• Мое избранное
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 702 қаулысы

"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі	О. Бектенов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2026 жылғы 7 тамыздағы
 № 702 қаулысымен Бекітілген
  "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы
    Мазмұны

1-бөлім

"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының паспорты

3

2-бөлім

Кіріспе (қысқаша аңдатпа және даму бағдарламасының мақсаты)

5

3-бөлім

"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жай-күйіне, оның ішінде жетістіктеріне, проблемалары мен сын-қатерлеріне шолу

6

3.1-кіші бөлім

Ағымдағы жай-күйді талдау

6

3.2-кіші бөлім

Трендтер мен сын-қатерлерді талдау

26

3.3-кіші бөлім

Даму болжамы және ықтимал даму сценарийлері мен олардың "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына әсерін айқындау

30

4-бөлім

Бағдарламаның пайымы, миссиясы және құндылықтары

33

5-бөлім

"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық басымдықтары

35

5.1-кіші бөлім

Академиялық қызмет

35

5.2-кіші бөлім

Ғылыми қызмет

36

5.3-кіші бөлім

Цифрлық трансформация және жаһандық академиялық серіктестік

37

5.4-кіші бөлім

"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының үшінші миссиясы

38

5.5-кіші бөлім

"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының инфрақұрылымы

40

6-бөлім

Бағдарламаның қойылған мақсатына қол жеткізу жолдары

41

7-бөлім

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелердің сипаттамасы

43

8-бөлім

Бағдарламаны іске асыру прогресін мониторингтеу және бағалау

43

    1-бөлім. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының паспорты

Бағдарламаның атауы

"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚАТЗУ, университет) 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздемелер

1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

2) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

3) "Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығы;

4) "Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығы;

5) "Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығы;

6) "Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығы;

7) "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысы;

8) "Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысы;

9) "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы;

10) "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ-тың (бұдан әрі – "ҰАҒБО") 2024 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясы ("ҰАҒБО" Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 06/24 шешімімен бекітілген)

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ)

Бағдарламаны ҚАТЗУ басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатарынан құрылған бірлескен жұмыс тобы әзірледі, университет ғылыми кеңесінің (2026 жылғы 26 ақпандағы № 9 хаттама) және директорлар кеңесінің (2026 жылғы 17 наурыздағы № 3/26 хаттама) шешімімен мақұлданды

Бағдарламаның мақсаттары

ҚАТЗУ-да әлемдік және өңірлік контекстке интеграцияланған заманауи академиялық және зерттеу экожүйесін қалыптастыру, университетті аграрлық секторды заманауи сын-қатерлерге дайын кадрлармен қамтамасыз ететін және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) білім беру процесіне терең интеграциялайтын технологиялық басымдықтар орталығына трансформациялау

Бағдарламаның міндеттері

1) сапалы қолжетімді білім беру жүйесін құру;

2) ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, білім беруді, ғылымды, өндіріс пен бизнес-құрылымдарды интеграциялау;

3) серіктестік ынтымақтастықты кеңейту және университеттік білім берудің перспективалы моделін қалыптастыру;

4) Университеттің ұлттық және әлемдік ғылым мен жоғары білім жүйесіндегі позицияларын нығайту және жетілдіру;

5) Университеттің инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық базасын нығайту және жетілдіру

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері

2026 – 2030 жылдар

Қаржыландыру көздері

Республикалық бюджет қаражаты, ҚАТЗУ-дың меншікті қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер

  2-бөлім. Кіріспе (қысқаша аңдатпа және даму бағдарламасының мақсаты)
         Осы "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ-тың 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) жоғары оқу орнының (бұдан әр – жоо) әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялану векторын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады, 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегияның қисынды жалғасы ретінде әзірленді. Өткен кезеңде ҚАТЗУ зерттеу университеті мәртебесін табысты растап, халықаралық рейтингтерде өз позицияларын нығайтты.
         ҚАТЗУ-дың бірегейлігі оның Қазақстанның аграрлық саласының басты стратегиялық зияткерлік орталығы ретіндегі рөліне негізделеді. Классикалық жоо-дан айырмашылығы, ҚАТЗУ-дың қуатты ғылыми базасы және университеттің ғылыми-білім беру контурына интеграцияланған ҰАҒБО ведомстволық бағынысты ұйымдарының ("А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС (бұдан әрі – А.И. Бараев атындағы АШҒӨО), Солтүстік-Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС (бұдан әрі – Солтүстік Қазақстан АШҒЗИ) және т.б.) бірегей тәжірибелік шаруашылықтар желісі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК), биологиялық, экологиялық және басқа да бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары бар. Бұл зертханадағы іргелі зерттеуден бастап, дайын технологияларды тікелей алқапқа енгізуге дейінгі инновациялардың толық циклін қамтамасыз етеді. Университет жоғары технологиялық және цифрлық ауыл шаруашылығы жағдайында жұмыс істеуге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлайды.
         Бағдарлама академиялық ғылым мен нақты өндіріс арасындағы институционалдық алшақтықты жоюға бағытталған. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, білім алушыларды зерттеу жобаларына терең интеграциялау және халықаралық серіктестікті кеңейту негізгі басымдықтарға айналуда. Бағдарламаны әзірлеу еліміздің Ұлттық даму жоспарында қойылған, Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша жолдауларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларында, Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған міндеттерді ескере отырып жүзеге асырылды.
         Білімнің, ғылымның, өндіріс пен бизнес-құрылымдардың интеграциясы ұлттық экономиканың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы, сондай-ақ білім экономикасының орнықты дамуының сыни факторы болып табылады. Әлемдік озық тәжірибе көрсеткендей, интеграцияланған ғылыми-білім беру ресурстары еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді, ал өндірістегі жаңа білімге  негізделген технологиялық өзгерістер елдің экономикалық өсуіне ықпал етеді.
         Бағдарламаның мақсаттары: ҚАТЗУ-да әлемдік және өңірлік контекстке интеграцияланған заманауи академиялық және зерттеу экожүйесін қалыптастыру, университетті аграрлық секторды заманауи сын-қатерлерге дайын кадрлармен қамтамасыз ететін және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) білім беру процесіне терең интеграциялайтын технологиялық басымдықтар орталығына трансформациялау.
         Бағдарлама ҚАТЗУ-ды реформалаудың негізгі тәсілдері мен бағыттарын, қажетті ресурстарды және күтілетін нәтижелерді сипаттайды. Бағдарламаны іске асыру аясында оның базасында қызметінің тиімділігі жағынан жетекші шетелдік университеттерден кем түспейтін АӨК саласындағы заманауи зерттеу университетін құру мақсатында ҚАТЗУ-дың ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық қызметін терең жаңғырту, инфрақұрылымы мен институционалдық ортасын дамыту бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру жоспарлануда.
    3-бөлім. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жай-күйіне, оның ішінде жетістіктеріне, проблемалары мен сын-қатерлеріне шолу
    3.1-кіші бөлім. Ағымдағы жай-күйді талдау
         ҚАТЗУ – Орталық және Солтүстік Қазақстанның ірі аграрлық жоо, Астана қаласындағы алғашқы жоғары оқу орны, 1957 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институты ретінде негізі қаланған (КСРО Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 3 қазандағы № 1176 қаулысы). Бүгінгі таңда ҚАТЗУ – өзінің 70 жылға жуық бай тарихы, танылған ғылыми мектептері, терең білім беру дәстүрлері бар көпбейінді университет.
         ҚАТЗУ құрамында 7 институт жұмыс істейді:
         1) ауыл және орман шаруашылығы институты;
         2) жануарлар туралы ғылым және ветеринария институты;
         3) инжиниринг және тамақ технологиялары институты;
         4) энергетика институты;
         5) жер ресурстары және сәулет институты;
         6) бизнес және цифрлық технологиялар институты;
         7) гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институты.
         ҚАТЗУ-да 32 ғылыми зертхана мен ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Бакалавриаттың, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары табысты аккредиттелген.
         ҚАТЗУ халықаралық деңгейдегі зерттеу аграрлық университеті ретінде реформалануға 2013 жылы кірісті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 545 қаулысымен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне зерттеу университеті мәртебесі беріліп, оның 2020 – 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның мақсаты ҚАТЗУ базасында "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы мен ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік жетекші зерттеу университеттерінің моделі бойынша зерттеу университетін құру болды.
         2020 – 2024 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде қызметінің нәтижелері бойынша жетекші шетелдік университеттерден кем түспейтін АӨК саласындағы заманауи зерттеу университетін құру мақсатында ҚАТЗУ-дың ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық қызметін терең жаңғырту, инфрақұрылымы мен институционалдық ортасын дамыту бойынша іс-шаралар кешені іске асырылды.
         2020 – 2024 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру аясында ғылыми-зерттеу және академиялық қызметті жаңғырту жүзеге асырылды. Сонымен қатар күрделі шығындарды нысаналы бюджеттік қаржыландырудың шектеулі болуына байланысты, бірқатар көп капиталды қажет ететін инфрақұрылымдық жобалар жоспарлы 2026 – 2030 жылдар кезеңіне ауыстырылды, олардың қатарына мыналар жатады:
         1) білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кең ауқымда қолдану;
         2) жаңа ғылыми-білім беру мен өндірістік инфрақұрылымды құру және қолданыстағысын жаңғырту;
         3) жаңа инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде:
         Астана қаласында GLP және BSL стандарттарына сәйкес жабдықталған өндірістік-эксперименттік цехтар мен ғылыми-зерттеу зертханаларын орналастыру үшін халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа оқу-зертханалық кешенін;
         жүзу бассейні, жаттығу залы, бокс және күрес залдары, спорттың ойын түрлеріне арналған үй-жайлары бар спорт кешенін салу.
         Жаһандық технологиялық сын-қатерлер мен климаттық өзгерістерге ден қою қажеттілігі ҚАТЗУ-дың академиялық басымдыққа, цифрландыруға, ғылымды интернационалдандыруға және инновацияларды коммерцияландыруға қол жеткізуге шоғырланған жаңа даму бағдарламасын әзірлеуге негіз болды.
          ҚАТЗУ-дың соңғы жылдардағы зерттеу университеті мәртебесіндегі негізгі жетістіктері қызмет бағыттары бойынша келесідей жоғары көрсеткіштермен айқындалады: QS World University Rankings 2025 рейтингінде ҚАТЗУ әлемдік университеттер рейтингінің ең үздік 1201+ қатарына енді.  
 QS Asia University Rankings 2025 рейтингінде университет 281-орынды иеленіп, Орталық Азияның ең үздік 20 университетінің қатарына кіреді және 16-орында тұр.
         2023 жылы ҚАТЗУ алғаш рет британдық беделді Quacquarelli Symonds (QS) рейтингтік агенттігінің аудитінен өтті, нәтижесінде жоо жалпы жоғары баға – 4 жұлдызға ие болды. Ұсынылған санаттар бойынша жоғары балл халықаралық беделді, жоғары білікті оқытушылар құрамын, сондай-ақ күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚАТЗУ-дың озық технологиялық және білім беру мүмкіндіктерін растайды.
         2025 жылы ҚАТЗУ Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) Орнықты даму мақсаттарына (бұдан әрі – ОДМ) қол жеткізуге қосқан үлесін көрсететін беделді халықаралық Times Higher Education (THE) Impact Rankings 2025 рейтингіне алғаш рет енді. Бұл ретте университет аталған жаһандық рейтингке қатысқан Қазақстандағы алғашқы аграрлық университеттердің бірі болды. THE Impact Rankings университеттерді жаһандық өлшемшарттар бойынша, оның ішінде қоғамға қосқан үлесі, орның, инклюзивтілік, серіктестік және білім беру сапасы бойынша бағалайды.
         Университет 2025 жылғы рейтингтік циклде 1501 + позициясын алды. Бұл ретте "Аштықты жою" ОДМ көрсеткіші бойынша ҚАТЗУ 401-600, "Жердегі өмір" көрсеткіші бойынша 601-800, ал "Лайықты еңбек және экономикалық өсу" және "Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым" көрсеткіштері бойынша 801-1000 үздік университеттер қатарына кірді (1-кесте).
          1-кесте. ҚАТЗУ-дың 2025 жылғы рейтингтік циклі  




 




 




 


 

QS Stars рейтингі (2023) – қорытынды баға: 4 жұлдыз




 




 




 


 

QS World University Rankings (2025) – әлемнің ең үздік 1201+ университетінің қатарына ену




 




 




 


 

QS Asia University Rankings (2025) – Азияда 281-орын (Орталық Азия бойынша 16-орын)




 




 




 


 

QS Environmental World Sustainability Rankings (2024) – 535-орын




 




 




 


 

THE Impact Rankings (2025) – 1501+ позиция (БҰҰ ОДМ-на қол жеткізуге қосқан үлес)




 




 




 


 

UI Green Metric World University Rankings (2025) – 1063-орын

       ҚАТЗУ бірнеше жыл қатарынан елдегі ең үздік 3 жоғары оқу орнының қатарына нық еніп, Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің рейтингінде орнықты позицияларын көрсетіп келеді (2-кесте).
         2-кесте. Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің ҚАТЗУ-дың білім беру бағдарламаларының топтары бойынша рейтингі, орындар бойынша бірліктерде

Жылдар

1-орын

2-орын

3-орын

ЖИЫНЫ

БАРЛЫҒЫ ТОП-3

бакалавриат

магистратура

докторантура

бакалавриат

магистратура

докторантура

бакалавриат

магистратура

докторантура

бакалавриат

магистратура

докторантура

2020

4

7

7

7

7

10

6

5

2

17

19

19

55

2021

5

16

9

7

3

9

5

3

2

17

22

20

59

2022

7

17

13

5

4

5

4

0

2

16

21

20

57

2023

4

16

12

10

3

6

3

1

1

17

20

19

56

2024

9

13

12

5

4

7

5

2

2

19

19

21

59

2025

5

14

11

9

3

8

1

5

1

15

22

20

57

       Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (АРТА) қалыптастыратын Қазақстан Республикасы жоо-ның ТОП-20 ұлттық бас рейтингінде ҚАТЗУ 2025 жылдың қорытындысы бойынша отандық жоғары білім беру көшбасшыларының бірі мәртебесін бекіте отырып, құрметті 3-орынды иеленді. Университет аграрлық ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі үшін "Agricultural University Award" мамандандырылған марапатына да ие болды.
         Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі әзірлеген бұл рейтинг жоғары оқу орындары қызметінің сапасын жан-жақты бағалауға бағытталған және IREG (Observatory on Academic Ranking and Excellence) халықаралық әдіснамалық стандарттарына негізделген. Рейтинг әдіснамасы Берлин қағидаттарын, соның ішінде ашықтық пен объективтілікті сақтайды, бұл бағалаудың жоғары стандарттарын растайды.