Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 553-IV Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Toggle Dropdown
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Toggle Dropdown
1) 65-баптың екінші бөлігінде:
Toggle Dropdown
6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өту кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналы өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша – әскери полиция органдары анықтау органдары болып табылады.
Toggle Dropdown
Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«9-1) күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған қылмыстар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;»;
Toggle Dropdown
2) 285-бапта:
Toggle Dropdown
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Осы баптың екінші, үшінші, бесінші, 5-1, жетінші, 7-1, сегізінші, 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.»;
Toggle Dropdown
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142 (бірінші бөлігінде), 145 (бірінші және екінші бөліктерінде), 175 (бірінші бөлігінде), 187 (бірінші бөлігінде), 230 (бірінші бөлігінде), 251 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 257 (бірінші бөлігінде), 288 (бірінші бөлігінде), 296, 298 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (бірінші бөлігінде), 300 (бірінші бөлігінде), 302 (бірінші бөлігінде), 333 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізе алады.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«5-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары анықтауды осы баптың бесінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес, өзге де барлық қылмыстар бойынша жүргізеді.»;
Toggle Dropdown
8-1-бөлігіндегі «, 325» деген цифрлар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 8-4-бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«8-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, қылмыстық істі қозғаған ішкі істер, қаржы полициясы органы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізеді.»;
Toggle Dropdown
3) 288-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Осы Кодекстің 285-бабының екінші, үшінші, бесінші, жетінші, 7-1, сегізінші, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөліктерінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер оларды жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болса немесе оларды кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене немесе психикалық кемшіліктеріне байланысты өзін қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, алдын ала тергеу жүргізу міндетті.».
Toggle Dropdown
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Toggle Dropdown
14-бапта:
Toggle Dropdown
бесінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5. Өлім жазасы түріндегі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері орындайды.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«5-1. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған немесе этаппен жөнелтілген сотталғандарға қатысты тергеу изоляторлары орындайды.».
Toggle Dropdown
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-
Toggle Dropdown
құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 4, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 7, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Toggle Dropdown
1) мазмұнында:
Toggle Dropdown
355-баптың тақырыбындағы «шекара қызметiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнiң» деген сөздермен ауыстырылысын;
Toggle Dropdown
«575-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі»;
Toggle Dropdown
2) 35-баптың бірінші бөлігіндегі «қаржы полициясы мен» деген сөздер «қаржы полициясының, арнаулы мемлекеттік органдардың және» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
3) 355-баптағы «шекара қызметінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
4) 575-бапта:
Toggle Dropdown
тақырыбы, бірінші бөлігі және екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
Toggle Dropdown
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:»;
Toggle Dropdown
екінші бөліктің екінші абзацындағы «шекара қызметінің» д еген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
5) 619-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, шекара және кеден режимдері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полиция) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;»;
Toggle Dropdown
6) 620-бапта:
Toggle Dropdown
3), 4) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3) Мемлекеттік шекара режимі, шекара режимі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өткен, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының, аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының минералдық және тірі ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшінің Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өз міндетін орындауға байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбаған жағдайда – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
Toggle Dropdown
4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;»;
Toggle Dropdown
«10) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты континенттік қайраңда, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулерді жүргiзу қағидалары бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидалары бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңын, аумақтық суларын (теңізін) және ішкі суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;»;
Toggle Dropdown
7) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
Toggle Dropdown
бесінші абзацтағы «461 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «461 (3-1-бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;