• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 07.09.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 334-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 129-баптың 4-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін мемлекеттік бақылауды қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауға;»;
2) 131-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «тексерулерді» деген сөз «тексерулер мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 138-бап мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:
«44-1) халықтың көші-қоны саласында;»;
4) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі  
4) 139-бап мынадай мазмұндағы 10-3) тармақшамен толықтырылсын:
«10-3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында;»;
2-тармақтың алтыншы бөлігіндегі «төртінші бөлігінде» деген сөздер «төртінші және бесінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінің күші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2-1) тармақшалары негізінде жүргізілетін жоспардан тыс тексерулеріне қолданылмайды.»;
6) 144-4-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «тiркелмеген» деген сөзден кейiн «дәрiлiк заттардың, медициналық бұйымдардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 147-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «рұқсатын;» деген сөз «рұқсатын көрсетуге міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
8) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі   
8) 149-баптың 4-тармағы:
«шығыстар» деген сөзден кейін «, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары іріктеп алған өнім үлгілеріне және өнім үлгілерін зертханалық зерттеуге арналған шығыстар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушінің және (немесе) олардың тіркеу куәлігін ұстаушының есебінен қаржыландырылады.»;
9) 192-баптың 4-тармағының үшiншi бөлiгiндегi «Өз қызметін» деген сөздер «Бiлiм беру ұйымдарының «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-2-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы жағдайларын қоспағанда, өз қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 32-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) білімі туралы құжат, тиісті білімді, машықтар мен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде арнаулы білімінің немесе кәсіптік даярлығының, қайта даярлығының болуы туралы құжат.
Арнаулы білім – нақты лауазым, кәсіп немесе жұмыстар түрі бойынша еңбек міндеттерін тиісінше орындау үшін қажетті кәсіптік оқыту, даярлау, қайта даярлау немесе практикалық тәжірибе нәтижесінде алынған, белгілі бір кәсіптік саладағы теориялық және практикалық мәліметтер жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) білім деңгейіне қойылатын, тиісті кәсіптік стандарттарда немесе осы Кодекске сәйкес біліктілік талаптарында белгіленген талаптар болмаған жағдайда, кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат (бар болса);»;
2) 116-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кәсіптік оқыту – кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру нысанында жүзеге асырылатын, кәсіптік тұрғыдан даму мақсатында кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды иелену, жаңарту немесе кеңейту, сондай-ақ жаңа кәсіпке (мамандыққа) ие болу процесі;».
3. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 178-1) тармақшамен толықтырылсын:
«178-1) медициналық газ – қалыпты атмосфералық қысым мен бөлме температурасындағы, газ тәрізді күйдегі, терапиялық, диагностикалық немесе профилактикалық мақсатта организмге енгізуге арналған, дәрілік препарат болып саналатын кез келген зат немесе заттар қоспасы;»;
1) тармақшасының төртінші абзацы осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі   
193) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
220) тармақшадағы «диагностиканың» деген сөз «диагностика мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 293-1) тармақшамен толықтырылсын:
«293-1) ішкі инфекциялық аудит – денсаулық сақтау ұйымы орындайтын, медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру түріндегі, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүйесі;»;
101-2) тармақша «заттардың» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ медициналық газдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі   
104-3) тармақша «шартын» деген сөзден кейін «, медицина қызметкерлері кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандырудың үлгілік шартын» деген сөздермен толықтырылсын;
104-4) тармақшадағы «жауапкершілігін» деген сөзден кейін «, медицина қызметкерлері кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 104-5) және 104-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«104-5) мүгедектігі бар балаларды қоспағанда, ауруға шалдығуы салдарынан қозғалыс функциялары уақытша шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекітеді;
104-6) мүгедектігі бар балаларды қоспағанда, ауруға шалдығуы салдарынан қозғалыс функциялары уақытша шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру қағидаларын бекітеді;»;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы 40-6) тармақшамен толықтырылсын: