1) бүкіл мәтін бойынша «жануарлар немесе өсімдіктер», «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер немесе жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 548-IV Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Редакция 10.07.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53- құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская равда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «жануарлар немесе өсімдіктер», «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер немесе жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында 290-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер»;
3) 183-баптың екінші бөлігінің г) тармағы алып тасталсын;
4) 288-бапта:
бірінші бөлікте:
б) тармағындағы «құстар мен аңдарды» деген сөздер «жануарларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
в) тармағы алып тасталсын;
«не онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
5) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер
Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын, сондай-ақ пайдаланылуына тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты жою немесе олар мекендейтiн жерлердi жою , -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
6) 291-бапта:
бірінші бөлікте:
«Барлық топтағы ормандарда» деген сөздер «Орман қорында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге қатысты түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар, № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәс елелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 296-баптың тақырыбындағы «жануарлар мен өсiмдiктердi» деген сөздер «өсімдіктер мен жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 283-баптың бірінші және үшінші бөліктеріндегі «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
3) 296-баптағы «жануарлар мен өсiмдiктердi» деген сөздер «өсімдіктер мен жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 298-баптың екінші және үшінші бөліктерінің екінші абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
5) 298-1-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Балықты бас саға құрылыстарына түсiп кетуден қорғау үшiн арнайы қондырғылар салмай» деген сөздер «Балық қорғау құрылғысын орнатпай» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат):
1) мазмұнында 129-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«129-бап. Мемлекеттік орман қоры жерін ауыл шаруашылығы мақсаттары және құрылыс объектілері үшін жер пайдалануға беру»;
2) 12-баптың 38) тармақшасындағы «шаруашылығы» деген сөз «және балық шаруашылықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 6) тармақшасы «тізбесін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 26-баптың 1-тармағы «сауықтыру» деген сөзден кейін «, рекреациялық» деген сөзбен толықтырылсын;
5) 41-баптың 4-тармағындағы «шөп шабу және мал жаю» деген сөздер «шөп шабу, мал жаю, сондай-ақ омарталар орналастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 43-баптың 7-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі жерге орналастыру iсiн шешiм жобасымен бірге жоғары тұрған органға шешім қабылдау үшін енгізедi.»;
7) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) жекеше орман өсіру үшін;»;
8) 49-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің шегіндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуді ауданның (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтарға ие облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің ұсынысы бойынша жүзеге асырады.»;
9) 90-бап «жол,» деген сөзден кейін «жаңартылатын энергия көздерін – күн мен жел энергиясын пайдалану жөніндегі объектілерді,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 107-баптың 3-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) орман қорының жері;»;
8) тармақшадағы «қаладағы ормандар» деген сөздер «орман парктерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 122-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтінге қатысты түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
12) 123-баптың 1-тармағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына,» деген сөздерден кейін «оның ішінде олардың шекарасында орналасқан меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлеріне,» д еген сөздермен толықтырылсын;
13) 126-бапта орыс тіліндегі мәтінге қатысты түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;