1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 336-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 82-баптың 3-тармағының екінші бөлігі 12) тармақшасындағы «реттеуге қолданылмайды.» деген сөздер «реттеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) атом энергиясын пайдалану саласындағы, оның ішінде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттеуге қолданылмайды.»;
2) 129-бапта:
2-тармақ «8-1,» деген цифрлардан кейін «8-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
«8-2. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2 және 3-тармақтарын, 131-1, 153 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.»;
17-тармақтың бірінші бөлігі және 19-тармақтың бірінші бөлігі «8-1,» деген цифрлардан кейін «8-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 138-бапта:
6) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) атом энергиясын пайдалану саласында;»;
4) 193-баптың 14-тармағындағы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 369-бап алып тасталсын;
2) 370-бапта:
2-тармақ «пайдалану туралы» деген сөздерден кейін «, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «энергиясын пайдалану» деген сөздерден кейін «, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 371, 372, 373, 374 және 375-баптар алып тасталсын.
3. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1-баптың 3-тармағы «органды қаржыландыру» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде іске асырылатын атом энергиясын пайдалану саласындағы жобаларды қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-3) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 18-3), 29-2), 29-3), 29-4) және 29-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-3) оқшау әкімшілік-аумақтық бірлік – Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне техникалық тұрғыдан байланыстырылмаған (қосылмаған), энергиямен жабдықталуын осы аумақтағы энергия өндіруші ұйымдар жүзеге асыратын және (немесе) шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары шеңберінде жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бірлік;»;
«29-2) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – өңірлік электр желілік компания, жүйелік оператор, сондай-ақ электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға электр желілері қуатының электр энергиясын қабылдауға және беруге қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсететін қызмет;
29-3) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф – электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісімде көзделген, тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды, инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайын индекстелуге жататын тариф;
29-4) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық – кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр желілерін салу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін жеңімпазды іріктеуге бағытталған, электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, оның шеңберінде көрсетілетін қызметке жеке тариф, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі айқындалатын процесс;
29-5) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;»;
31) және 31-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31) электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау бойынша жүйелік операторға көрсетілетін қызмет;»;
«31-6) электр қуатының нарығы – энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлік жағдайында ұстап тұруына және энергия беруші ұйымдардың электр желілерін электр энергиясын қабылдауға және беруге қолжетімді жай-күйде ұстап тұруына байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қатынастар жүйесі;»;
45) тармақша алып тасталсын;
2) 4-баптың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) бірыңғай сатып алушының тек қана электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде шеккен шығыстарына өтем жасау үшін оның осындай көрсетілетін қызметтен түскен кірістерінің жеткіліксіздігі салдарынан, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар алдындағы, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар шеңберінде энергия беруші ұйымдар алдындағы өзінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;»;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 70-57) тармақшамен толықтырылсын:
«70-57) өңірлік электр желілік компаниялармен, жүйелік оператормен, сондай-ақ электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен электр желілерін салуға инвестициялық келісімдер жасасады;»;
4) 10-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетеді;»;
22-2) және 22-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22-2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды;
22-3) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық майнерлердің қызметі үшін қолжетімді электр энергиясының квотасын айқындайды;»;
5) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасады;»;
«3-1) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сәйкес электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алады;»;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |