БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Бесплатные документы -
Рубрики:
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации










Бесплатные документы
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 10 тамыздағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39553 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32211 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық Үлгілік ереженің 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 18-тармағының 11), 12), 13) және 14) тармақшаларын, 19-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларын және 20-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
2027 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың қолданысы тоқтатыла тұрсын:
1) Үлгілік ереженің 18-тармағының 10) тармақшасы, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп:
«10) мүдделер қақтығысын анықтау, оған мониторинг жүргізу және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;»;
2) Үлгілік ереженің 19-тармағының 3) және 4) тармақшалары, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп:
«3) Қазақстан Республикасы заңнамасының мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптарының сақталуы;
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және (немесе) жекжаттарымен бірге жұмыс істеуіне тыйым салудың сақталуы;»;
3) Үлгілік ереженің 22, 23, 24 және 25-тармақтары, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп:
«22. Жұмыс жоспары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізу, оқыту жүргізу, ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
23. Қызметтің және Жауапты тұлғаның ұсынымдары квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына немесе құзыретіне тиісті мәселе жататын құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде міндетті түрде қаралуға жатады.
24. Ұсынымдарды қарау қорытындылары бойынша құрылымдық бөлімшелер Қызметті немесе Жауапты тұлғаны қабылданған шаралар туралы хабардар етеді не оларды орындаудың мүмкін еместігіне уәжді негіздеме ұсынады.
25. Қызмет жылына кемінде бір рет директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органына, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылуы және оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтитын қызметі туралы есеп ұсынады.».
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д. Жазықбай
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2026 жылғы 10 тамыздағы № 143 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің негізгі міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ олардың қызметін ұйымдастыру мен жұмыс тәртібін айқындайды.
2. Үлгілік ереже сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің құрылымдық бөлімшелеріне, басшылары мен жұмыскерлеріне, сондай-ақ осы Үлгілік ережеде көзделген жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлғаларға қолданылады.
3. Квазимемлекеттік сектор субъектілері заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын, штат санын және қызмет ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ішкі ережені бекітеді.
4. Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарда осы Үлгілік ережеде көзделмеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен тәсілдер белгіленсе, мұндай талаптар мен тәсілдерді директорлар кеңесі, байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органы, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы бекітеді және олар осы Үлгілік ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын ұйымдастыру
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет (бұдан әрі – Қызмет) – квазимемлекеттік сектор субъектісінің осы ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.
6. Қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңды, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Үлгілік ережені және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
7. Қызмет дербес құрылымдық бөлімше нысанында Ұлттық әл-ауқат қорында, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, сондай-ақ олармен үлестес, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан асатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғаларда, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдары мен қатысушыларының қызметіне жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымда, сондай-ақ осы Үлгілік ереженің 8-тармағында көзделген талаптар болған кезде құрылады.
8. Қызмет квазимемлекеттік сектор субъектісінде мынадай талаптардың біреуі немесе бірнешеуі болған кезде дербес құрылымдық бөлімше ретінде құрылады:
1) квазимемлекеттік сектор субъектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің не орталық мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылған;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес, тәуелді немесе үлестес ұйымдары, филиалдары не өкілдіктері бар;
3) жұмыскерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан асады.
9. Еншілес, тәуелді және (немесе) олармен үлестес өзге де заңды тұлғалары, филиалдары мен өкілдіктері бар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бас ұйымында осындай ұйымдардың Қызметтерінің жұмысын үйлестіруді, әдіснамалық сүйемелдеуді, мониторингтеуді және шоғырландыруды қамтамасыз ететін бірыңғай Қызмет құрылады.
10. Бірыңғай Қызмет тиісті еншілес, тәуелді және (немесе) олармен үлестес өзге де заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруге уәкілеттік берілген бас, жоғары тұрған не өзге ұйымның директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен құрылады. Шешімде қызметін бірыңғай Қызмет үйлестіретін ұйымдардың тізбесі, құжаттарға қол жеткізу, өзара іс-қимыл жасау, есептілік және ұсынымдарды орындау тәртібі айқындалады.
11. Бас ұйымда бірыңғай Қызметтің құрылуы еншілес, тәуелді және үлестес ұйымдарды осы Үлгілік ереженің 7 және 8-тармақтарында көзделген талаптар болған кезде дербес Қызмет құрудан босатпайды.
12. Осы Үлгілік ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға (бұдан әрі – Жауапты тұлға) айқындалады, оған осы Үлгілік ережеде көзделген Қызметтің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері қолданылады.
13. Қызметтің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оған сатып алумен, қаржымен, бухгалтерлік есеппен, кадрлық және шарттық жұмыспен, мүлікті басқарумен, ішкі аудитпен, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, сондай-ақ Қызмет тарапынан мониторинг жүргізілуге жататын процестерді құқықтық сүйемелдеумен байланысты функциялар жүктелмейді.
14. Қызмет өз функцияларын квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органына, лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.
15. Қызметтің басшысы мен жұмыскерлері квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының құрамына кіре алмайды. Қызметтің құзыретіне жататын мәселелерді қарау кезінде Қызметтің басшысы мен жұмыскерлері көрсетілген органдардың отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысады.
16. Қызметтің басшысы мен жұмыскерлері уәкілетті органдар және комплаенс саласындағы кәсіби ұйымдар өткізетін оқыту іс-шараларына қатысу арқылы кәсіби біліктілігін үнемі арттыруы қажет.
3-тарау. Қызметтің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
17. Қызметтің негізгі міндеттері:
1) квазимемлекеттік сектор субъектісі мен оның жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесін тиімді іске асыру;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптардың және озық халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
5) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
18. Қызмет мынадай функцияларды орындайды:
1) квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға қатысады;
4) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды төмендету мен жою бойынша қабылданып жатқан шараларға мониторинг жүргізеді;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізеді;
6) квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
7) квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
8) квазимемлекеттік сектор субъектісінің ұжымында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
9) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның орындалуына мониторинг жүргізеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өз құзыреті шегінде мүдделер қақтығысын анықтау, болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
11) ықтимал немесе нақты мүдделер қақтығысының болуы туралы жазбаша сұрау салуларды, хабарламаларды және келіп түскен өзге де ақпаратты қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы қорытынды шығарады;
12) ықтимал немесе нақты мүдделер қақтығысы болған жағдайда оны реттеу жөніндегі ұсынымдары бар қорытындыны тиісті шараларды қабылдауға өкілеттігі бар тұлғаға мүдделер қақтығысы туындаған тұлғаны, оның тікелей басшысын және (немесе) өзге де мүдделі тұлғаларды бір мезгілде хабардар ете отырып ұсынады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шаралардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
14) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу мәселелерін регламенттейтін құқықтық актілердің ережелерін түсіндіреді;
15) контрагенттердің сенімділігіне кешенді тексеру жүргізеді;
16) квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және (немесе) оларға қатысады;
17) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістерге және квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлықпен байланысты істер бойынша сот практикасына мониторинг және талдау жүргізеді;
18) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;
19) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ішкі процестердің тиімділігін арттыру жөніндегі міндетті түрде қаралуға жататын ұсынымдарды квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына және тиісті мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерге енгізеді;
20) квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің ерекшелігіне қарай, егер мұндай функциялар тәуелсіздікке әсер етпесе және мүдделер қақтығысын туғызбаса, комплаенс, іскерлік әдеп, орнықты даму мәселелерімен байланысты функцияларды жүзеге асырады;
21) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен, мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
19. Қызмет мынадай шектеулер мен талаптардың сақталуына мониторинг жүргізеді:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауы;
2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын сақтауы;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптарының сақталуы;
4) Заңның 14-бабында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен, жекжаттарымен және (немесе) олармен байланысты басқа да адамдармен бірге жұмыс істеуіне тыйым салудың сақталуы;
5) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жеке мүдделері болған кезде шешімдерді қарауға, талқылауға, дайындауға немесе қабылдауға қатысуына не шешімдерге өзге тәсілмен ықпал етуіне, сондай-ақ Заңның 15-3-бабының 4-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруына тыйым салуды сақтауы;
6) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың өзі лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыратын ұйымда не оған бақылаудағы ұйымдарда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілдік етуіне тыйым салуды сақтауы;
7) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың атқарып отырған немесе бұрын атқарған лауазымының артықшылықтарын жеке мүдделерінде пайдалануына тыйым салуды сақтауы;
8) қызметтік өкілеттіктерге кіретін әрекеттер үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар, көрсетілетін қызметтер алуға және (немесе) беруге тыйым салудың сақталуы;
9) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе иемдену мақсатында қызметтік және ресми таратылуға жатпайтын өзге де ақпаратты пайдалануға тыйым салудың сақталуы;
10) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, оның ішінде интернет-ресурстар желілерін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салуды сақтауы;
11) бұрын мемлекеттік қызметте лауазым атқарған адамдарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау, еңбек шартын жасасу және жұмысқа орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуы.
20. Қызмет өз құзыреті шегінде:
1) өкілеттіктерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтындарын сұратады және алады;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің цифрлық жүйелері мен дерекқорларына қол жеткізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тексеру іс-шараларын, қызметтік тексерулерді және қызметтік тергеп-тексерулерді жүргізуге қатысады;
4) қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғадан, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде басқа тұлғалардан жазбаша түсініктемелер алады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің ақпаратын тыңдайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді;
7) жеке мүдделер туралы декларацияларды талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған өзге де ақпаратты зерделеу арқылы мүдделер қақтығысын анықтауды жүзеге асырады.
4-тарау. Қызметтің жұмыс тәртібі
21. Қызметтің және Жауапты тұлғаның қызметі директорлар кеңесі, байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органы, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы бекітетін жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.
22. Жұмыс жоспары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізу, мүдделер қақтығысын анықтау, оқыту жүргізу, ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
23. Қызметтің және Жауапты тұлғаның ұсынымдары мен қорытындылары, оның ішінде ықтимал немесе нақты мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы қорытындылар және оны реттеу жөніндегі ұсынымдар квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына, тиісті шараларды қабылдауға өкілеттігі бар тұлғаға немесе тиісті мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде міндетті түрде қаралуға жатады.
24. Ұсынымдар мен қорытындыларды қарау нәтижелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы, тиісті шараларды қабылдауға өкілеттігі бар тұлға немесе құрылымдық бөлімшелер Қызметті немесе Жауапты тұлғаны қабылданған шаралар туралы хабардар етеді не оларды орындаудың мүмкін еместігіне уәжді негіздеме ұсынады.
25. Қызмет жылына кемінде бір рет директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органына, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылуы және оларды жою жөніндегі шаралар, мүдделер қақтығысы жағдайлары және оны болғызбау мен реттеу жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтитын қызметі туралы есеп ұсынады.
26. Қызметін бірыңғай Қызмет үйлестіретін еншілес, тәуелді және (немесе) өзге де үлестес заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тоқсан сайын бірыңғай Қызметке есептер ұсынады, сондай-ақ оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттарға, ақпараттық жүйелерге және жұмыскерлерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
27. Қызметке және Жауапты тұлғаға келіп түскен құжаттар, өтініштер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының, сондай-ақ коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптары сақтала отырып қаралады.
28. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жүргізілуін қамтамасыз етеді және бағынысты адамдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауын ескерту жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады.
29. Қызметтің басшысы мен жұмыскерлері және Жауапты тұлға өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
30. Қызмет туралы ереже квазимемлекеттік сектор субъектісінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және жұмыскерлердің назарына жеткізіледі.
31. Қызмет басшысы немесе Жауапты тұлға туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), фотосуреті және байланыс деректері ұйымдардың ғимараттарында көпшілік көретін орындарда және ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
32. Квазимемлекеттік сектор субъектісі Қызметке қажетті ақпарат пен құжаттарға, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат пен құжаттарға, ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның өкілеттіктерін орындау үшін жеткілікті кадрлық, ұйымдастырушылық және техникалық ресурстар береді.
33. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің жұмысына кедергі келтіруге, ақпаратқа қол жеткізуді негізсіз шектеуге, сондай-ақ оның басшысы мен жұмыскерлеріне өкілеттіктерін орындау кезінде ықпал етуге жол берілмейді.
34. Қызметтің жұмысына кедергі келтірілген, ақпаратқа қол жеткізу негізсіз шектелген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар қабылданбаған не мүдделер қақтығысы болған жағдайда Қызмет директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
35. Қызметке әдіснамалық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
36. Қызмет тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органға квазимемлекеттік сектор субъектісінде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпарат жібереді.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |