• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ вводится в действие с 08.09.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 37-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес көмірсутектерді барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы берілген жер қойнауын пайдаланушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бөліктерін) басқа жер қойнауын пайдаланушыға «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабына сәйкес бірлескен аумақта операцияларды жүргізу тәртібі туралы өздерінің арасында жасалған келісім болған кезде көмірсутектерді барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы.»;
2) 94-баптың 2-тармағында:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдау үшін мерзім бір жыл болып немесе топырақтың құнарсыздануы және тозуы анықталған кезде осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бонитет балдарының мынадай көрсеткіштері бойынша топырақтың құнарсыздануы және тозуы анықталған кезде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдаудың мынадай мерзімдері белгіленеді:
1) бонитет балы жиырмаға дейін болған кезде – бес жыл;
2) бонитет балы жиырмадан қырыққа дейін болған кезде – төрт жыл;
3) бонитет балы қырықтан алпысқа дейін болған кезде – үш жыл;
4) бонитет балы алпыстан сексенге дейін болған кезде – екі жыл;
5) бонитет балы сексен және одан жоғары болған кезде – бір жыл.»;
алтыншы бөліктегі «бесінші» деген сөз «алтыншы» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
1) 1-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен» деген сөздер «, мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін және Париж келісімінің нарықтық тетіктерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 3-тармағы «офсеттері» деген сөзден кейін «және Париж келісімінің нарықтық тетіктері» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «қағидаларына» деген сөзден кейін «немесе Париж келісімінің 6-бабының нарықтық тетіктерін іске асыру қағидаларына» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Париж келісімінің нарықтық тетігі арқылы мемлекеттік орман қоры аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген парниктік газдарды сіңірудің жалпы көлемінің бір бөлігі климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін орындау мақсаттары үшін есепке жатқызылады.».
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
2-тармақ «8-2,» деген цифрлардан кейін «8-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-3-тармақпен толықтырылсын:
«8-3. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген I және II санаттағы объектілердің операторларына қатысты қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.»;
17-тармақтың бірінші бөлігі «8-2,» деген цифрлардан кейін «8-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
19-тармақтың бірінші бөлігі «8-2,» деген цифрлардан кейін «8-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) тармақша осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) 193-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шектеулер мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай операторға қолданылмайды.».
4. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.»;
2) 22-баптың 10-тармағындағы «ластағыштардың шығарылуы мен көшірілу тіркелімінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қалдықтарды игеру ұлттық орталығының функцияларын жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;»;
4) 27-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеп, бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
«12-2) Қалдықтарды игеру ұлттық орталығының функцияларын әзірлеп, бекіту;»;
1-тармақ «нормативтері деп» деген сөздерден кейін «табиғи экологиялық жүйелерді, өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің генетикалық қорын сақтау мақсатында» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтағы «табиғи ортаға әсер ету тұрғысынан нақты аумаққа немесе акваторияға тән табиғи факторлардың әсерінен қалыптасқан табиғи жағдайларды, сондай-ақ осындай аумақтарды немесе акваторияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген пайдалану мақсаты ескеріле отырып» деген сөздер «нақты аумаққа немесе акваторияға тән табиғи факторлардың әсерінен қалыптасқан табиғи экологиялық жүйелер мен объектілер, сондай-ақ осындай аумақтарды немесе акваторияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген пайдалану мақсаты үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде мүдделі жұртшылықтың қатысуы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.»;