• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 615 қаулысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 шілдедегі № 615 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет Тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдардың есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру;»;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтінішхаты:
2) орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімі;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Комиссия қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
7. Комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметіне объектілерге атау беру жөніндегі қаулы жобасын Комиссия қорытындысымен қоса енгізеді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өз өкілеттіктері шегінде Комиссия қорытындысының негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, олардың атауын өзгерту, атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды.».
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Заңы;».
3. «Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру қағидаларында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіліп, орындаушының толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы не жеке сәйкестендіру нөмірі, жұмыс (оқу) орны, атқаратын лауазымы мен тұрғылықты жері, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты берген орган көрсетіліп, Қазақстан Республикасы азаматының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);»;
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес заңды (жеке) тұлғаларға қатысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің;».
4. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 ақпандағы № 222 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсат беру қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауапкершілік жүктеледі.»;
көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
6. «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Министрлікке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарындағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдармен және әдiстермен қорғауды қамтамасыз ету;»;
14-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпия мәліметтерді жария етуге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты сұрату және алу;»;
15-тармақта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: