"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 134-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық акт жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күннен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіге орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, айдың 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіге орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 134-ө өкімімен Бекітілген
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: