1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
| Продукты: |
|
| Рубрики: |
|
Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 129-баптың 16-тармағы 2) тармақшасындағы «бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «бақылауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) нотариаттық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
2) 138-бап 120) тармақшасындағы «сақталуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 121) тармақшамен толықтырылсын:
«121) Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.».
2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 135-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) мемлекеттік сатып алу және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алу туралы міндеттемені орындау туралы;»;
2) 252-бапта:
төртінші бөліктің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Санкция беруді: сот орындаушысының қаулысына қолтаңбасымен куәландырылатын «Санкциялаймын» деген мөртабанды басу арқылы прокурор; ұйғарым шығару арқылы сот жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья – атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы ұйғарым, ал прокурор қаулы шығарады.
Сот орындаушысының электрондық құжат түрінде ұсынылған қаулысына санкция беруді прокурор – өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы, ал сот электрондық түрде ұйғарым шығару арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья – санкция беруден бас тарту туралы электрондық түрдегі уәжді ұйғарым, ал прокурор электрондық құжат түріндегі қаулы шығарады.»;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац алып тасталсын;
екінші абзацтағы «қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың» деген сөздер «қаулыны санкциялау мәселесі бойынша сот» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша:
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі», «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің», «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен», «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне», «Әділет министрлігіне бекітуге» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға», «уәкілетті органға бекітуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңнамалық актілерінде», «заң актiлерiмен», «заң актiлерiнде», «басқа да заң актiлерiмен», «заң актiлерiне» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «заңдарында», «заңдарында», «басқа да заңдармен», «заңдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-2-баппен толықтырылсын:
«2-2-бап. Нотариат саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
Нотариат саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – нотариаттық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді, лицензиялауды және мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ нотариат туралы заңнамада көзделген өзге де функцияларды атқаратын мемлекеттік орган.»;
3) 4-бапта:
екінші бөлік «нотариустардың» деген сөзден кейін «қағаз түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Нотариустардың электрондық түрдегі құжаттары Қағидаларға сәйкес міндетті түрде нотариаттық цифрлық архивте қалыптастырылуға тиiс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нотариаттық цифрлық архив – бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық түрдегі нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алуға және пайдалануға арналған құрауышы.»;
4) 4-1-бапта:
1-тармақ «өңдеу» деген сөзден кейін «, сақтау» деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 1-тармағына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде атқарушылық жазба жасауға арналған өтінішті нотариустарға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бөледі.»;
3-тармақтағы «нотариаттық электрондық репозиторийде уақытша сақтауға орналастырылуға тиіс және белгіленген мерзім өткеннен кейін нотариаттық электрондық архивке берілуге» деген сөздер «нотариаттық цифрлық архивте орналастырылуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Заңда белгіленген жағдайларда аумақтық әділет органы және нотариаттық палата нотариаттық цифрлық архивке қолжетімділікті Қағидаларда көзделген тәртіппен басқа нотариусқа береді.»;
8-тармақ алып тасталсын;
5) 4-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «электрондық репозиторийден» деген сөздер «цифрлық архивтен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 6-баптың 1-тармағында:
төртінші бөліктегі «Заңда» деген сөз «1.1. Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
үшінші абзацта:
«сондай-ақ» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына байланысты судьяның атқаратын лауазымына сай еместігі туралы шешімі негізінде өкілеттігін тоқтатқан судьяны қоспағанда, теріс себептер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
алтыншы абзацтағы «нотариаттық» деген сөз «осы Заңның 11-бабының 2), 5) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айырылған, сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл өткен соң нотариаттық қызметпен айналысуға қайта үміттенуге құқығы бар адамдарды қоспағанда, нотариаттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «палатасының тізілімінен шығарылған» деген сөздер «палатасы мүшелерінің тізілімінен шығарылған не адвокаттар алқасына мүшелігі тоқтатылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-баптың 4-тармағында: