Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 15-V Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Toggle Dropdown
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат):
Toggle Dropdown
1) мазмұнындағы 107-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«107-бап. Қор»;
Toggle Dropdown
2) 34-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.»;
Toggle Dropdown
3) 36-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«4. Мүлкiне олардың құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қорлар және дiни бiрлестiктер жатады.»;
Toggle Dropdown
4) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«107-бап. Қор
Toggle Dropdown
1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi болмайтын коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
Toggle Dropdown
2. Қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банк шоты болады.
Toggle Dropdown
3. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
Toggle Dropdown
Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқықтары болмайды.
Toggle Dropdown
4. Құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа да мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған қайырмалдықтар және өзге де заңды түсiмдер қордың қаржы көзi болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Қорды басқару тәртiбi және оның органдарын құру тәртiбi оның құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында айқындалады.
Toggle Dropdown
Қордың жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында қамтылатын мәлiметтерден басқа, қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды босату тәртiбi, қор таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс.
Toggle Dropdown
6. Қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
Toggle Dropdown
7. Қор сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшiн оның мүлкi же ткiлiксiз болса және оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса;
Toggle Dropdown
2) егер қордың мақсаттарына қол жеткізу мүмкiн болмаса, ал қор мақсаттарына қажеттi өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса;
Toggle Dropdown
3) қор өз қызметiнде жарғыда көзделген мақсаттардан жалтарған жағдайда;
Toggle Dropdown
4) заңнамалық актілерде немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
8. Қор таратылғаннан кейiн қалған мүлiк оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.»;
Toggle Dropdown
5) 244-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Құрылыс салушының өзiне тиесiлi емес жер учаскесiнде, мемлекетке тиесілі жерлерді қоспағанда, өз бетімен құрылыс салуға меншік құқығын сот Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына құрылыс сәйкес келген жағдайда жер учаскесі иесіне өтемақы төлене отырып, соңғысының бұған келісімі болған кезде тануы мүмкін.»;
Toggle Dropdown
6) 301-бапта:
Toggle Dropdown
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«301-бап. Кепiл мәні
Toggle Dropdown
1. Кез келген мүлiк, оның ішінде айналымнан алынған заттарды (осы Кодекстiң 116-бабының 2-тармағы), кредитордың жеке басымен тығыз байланысты талаптарды, атап айтқанда алименттер, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптарды және оларды басқа тұлғаға беруге заңнамалық актілермен тыйым салынған өзге де құқықтарды қоспағанда, заттар және мүлiктiк құқықтар (талаптар) кепiл мәні болуы мүмкін.»;
Toggle Dropdown
2-тармақтағы «болашақта» деген сөз - «келешекте», «салушының» деген сөз - «берушінің», «иелігіне» деген сөз - «жүргізуіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3. Өндіріп алуға жол берілмейтін мүліктің жекелеген түрлерін, атап айтқанда, азаматтардың мүлкін кепілге қоюға заңнамалық актілермен тыйым салынуы немесе ол шектелуі мүмкін.».
Toggle Dropdown
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар):
Toggle Dropdown
1058-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2. Мүлiктiк сипаты бар әрекеттер мәні болып табылатын жүктеуге, тиiсiнше осы Кодекстiң 1057-бабының қағидалары қолданылады.».
Toggle Dropdown
3. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжатт ар):
Toggle Dropdown
1) мазмұнындағы 383-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«383-3-бап. Істі талап ету, кассациялық шағымды немесе наразылықты беру тәртiбi»;
Toggle Dropdown
2) 383-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«383-3-бап. Істі талап ету, кассациялық шағымды немесе наразылықты беру тәртiбi
Toggle Dropdown
Кассациялық шағымдар мен наразылықтар iске қатысушы адамдардың санына сәйкес көшiрмелерiмен қоса тiкелей кассациялық сатыдағы сотқа жолданады және берiледi. Прокурордың кассациялық наразылығы, шағымы азаматтық іспен бірге кассациялық сатыдағы сотқа жіберіледі.
Toggle Dropdown
Қажеттi жағдайларда сот кассациялық шағым немесе наразылық берген адамды, шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген жазбаша дәлелдемелердiң көшiрмелерiн iске қатысушы адамдардың санына сәйкес ұсынуды мiндеттей алады.
Toggle Dropdown
Азаматтық істі тиісті соттан кассациялық наразылық беру құқығы бар прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін талап ете алады. Прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын сот заңды күшіне енген сот актілерін орындау үшін іс жүргізу әрекеттерін орындағаннан кейін ғана орындайды.».
Toggle Dropdown
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар):
Toggle Dropdown
1) мазмұнында:
Toggle Dropdown
357-4-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«357-4-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасын бұзу»;
Toggle Dropdown
378-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: