Toggle Dropdown
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 7 тамыздағы № 119 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39529 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 85-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндері бекітілсін.
2. Тәуекелдерді талдау және стресс-тестілеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2026 жылғы 7 тамыздағы
№ 119 қаулысымен
бекітілді
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндері
1. Осы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндері (бұдан әрі – Нашарлау белгілері) банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының төлем қабілетсіздігінің немесе ықтимал төлем қабілетсіздігінің басталуын болғызбау, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауы кезінде теріс салдарды азайту, сондай-ақ жүйелік тәуекелдерді азайту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заңның) 85-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Нашарлау белгілерінің мақсаттары үшін Банктер туралы заңда, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк үшін нормативтік мәні – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысымен бекітілген Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерде, олардың шекті мәндері және есеп айырысу әдістемелерінде (бұдан әрі – Пруденциялық нормативтер) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38587 болып тіркелген) белгіленген көрсеткіш мәні;
2) банктің шекті мәні – Нашарлау белгілеріне 1-қосымшада белгіленген сандық көрсеткіштің мәні, оның мәнінің ауытқуы банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерінің, тәуекел деңгейінің жоғарылауының туындағанын куәландырады және Банктер туралы заңның 85-бабының 3-тармағында көзделген мынадай режимдердің бірін қолдану үшін жеткілікті негіз болып табылады:
күшейтілген қадағалау режимі;
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының нормативтік мәні – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 73 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38502 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерде, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерінде белгіленген көрсеткіш мәні;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының шекті мәні – Нашарлау белгілеріне 5-қосымшада белгіленген сандық көрсеткіштің мәні, оның мәнінің ауытқуы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерінің туындағанын, тәуекел деңгейінің жоғарылағанын куәландырады және Банктер туралы заңның 85-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мынадай режимдердің бірін қолдану үшін жеткілікті негіз болып табылады:
күшейтілген қадағалау режимі;
қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі.
5) сандық көрсеткіштер негізінде айқындалатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгісі – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржы-экономикалық көрсеткіштері мәндерінің уәкілетті органның бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру нәтижесінде тіркейтін және капиталдың, өтімділіктің, активтер сапасының, кірістіліктің төмендеуінің жоғарылаған тәуекелдерін көрсететін Нашарлау белгілеріне 1-қосымшада және 5-қосымшада белгіленген шекті мәндерден ауытқуы;
6) сапалық көрсеткіштер негізінде айқындалатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгісі – сандық сипаттамасы жоқ, бірақ банктің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауын, тәуекелдерді басқару тиімділігінің төмендеуін және (немесе) оның қызметі үшін қолайсыз салдарлардың туындау ықтималдығының жоғарылауын көрсететін Нашарлау белгілеріне 4-қосымшада белгіленген оқиғалардың, факторлардың немесе мән-жайлардың болуы;
7) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Сандық көрсеткіштер негізінде айқындалатын банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері
3. Банктің шекті мәндері белгіленетін банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерін сипаттайтын сандық көрсеткіштер мынадай санаттарға бөлінеді:
1) капитал тәуекелдерінің көрсеткіштері – банк капиталының жеткіліктілігі мен сапасының деңгейін, сондай-ақ оның қызмет процесінде банк қабылдайтын тәуекелдерді өтеу және қолайсыз факторлардың әсерінен капиталдың орнықтылығын қамтамасыз ету қабілетін сипаттайтын көрсеткіштер;
2) кредиттік тәуекел көрсеткіштері – банктің кредиттік тәуекелге ұшырауын сипаттайтын және кредиттік портфельдің сапасын, шоғырлануын және провизиялармен қамтылуын көрсететін көрсеткіштер;
3) өтімділік тәуекелінің көрсеткіштері – банктің клиенттер мен контрагенттер алдындағы қолайсыз факторларға ұшыраған кезде өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау қабілетін сипаттайтын көрсеткіштер;
4) валюталық тәуекел көрсеткіштері – банктің валюталық бағамдардың өзгеруі салдарынан туындайтын шығындар тәуекеліне ұшырауын, сондай-ақ банктің шетел валютасындағы міндеттемелерді уақтылы орындау қабілетін сипаттайтын көрсеткіштер;
5) кірістілік көрсеткіштері – банк қызметінің тиімділігін және оның қаржылық нәтижелерінің орнықтылығын сипаттайтын көрсеткіштер;
6) рейтингтік бағалау көрсеткіштері – Пруденциялық нормативтерге сәйкес танылатын рейтингтік агенттіктер берген банктің және (немесе) оның бағалы қағаздар шығарылымдарының рейтингінің төмендеуімен көрінетін банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауын сипаттайтын көрсеткіштер.
4. Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерін сипаттайтын сандық көрсеткіштер Нашарлау белгілеріне 2-қосымшаға сәйкес негізгі және қосалқы көрсеткіштерге бөлінеді.
Негізгі сандық көрсеткіштер – банктің шекті мәндерінен ауытқуы банктің қаржылық орнықтылығының елеулі нашарлауын көрсететін және Нашарлау белгілерінің 5-тармағында көзделген тәртіппен тиісті реттеу режимін қолдану үшін жеткілікті негіз болатын сандық көрсеткіштер.
Қосалқы сандық көрсеткіштер – банктің шекті мәндерінен ауытқуы банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының жекелеген белгілерін көрсететін және Нашарлау белгілерінің 5-тармағында көзделген тәртіппен тиісті реттеу режимін қолдану үшін басқа қосалқы көрсеткіштермен бірге пайдаланылатын сандық көрсеткіштер.
5. Нашарлау белгілеріне 3-қосымшада көзделген бір негізгі сандық көрсеткіштің немесе қосалқы сандық көрсеткіштер комбинациясының банк үшін белгіленген шекті мәндерден ауытқуы бойынша айқындалатын банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерінің болуы банкке күшейтілген қадағалау режимін немесе қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану үшін негіз болып табылады.
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің және (немесе) өтімділік коэффициенттерінің уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндер деңгейінен төмендеуі, оның ішінде банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің жүйелік буферді ескере алғанда уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндер деңгейінен төмендеуі бойынша банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының сандық белгілері, сондай-ақ банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері бойынша банкті мәжбүрлеп таратумен салыстырғанда банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігі мен орындылығының расталуы банкке реттеу режимін қолдану үшін негіз болып табылады.
Әмбебап банк лицензиясы бар банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының сандық белгілері өтімділікті өтеу коэффициентін және нетто тұрақты қорландыру коэффициентін қоспағанда, банктің барлық операциялары, оның ішінде исламдық банктік операциялар болған кезде ескеріле отырып есептеледі.
6. Капитал тәуекелдерінің көрсеткіштері негізінде айқындалатын қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілері мыналар болып табылады:
1) Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелетін негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің (k1) белгіленген банктің шекті мәнінен төмен мәнге дейін төмендеуі;
2) пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелетін негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің (k1) 3 (үш) ай ішінде банктің шекті мәнінен асатын мөлшерде төмендеуі, егер бұл төмендеу (k1) негізгі капиталдың жеткіліктілігінің ең төменгі талабының 1,75 еселенген деңгейіне жетуіне әкелсе.
3 (үш) ай ішінде негізгі капитал жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) қалыпқа келтіру мақсатында банкті мемлекеттік қолдау шеңберінде алынған қаражат мерзімінен бұрын өтелген күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгісі деп танылмайды, егер мұндай төмендеу тек көрсетілген мән-жайға байланысты болса;
3) Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелетін левередж коэффициентінің белгіленген банктің шекті мәнінен төмен мәнге дейін төмендеуі;
4) Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелетін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес бір қарыз алушыға (к3) тәуекел коэффициентінің белгіленген банктің шекті мәнінен асып кетуі;
5) Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелетін Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты бір қарыз алушыға (к3-1) тәуекел коэффициентінің банктің белгіленген шекті мәнінен асып кетуі;
6) уәкілетті органның банктердің жыл сайынғы қадағалап стресс-тестілеуін өткізу қорытындылары бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің (k1) банктің белгіленген шекті мәнінен төмен мәнге дейін төмендеуі;
7) Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелетін залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелердің ең төменгі мөлшерінің банктің белгіленген шекті мәнінен төмен мәнге дейін, оның ішінде белгіленген кезең ішінде бір рет немесе қайтадан төмендеуі, белгіленген кезең ішінде осындай төмендеу жағдайларының санына байланысты тиісті реттеу режимі қолданылады.
7. Мыналар кредиттік тәуекел көрсеткіштерінің негізінде айқындалатын банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері болып табылады:
1) мына формуламен есептелетін кредиттік-құнсызданған қаржы активтерін (бұдан әрі – 3-сатыдағы кредиттер) және сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған қаржы активтерін (бұдан әрі – СҚКҚ) провизиялармен қамту коэффициенті Нашарлау белгілеріне 1-қосымшада белгіленген деңгейден төмен болу шарты бір мезгілде орындалған кезде бастапқы тану сәтінде құнсыздану туралы растау болған 3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ-ның несие портфеліндегі үлесі коэффициентінің банктің белгіленген шекті мәнінен асып кетуі:
мұндағы:
Несие портфелі дисконттар мен сыйлықақылардың, түзетулер мен провизиялардың шоттарын есепке алмай есептеледі.
3-сатыдағы кредиттер құнсызданудың объективті растауы болып табылатын мынадай оқиғалар анықталған кредиттерді қамтиды:
қарыз алушының елеулі қаржылық қиындықтарының болуы, оның ішінде күтілетін қаржылық қиындық;
шарт талаптарының бұзылуы;
қарызды мәжбүрлеп қайта құрылымдау;
кредит қаражатын мақсатсыз пайдалану;
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 61 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36994 болып тіркелген) бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес әзірленген Банктің провизияларын (резервтерін) есептеу әдістемесінде белгіленген өзге де оқиғалар.
СҚКҚ – бастапқы тану сәтінде құнсыздану туралы растау болған, сатып алынған немесе құрылған қаржы активі.
3-сатыдағы кредиттерді және СҚКҚ-ны провизиялармен қамту коэффициенті мынадай формуламен есептеледі:
2) банктің 3-сатыдағы кредиттерді және СҚКҚ-ны провизиялармен қамту коэффициенті қатарынан 6 (алты) ай бойы шекті мәннен төмен болуы шарты бір мезгілде орындалған кезде 3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ үлесінің қатарынан 6 (алты) ай бойы белгіленген шекті мәннен асып кетуі;
Егер қатарынан есепті 6 (алты) ай ішінде банктің шекті мәндеріне сәйкес бір мезгілде мынадай шарттар орындалса, белгі пайда болды деп есептеледі:
3СҮₘ ≥ 10% және ПҚКₘ <40% − күшейтілген қадағалау режимі үшін;
3СҮₘ ≥ 15% және ПҚКₘ <40% − қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі үшін,
3СҮₘ – 3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ үлесі;
ПҚКₘ – 3-сатыдағы кредиттерді және СҚКҚ-ні провизиялармен қамту коэффициенті;
m = t − 5, t − 4, t − 3, t − 2, t − 1, t;
3) 3-сатыдағы кредиттерді және СҚКҚ-ны провизиялармен қамту коэффициенті Нашарлау белгілеріне 1-қосымшада белгіленген банктің шекті мәнінен төмен болуы шарты бір мезгілде орындалған кезде 3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ үлесінің бір ай бойы банктің белгіленген шекті мәнінен асатын шамаға бірден өсуі;
4) кезеңде төленген сыйақы үлесінің кезеңдегі есептелген пайыздық кірістерге қатынасы көрсеткішінің банктің белгіленген шекті мәнінен төмен мәнге дейін төмендеуі;
5) 20 (жиырма) ірі қарыз алушының берешегіндегі 3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ-ның үлесі 10%-дан асып кету шарты бір мезгілде орындалған кезде 20 (жиырма) ірі қарыз алушының берешегінің жиынтық сомасының банктің негізгі капиталына қатынасы ретінде есептелетін ірі талаптардың шоғырлану (К) көрсеткішінің банктің белгіленген шекті мәнінен асып кетуі, мұнда бұл көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
мұндағы:
Осы тармақшаның мақсаттары үшін:
ірі қарыз алушы деп банк алдында берешегі бар және басқа тұлғалармен қарыз алушылар тобына біріктірмей бөлек қаралатын жеке немесе заңды тұлға түсініледі;
ірі қарыз алушылардың берешек сомасы:
негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті қамтиды;
бір қарыз алушының РЕПО операциялары мен банкаралық қарыздарын, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамына қойылатын талаптарды, банктің балансынан есептен шығарылған банктің қарыз алушыға қойылатын талаптарын, олар бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес резервтер 100 (жүз) пайыз қалыптастырылған банктің қарыз алушыға қоятын талаптарын қамтымайды.
Банктің негізгі капиталы Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептеледі.
8. Өтімділік тәуекелі көрсеткіштерінің негізінде айқындалатын банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері болып табылады:
1) өтімділігі жоғары активтердің банк активтерінің жалпы көлеміндегі үлесі Нашарлау белгілеріне 1-қосымшада белгіленген деңгейден төмен болуы шарты бір мезгілде орындалған кезде Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелетін өтімділікті өтеу коэффициентінің банктің белгіленген шекті мәнінен төмен мәнге дейін төмендеуі;
2) Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелетін нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің банктің белгіленген шекті мәнінен төмен мәнге дейін төмендеуі;
3) депозиттік базаның 1 (бір) аптада нетто-әкетілу көлемінің банктің белгіленген шекті мәнінен асып кетуі;
4) депозиттік базаның күнтізбелік 1 (бір) айда нетто-әкетілу көлемінің банктің белгіленген шекті мәнінен асып кетуі;
5) депозиттік базаның 3 (үш) күнтізбелік айда нетто-әкетілу көлемінің банктің белгіленген шекті мәнінен асып кетуі;
6) Пруденциялық нормативтерге сәйкес есептелетін өтімділігі жоғары активтер көлемінің 3 (үш) ай ішінде банктің белгіленген шекті мәнінен асатын шамаға төмендеуі.
9. Валюталық тәуекел көрсеткіштерінің негізінде айқындалатын банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері болып табылады:
1) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің шкаласы бойынша «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар мемлекеттердің шетелдік валюталары және «еуро» валютасы, сондай-ақ тазартылған бағалы металдар бойынша Пруденциялық нормативтерге сәйкес айқындалатын ашық валюталық позиция (ұзақ және қысқа) лимитінің 6 (алты) ай ішінде банктің белгіленген шекті мәнінен 3 (үш) және одан да көп рет асып кетуі;
2) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар елдердің шетелдік валюталары, сондай-ақ стейблкоиндер бойынша Пруденциялық нормативтерге сәйкес айқындалатын ашық валюталық позиция лимитінің 6 (алты) ай ішінде банктің белгіленген шекті мәнінен 3 (үш) және одан да көп рет асып кетуі;
3) Пруденциялық нормативтерге сәйкес айқындалатын валюталық нетто-позиция лимитінің банктің белгіленген шекті мәнінен 6 (алты) ай бойы 3 (үш) және одан да көп рет асып кетуі;
4) Пруденциялық нормативтерге сәйкес айқындалатын шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша ашық ұзақ және (немесе) қысқа позиция лимитінің банктің белгіленген шекті мәнінен 6 (алты) ай бойы 3 (үш) және одан да көп рет асып кетуі.
10. Кірістілік көрсеткіштерінің нашарлауының белгілері болып табылады:
1) банк активтерінің кірістілік көрсеткішінің банктің белгіленген шекті мәнінен төмен мәнге дейін төмендеуі, мұнда бұл көрсеткіш мынадай формуламен есептеледі:
мұндағы:
БТК (ӨШ) – соңғы он екі айдағы бөлінбеген таза кіріс (өтелмеген шығын);
ЕАПК – есептелген, бірақ алынбаған пайыздық кіріс – соңғы он екі айдағы пайда және залал туралы есептен алынған есептелген пайыздық кірістер мен ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен алынған пайыздық кірістер арасындағы айырма;
Жиынтық активтер – соңғы он екі айдағы жиынтық активтердің орташа мәні;
Банктің қаржылық орнықтылығын және (немесе) қалпына келуін қамтамасыз ету мақсатында банкті мемлекеттік қолдау шеңберінде алынған қаражатты мерзімінен бұрын өтеуге байланысты банк активтерінің кірістілігі көрсеткішінің төмендеуі, егер көрсетілген төмендеу осы мән-жайдың ықпалына ғана байланысты болса, осындай өтеу күнінен бастап 1 (бір) жыл ішінде қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгісі болып танылмайды.
2) есепті кезеңдегі банктің таза пайыздық және пайыздық емес кірістердің жиынтық сомасындағы пайыздық кірістердің үлесі 50%-дан жоғары болу шарты бір мезгілде орындалған кезде пайыздық спредтің банктің белгіленген шекті мәнінен төмен мәнге дейін төмендеуі.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін пайыздық спред – бұл кіріс әкелетін активтердің орташа кірістілігі мен сыйақы төлеуге байланысты міндеттемелердің орташа құны арасындағы айырма.
Есепті кезеңдегі банктің таза пайыздық және пайыздық емес кірістердің жиынтық сомасындағы пайыздық кірістердің үлесі 50%-дан жоғары болу шарты бір мезгілде орындалған кезде банктің пайыздық спредінің банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) қалпына келтіру мақсатында банкті мемлекеттік қолдау шеңберінде алынған қаражаттың мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты банктің белгіленген шекті мәнінен төмен мәнге дейін төмендеуі, егер мұндай төмендеу тек көрсетілген мән-жайға байланысты болса, банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) қалпына келтіру мақсатында банкті мемлекеттік қолдау шеңберінде алынған қаражат мерзімінен бұрын өтелген күннен бастап 1 (бір) жыл бойы қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгісі ретінде танылмайды.
3) банктің операциялық шығыстар сомасының операциялық кірістер сомасына қатынасы көрсеткішінің банктің белгіленген шекті мәнінен асып кетуі, бұл көрсеткіш мынадай формуламен есептеледі:
мұндағы:
операциялық шығыстарға еңбекақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар, жалпы шаруашылық шығыстар, корпоративтік табыс салығын қоспағанда салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, амортизациялық аударымдар, жалдау шығыстары, акцепттер бойынша шығыстар, банк алған кепілдіктер бойынша шығыстар жатады.
операциялық кірістер деп ЕАПК сомасына түзетілген таза пайыздық кіріс; таза комиссиялық кіріс, қаржылық операциялар бойынша таза кіріс (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесінің өзгеруіне, оң/теріс түзетулерге, дилингтік операцияларға, қайта бағалауға, қаржы құралдарын сатуға байланысты кірістер мен шығыстар арасындағы айырма) түсініледі.
11. Банктің рейтингтік бағалау көрсеткіштеріне Пруденциялық нормативтерге сәйкес танылатын рейтингтік агенттіктер берген банктің немесе оның бағалы қағаздар шығарылымының кредиттік рейтингінің Нашарлау белгілеріне 1-қосымшада белгіленген сатылар санына төмендеуі жатады, егер мұндай төмендеу келесі жағдайларға байланысты болмаса:
банк юрисдикциясында тіркелген мемлекеттің тәуелсіз кредиттік рейтингінің төмендеуі, бұл ретте банк рейтингінің төмендеуі шамасы бойынша тиісті тәуелсіз рейтингтің төмендеуінен аспауы қажет;
тұтастай алғанда банк секторына әсер ететін елдік немесе макроэкономикалық факторлардың өзгеруіне байланысты төмендеуі.
12. Ислам банктеріне, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарынан айналдыру жолымен құрылған банктерге қатысты сандық көрсеткіштердің банктің шекті мәндерінен ауытқулары қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілері болып табылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген банктердің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерінің болуы Нашарлау белгілерінің 3-тарауында көзделген сапалық көрсеткіштер негізінде айқындалады.
Микроқаржы ұйымдарынан айналдыру жолымен құрылған банктерге қатысты көрсетілген тәсіл айналдыру күнінен бастап екі жылдан аспайтын өтпелі кезең ішінде қолданылады.
13. Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент банк холдингтерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктерге қатысты Нашарлау белгілеріне 1-қосымшаның 14–18-тармақтарында көзделген өтімділіктің сандық көрсеткіштерінің белгіленген шекті мәндерден ауытқуы мынадай талаптар бір мезгілде сақталған кезде қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілері деп танылмайды:
бас ұйым Standard & Poor’s халықаралық шкаласы бойынша «A-» деңгейінен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингке не Moody’s Investors Service, Fitch шкаласы бойынша немесе Пруденциялық нормативтерде белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктің шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингке ие;
бас ұйым қайтарып алынбайтын кредиттік желі немесе жазбаша кепілдік ұсынған не стрестік жағдай туындаған кезде банкке қаржылық қолдау көрсету туралы келісім жасасқан.
3-тарау. Сапалық көрсеткіштер негізінде банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері
14. Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерін сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің тізбесі Нашарлау белгілеріне 4-қосымшада белгіленген.
15. Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының кез келген мынадай белгілерінің болуы банкке күшейтілген қадағалау режимін қолдану үшін негіз болып табылады:
1) банктің корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі банктің қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер;
2) банктің реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде едәуір бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау;
3) уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде банктің қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы.
16. Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының кез келген мынадай белгілерінің болуы банкке қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану үшін негіз болып табылады:
1) банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындамауы;
2) банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы;
3) банктің корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі банктің қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер;
4) банктің реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде елеулі бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау;
5) уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде банктің қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы;
6) Банктер туралы заңның 80-бабында көзделген қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды және (немесе) Банктер туралы заңның 81-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын орындамау.
17. Банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауының кез келген мынадай белгілерінің болуы, сондай-ақ банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері бойынша банкті мәжбүрлеп таратумен салыстырғанда банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігі мен орындылығының расталуы банкке реттеу режимін қолдану үшін негіз болып табылады:
1) банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты жеті жұмыс күні ішінде депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындамауы;
2) банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) тиісінше орындамауы;
3) банктің корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі банктің қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер;
4) банктің реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде едәуір бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау;
5) уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде банктің қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы;
6) Банктер туралы заңның 80-бабында көзделген қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралардың және (немесе) Банктер туралы заңның 81-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларының орындалмауы;
7) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының орындалмауы немесе тиімсіздігі;
8) күшейтілген қадағалау режиміндегі немесе қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі банктің өзінің қаржылық орнықтылығының нашарлауына алып келетін мәмілелер (операциялар) жасауы, оның ішінде:
банктің активтері сапасының едәуір нашарлауы орын алатын мәмілелер (операциялар) жасауы, оның ішінде, егер көрсетілген мәмілелер (операциялар) банктің залалдарына алып келсе, активтерді, кепіл нысаналарын сату, алмастыру;
банктің залал шегуіне әкелетін нарықтық емес шарттарда мәмілелер (операциялар) жасауы, сондай-ақ Банктер туралы заңның 50-бабында белгіленген талаптарды және (немесе) уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы белгілеген шектеулерді бұза отырып, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасуы;
банктің басқа депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауын мүмкін етпеуге алып келген міндеттемелерді қабылдауы;
мүлікті (оның ішінде уақытша пайдалануға) өтеусіз не салыстырымды экономикалық жағдайлар кезінде ұқсас мүлік бағасына қарағанда банк үшін нашарлау жағына қарай едәуір айырмашылығы болатын бағамен не негіздері болмаса да, банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіре отырып беру;
9) банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру үшін Банктер туралы заңда белгіленген негіздердің болуы;
10) Нашарлау белгілерінің 5-тармағының екінші бөлігінде және осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздердің кез келгені келесі алты ай ішінде банкке қатысты туындайтынын көрсететін мән-жайлардың (мәліметтердің) болуы.
4-тарау. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қаржылық орнықтылығының нашарлауының сандық көрсеткіштерін және олардың шекті мәндерін есептеу және қайта қарау тәртібі
18. Сандық көрсеткіштердің шекті мәндерін қайта қарауды уәкілетті орган қаржы секторының қаржылық көрсеткіштерінің серпінін, макроэкономикалық жағдайлардың, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарының өзгерістерін, сондай-ақ қолданылатын пруденциялық реттеу тәсілдерін талдауды негізге ала отырып, үш жылда кемінде бір рет жүргізеді.
Сандық көрсеткіштердің шекті мәндерін үш жылда бір реттен жиі қайта қарау белгіленген шекті мәндердің өзектілігіне, негізділігіне және қолданылуына әсер ететін объективті мән-жайлар болған кезде жүзеге асырылады, оның ішінде:
макроэкономикалық жағдайлардың елеулі өзгеруі және (немесе) банк секторының қаржылық жай-күйіне сыртқы факторлардың теріс әсері, оның ішінде инфляциялық серпіннің, пайыздық мөлшерлемелер деңгейінің, айырбастау бағамының, экономикалық өсу қарқынының, сыртқы сауда шарттарының өзгеруін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей;
Қазақстан Республикасы заңнамасының, пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемелерінің, реттеушілік есептілік нысандарының, сондай-ақ пруденциялық реттеу, ерте қадағалап ден қою, банктердің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру және реттеу саласындағы халықаралық стандарттардың, ұсынымдар мен қадағалау практикасының өзгерулері;
банктердің қаржылық орнықтылығы мониторингінің, жүйелік тәуекелдерді талдаудың, инспекторлық тексерулердің, қадағалап бағалаудың не шекті мәндерді өзектендіру қажеттігін көрсететін өзге де қадағалау құралдары нәтижелері.
19. Көрсеткіштерді есептеу реттеушілік есептіліктің, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қаржылық есептілігінің деректері, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары ұсынатын және уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде алатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
20. Сандық көрсеткіштердің мониторингі Нашарлау белгілеріне 2-қосымшада белгіленген кезеңділікпен жүзеге асырылады.
5-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері
21. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының сандық көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы үшін белгіленген шекті мәндерден ауытқуы бойынша айқындалатын қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерінің болуы күшейтілген қадағалау режимін және қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану үшін негіз болып табылады.
22. Қаржылық орнықтылықтың нашарлауының кез келген мынадай белгілерінің болуы күшейтілген қадағалау режимін қолдану үшін негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалының корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде елеулі бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау;
3) уәкілетті орган қадағалау функциялары шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің орнықтылығына қауіп төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы.
23. Қаржылық орнықтылықтың нашарлауының кез келген мынадай белгілерінің болуы қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану үшін негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ақшаның болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындамауы;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ақша болмауына немесе жеткіліксіз болуына байланысты аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалының корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде елеулі бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау;
5) уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің орнықтылығына қауіп төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы.
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының
қаржылық орнықтылығының
нашарлауының қаржы-экономикалық
және өзге де белгілерінің мәндеріне
1-қосымша
Банктердің қаржылық орнықтылығының нашарлауын сипаттайтын сандық көрсеткіштердің шекті мәндері
|
№
|
Сандық көрсеткіштер
|
Күшейтілген қадағалау режимін қолдану үшін шекті мән
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану үшін шекті мән
|
Реттеу режимін қолдану үшін шекті мән
|
|
I. Капитал тәуекелдерінің көрсеткіштері
|
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің және (немесе) өтімділік коэффициенттерінің уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндер деңгейінен төмендеуі, оның ішінде банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің жүйелік буферді есепке ала отырып уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндер деңгейінен төмендеуі, сондай-ақ банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері бойынша банкті мәжбүрлеп таратумен салыстырғанда банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігі мен орындылығының расталуы банкке қатысты реттеу режимін қолдануға негіз болып табылады.
|
|
1.
|
Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1)
|
<5,5% + SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы/SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы + консервациялық буфер
және жүйелік буфер + банктердің қадағалап стресс-тестілеуі нәтижелері бойынша буфер+секторалдық контрциклдік/контрциклдік буфер
|
<5,5% + SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы/SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысы + консервациялық буфер
және жүйелік буфер
|
|
2.
|
Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің төмендеуі
|
Капитал жеткіліктілігі бойынша ең төменгі нормативтік талаптың 1,75 еселенген шекті деңгейінен төмендеуі шартында 3 ай ішінде 30%-дан астам төмендеуі
|
|
|
3.
|
Левередж коэффициенті
|
< нормативтік мәнге +2 пайыздық тармақ
|
<нормативтік мәні
|
|
4.
|
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес бір қарыз алушыға тәуекел (к3)
|
6 (алты) ай ішінде 3 (үш) және одан көп рет 25%-дан жоғары болуы
|
|
|
5.
|
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты бір қарыз алушыға тәуекел (к3-1)
|
6 (алты) ай ішінде 3 (үш) және одан көп рет 10%-дан жоғары болуы
|
|
|
6.
|
Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша капиталдың төмендеуі
|
< k1 бойынша ең төменгі нормативтік мәні
|
|
|
7.
|
Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелердің ең төмен мөлшері
|
< ең төменгі нормативтік мәні
|
ең төменгі нормативтік мәннен 3 (үш) ай ішінде 2 (екі) реттен көп түсуі
|
|
II. Кредиттік тәуекел көрсеткіштері
|
|
8.
|
3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ үлесі коэффициенті
|
провизиялармен қамту коэффициенті 40%-дан кем болған жағдайда 15%-ға тең немесе жоғары
|
провизиялармен қамту коэффициенті 40% -дан кем болған жағдайда 20%-ға тең немесе жоғары
|
|
9.
|
Қатарынан 6 (алты) ай ішінде 3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ үлесінің мәні
|
провизиялармен қамту коэффициенті 40%-дан кем болған жағдайда 10%-ға тең немесе жоғары
|
провизиялармен қамту коэффициенті 40% -дан кем болған жағдайда 15%-ға тең немесе жоғары
|
|
10.
|
Бір ай ішінде 3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ үлесінің бірден өсуі
|
4 (төрт) пайыздық тармақтан 6 (алты) пайыздық тармаққа дейін
|
6 (алты) пайыздық тармақтан жоғары
|
|
11.
|
Төленген сыйақы үлесінің есептелген пайыздық кірістерге қатынасы
|
<75%
|
<60%
|
|
12.
|
Ірі талаптардың капитал мөлшеріне шоғырлануы (К)
|
ірі қарыз алушылар бойынша 3-сатының үлесі 10%-дан астам болған жағдайда 200%-дан асуы
|
|
|
III. Өтімділік тәуекелдерінің көрсеткіштері
|
|
13.
|
Өтімділікті өтеу коэффициенті
|
банктің жиынтық активтеріндегі өтімділігі жоғары активтердің үлесі 40%-дан кем болған жағдайда, соңғы 6 (алты) айда 3 (үш) және одан да көп рет нормативтік мәні +5 пайыздық тармақтан төмен болуы
|
банктің жиынтық активтеріндегі өтімділігі жоғары активтердің үлесі 40%-дан кем болған жағдайда, соңғы 6 (алты) айда 3 (үш) және одан да көп рет нормативтік мәннен төмен болуы
|
|
14.
|
Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті
|
<нормативтік мәні
|
соңғы 6 (алты) айда 3 (үш) және одан да көп рет нормативтік мәннен төмен болуы
|
|
15.
|
Депозиттік базаның 1 (бір) аптада нетто-әкетілуі
|
< -15%
|
< -20%
|
|
16.
|
Депозиттік базаның күнтізбелік 1 (бір) айда нетто-әкетілуі
|
< -20%
|
|
|
17.
|
Депозиттік базаның 3 (үш) күнтізбелік айда нетто-әкетілуі
|
< -20%
|
|
|
18.
|
Өтімділігі жоғары активтер көлемінің 3 (үш) ай ішінде төмендеуі
|
> 30%
|
> 40%
|
|
IV. Валюталық тәуекел көрсеткіштері
|
|
19.
|
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердiң шетел валюталары және «еуро» валютасы, сондай-ақ тазартылған бағалы металдар бойынша ашық валюталық позиция лимитi
|
6 (алты) ай ішінде 3 (үш) және одан да көп рет меншікті капиталдың 12,5%-ынан асуы
|
|
|
20.
|
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң «А»-дан төмен тәуелсiз рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердiң шетел валютасы, сондай-ақ стейблкоиндер бойынша ашық валюталық позиция лимитi
|
6 (алты) ай ішінде 3 (үш) және одан да көп рет меншікті капиталдың 5%-ынан асуы
|
|
|
21.
|
Валюталық нетто-позиция лимитi
|
6 (алты) ай ішінде 3 (үш) және одан да көп рет меншікті капиталдың 25%-ынан асуы
|
|
|
22.
|
Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша ашық позиция лимиті
|
6 (алты) ай ішінде 3 (үш) және одан да көп рет меншікті капиталдың 50%-ынан асуы
|
|
|
V. Кірістілік көрсеткіштері
|
|
23.
|
Активтердің кірістілігі
|
<1%
|
|
|
24.
|
Пайыздық спред
|
Есепті кезеңдегі таза пайыздық және пайыздық емес кірістердің жиынтық сомасындағы пайыздық кірістердің үлесі 50%-дан жоғары болған жағдайда – 2%-дан төмен
|
|
|
25.
|
Операциялық шығыстардың операциялық кірістерге қатынасы
|
< 0% / > 100% екі тоқсан қатарынан
|
|
|
VI. Рейтингтік бағалау көрсеткіштері
|
|
26.
|
Банктің немесе оның бағалы қағаздар шығарылымдары рейтингтерінің төмендеуі
|
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ Пруденциялық нормативтерде белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерінің 1 сатыға төмендеуі, егер төмендеуден кейін рейтинг «BB+» немесе одан төмен деңгейге жеткен жағдайда / «B-» немесе одан төмен деңгейдегі рейтингтің болуы
|
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ Пруденциялық нормативтерде белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтерінің 2 және одан да көп сатыға төмендеуі, егер төмендеуден кейін рейтинг «BB+» немесе одан төмен деңгейге жеткен жағдайда
|
Банктің, Қазақстан Республикасының
бейрезидент банкі филиалының
қаржылық орнықтылығының
нашарлауының қаржы-
экономикалық және
өзге де белгілерінің мәндеріне
2-қосымша
Сандық көрсеткіштерді негізгі және қосалқы санаттар бойынша бөлу, сондай-ақ мониторинг кезеңділігі
|
№
|
Сандық көрсеткіштер
|
Көрсеткіштің типі
|
Мониторинг кезеңділігі
|
|
1.
|
Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1)
|
негізгі
|
ай сайын
|
|
2.
|
3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ үлесі коэффициенті
|
негізгі
|
ай сайын
|
|
3.
|
Қатарынан 6 (алты) ай ішінде 3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ үлесінің мәні
|
негізгі
|
ай сайын
|
|
4.
|
Банк рейтингінің немесе оның бағалы қағаздар шығарылымдары рейтингінің төмендеуі
|
негізгі
|
туындауына қарай
|
|
5.
|
Өтімділікті өтеу коэффициенті
|
негізгі
|
ай сайын
|
|
6.
|
Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті
|
негізгі
|
ай сайын
|
|
7.
|
Левередж коэффициенті
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
8.
|
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес бір қарыз алушыға тәуекел (к3)
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
9.
|
Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты бір қарыз алушыға тәуекел (к3-1)
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
10.
|
Ірі талаптардың капитал мөлшеріне шоғырлануы (К)
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
11.
|
Қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша капиталдың төмендеуі
|
қосалқы
|
жыл сайын
|
|
12.
|
Негізгі капитал жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
13.
|
Залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелердің ең төмен мөлшері
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
14.
|
Бір ай ішінде 3-сатыдағы кредиттер және СҚКҚ үлесінің бірден өсуі
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
15.
|
Төленген сыйақы үлесінің есептелген пайыздық кірістерге қатынасы
|
қосалқы
|
тоқсан сайын
|
|
16.
|
Депозиттік базаның 1 (бір) аптада нетто-әкетілуі
|
қосалқы
|
апта сайын
|
|
17.
|
Депозиттік базаның күнтізбелік 1 (бір) айда нетто-әкетілуі
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
18.
|
Депозиттік базаның 3 (үш) күнтізбелік айда нетто-әкетілуі
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
19.
|
Өтімділігі жоғары активтер көлемінің 3 (үш) ай ішінде төмендеуі
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
20.
|
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердiң шетел валютасы және «еуро» валютасы, сондай-ақ тазартылған бағалы металдар бойынша ашық валюталық позиция лимитi
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
21.
|
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валюталары, сондай-ақ стейблкоиндер бойынша ашық валюталық позиция лимиті
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
22.
|
Валюталық нетто-позиция лимиті
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
23.
|
Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша ашық позициясы лимиті
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
24.
|
Активтердің кірістілігі
|
қосалқы
|
тоқсан сайын
|
|
25.
|
Пайыздық спред
|
қосалқы
|
ай сайын
|
|
26.
|
Операциялық шығыстардың операциялық кірістерге қатынасы
|
қосалқы
|
тоқсан сайын
|
Банктің, Қазақстан Республикасының
бейрезидент банкі филиалының
қаржылық орнықтылығының
нашарлауының қаржы-экономикалық
және өзге де белгілерінің мәндеріне
3-қосымша
Қаржылық орнықтылықтың нашарлауының қосалқы сандық көрсеткіштерін қолдану матрицасы
|
|
шекті мәндерден ауытқуға жол берілген көрсеткіштер саны - 0
Күшейтілген қадағалау режимі
|
шекті мәндерден ауытқуға жол берілген көрсеткіштер саны - 1
Күшейтілген қадағалау режимі
|
шекті мәндерден ауытқуға жол берілген көрсеткіштер саны - 2
Күшейтілген қадағалау режимі
|
шекті мәндерден ауытқуға жол берілген көрсеткіштер саны - 3
Күшейтілген қадағалау режимі
|
|
шекті мәндерден ауытқуға жол берілген көрсеткіштер саны - 0
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Бір де бір режим қолданылмайды
|
Бір де бір режим қолданылмайды
|
Бір де бір режим қолданылмайды
|
Күшейтілген қадағалау режимі
|
|
шекті мәндерден ауытқуға жол берілген көрсеткіштер саны - 1
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Күшейтілген қадағалау режимі
|
Күшейтілген қадағалау режимі
|
Күшейтілген қадағалау режимі
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
|
шекті мәндерден ауытқуға жол берілген көрсеткіштер саны - 2
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Күшейтілген қадағалау режимі
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
|
шекті мәндерден ауытқуға жол берілген көрсеткіштер саны - 3
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Банктің, Қазақстан Республикасының
бейрезидент банкі филиалының
қаржылық орнықтылығының
нашарлауының қаржы-
экономикалық және өзге
де белгілерінің мәндеріне
4-қосымша
Банктердің қаржылық орнықтылығының нашарлауын сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің тізбесі
|
№
|
Күшейтілген қадағалау режимі
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі
|
Реттеу режимі
|
|
1.
|
банктің корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі банктің қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер
|
банктің корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі банктің қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер
|
банктің корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі банктің қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер
|
|
2.
|
банктің реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде едәуір бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау
|
банктің реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде едәуір бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау
|
банктің реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде едәуір бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау
|
|
3.
|
уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде банктің қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы
|
уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде банктің қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы
|
уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде банктің қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы
|
|
4.
|
|
ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты банктің депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындамауы
|
банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты жеті жұмыс күні ішінде депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындамауы
|
|
5.
|
|
ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты банктің аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы
|
банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) тиісінше орындамауы
|
|
6.
|
|
Банктер туралы заңның 80-бабында көзделген қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды және (немесе) Банктер туралы заңның 81-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын орындамауы
|
Банктер туралы заңның 80-бабында көзделген қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды және (немесе) Банктер туралы заңның 81-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын орындамауы
|
|
7.
|
|
|
банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының орындалмауы немесе тиімсіздігі
|
|
8.
|
|
|
күшейтілген қадағалау режиміндегі немесе қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі банктің өзінің қаржылық орнықтылығының нашарлауына алып келетін мәмілелер (операциялар) жасауы, оның ішінде:
банктің активтері сапасының едәуір нашарлауы орын алатын мәмілелер (операциялар) жасауы, оның ішінде, егер көрсетілген мәмілелер (операциялар) банктің залалдарына алып келсе, активтерді, кепіл нысаналарын сату, алмастыру;
банктің залал шегуіне әкелетін нарықтық емес шарттарда мәмілелер (операциялар) жасауы, сондай-ақ Банктер туралы заңның 50-бабында белгіленген талаптарды және (немесе) уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы белгілеген шектеулерді бұза отырып, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасуы;
банктің басқа депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауын мүмкін етпеуге алып келген міндеттемелерді қабылдауы;
мүлікті (оның ішінде уақытша пайдалануға) өтеусіз не салыстырымды экономикалық жағдайлар кезінде ұқсас мүлік бағасына қарағанда банк үшін нашарлау жағына қарай едәуір айырмашылығы болатын бағамен не негіздері болмаса да, банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіре отырып беру
|
|
9.
|
|
|
банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру үшін Банктер туралы заңда белгіленген негіздердің болуы
|
|
10.
|
|
|
Нашарлау белгілерінің 5-тармағының екінші бөлігінде және 17-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздердің кез келгені келесі алты ай ішінде банкке қатысты туындайтынын көрсететін мән-жайлардың (мәліметтердің) болуы
|
Банктің, Қазақстан Республикасының
бейрезидент банкі филиалының
қаржылық орнықтылығының
нашарлауының қаржы-
экономикалық және
өзге де белгілерінің мәндеріне
5-қосымша
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қаржылық орнықтылығының нашарлауын сипаттайтын сандық көрсеткіштердің шекті мәндері
|
№
|
Сандық көрсеткіштер
|
Күшейтілген қадағалау режимін қолдану үшін шекті мән
|
Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдануға арналған шекті мәні
|
|
1.
|
Резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті
|
<10% (консервациялық буферді ескере отырып)
|
<8%
|
|
2.
|
Өтімділікті өтеу коэффициенті
|
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жиынтық активтеріндегі өтімділігі жоғары активтердің үлесі 40%-дан кем болған жағдайда, соңғы 6 (алты) айда 3 (үш) және одан да көп рет өтімділікті өтеу коэффициентінің нормативтік мәні +5 пайыздық тармақтан төмен болуы
|
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жиынтық активтеріндегі өтімділігі жоғары активтердің үлесі 40%-дан кем болған жағдайда, соңғы 6 (алты) айда 3 (үш) және одан да көп рет өтімділікті өтеу коэффициентінің нормативтік мәннен төмен болуы
|
|
3.
|
Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті
|
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары үшін нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің нормативтік мәнінен төмен болуы
|
Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдары үшін соңғы 6 (алты) айда 3 (үш) және одан да көп рет нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің нормативтік мәннен төмен болуы
|