестендіру және аутентификациялау модулі – пайдаланушыларды орталықтандырылған сәйкестендіруді және аутентификациялауды, сондай-ақ бірыңғай кіру тетіктері арқылы сыртқы жүйелерді қосуды қамтамасыз ететін мамандандырылған модуль;
29) «цифрлық үкімет» операторы (бұдан әрі – оператор) – «цифрлық үкімет» цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
30) «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЦҮСШ) - МО БКО цифрлық объектілердің МО БКО тыс орналасқан цифрлық объектілермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «цифрлық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі;
31) «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;
32) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері – мемлекеттік органдардың және өзге де адамдардың мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған цифрлық объектілері;
33) «цифрлық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЦҮШ) – «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект;
34) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |