Toggle Dropdown
11
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы № 2483 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 05.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның қызметін бақылау мен қадағалауды айқындайды.
Toggle Dropdown
1 тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өз рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Toggle Dropdown
1-1-бап. Күзет іс-шаралары
Toggle Dropdown
Күзет іс-шаралары – күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларының жиынтығы.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
Toggle Dropdown
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жедел штабының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан айқындайды.
Toggle Dropdown
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле бастағаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының барлық әскери қызметшілеріне, қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
1-2-бап. Күзетілетін адамдар
Toggle Dropdown
1. Күзетілетін адамдар - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзетуге жататын адамдар.
Toggle Dropdown
2. Мыналар күзетілетін адамдар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;
Toggle Dropdown
5) Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері;
Toggle Dropdown
6) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының экс-президенті;
Toggle Dropdown
9) тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары;
Toggle Dropdown
11) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өкімдері негізінде қамтамасыз етілетін халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары.
Toggle Dropdown
3. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған лауазымды адамдар тең жағдайда күзетіледі.
Toggle Dropdown
4. Осы баптың 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығына күзетуші адамдар қызмет міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда оларды ауыстыруды ұсынуға құқылы.
Toggle Dropdown
1-3-бап. Күзетілетін объектілер
Toggle Dropdown
Күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен су айдыны.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітеді.
Toggle Dropdown
1-4-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс мақсаттары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ұйымдастыру және үйлестіру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс мақсаттары болып табылады.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
Toggle Dropdown
3) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
4) өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін.
Toggle Dropdown
3-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының принциптерi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы заңдылық, гуманизм, адам құқықтары мен кәсiптiк этиканы құрметтеу, дара басшылық принциптерiне сәйкес құрылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi өзiнiң алдында тұрған мiндеттердi басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және жекелеген азаматтармен өзара бiрлесе отырып шешедi.
Toggle Dropdown
4-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Toggle Dropdown
4-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысын ұйымдастыру
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын, лауазымнан босататын және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығаратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Республика Президенті бекітеді.
Toggle Dropdown
2 тарау. Тарау алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi мен құқықтары
Toggle Dropdown
8-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндетi:
Toggle Dropdown
1) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қолсұғатын құқық бұзушылықтарды болдырмау және олардың жолын кесу; бұлардың ықтимал жасалуына ықпал ететiн мән-жайларды анықтау және өз құқықтары шегiнде оларды жою үшiн шаралар қолдану;
Toggle Dropdown
2) құқық бұзушылықтардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз күйде не денсаулығы мен өмiрiне қауіпті өзге де жағдайда болатын күзетiлетiн адамдарға көмек көрсету. Күзетiлетiн адамдарға медициналық қызмет көрсетумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге өз құзыреті шегінде қатысу;
Toggle Dropdown
3) күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiне немесе күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жөніндегі мәлiмдеулердi, хабарларды және келiп түсетін өзге де ақпаратты қабылдап алу, заңнамада көзделген шараларды уақтылы қолдану;
Toggle Dropdown
4) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау мен iздестiруде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсету;
Toggle Dropdown
5) күзетiлетiн адамдардың күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртiппен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
6) күзетiлетiн адамдардың көлiктiң барлық түрiнде жүрiп-тұру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдардың жүрiп-тұруы үшiн бөлiнетiн автомобиль және басқа көлiк құралдарының жүрiс қауiпсiздiгi саласында қолданылып жүрген белгiленген ережелердi, нормативтер мен стандарттарды сақтау және сақталуын бақылау;
Toggle Dropdown
7) авариялар, апаттар, өрт, табиғат зiлзалалары және басқа төтенше жағдайлар кезiнде күзетiлетiн адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету жөнiнде, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың жеке мүлкiн және күзетiлуге тиiс әрi қараусыз қалған өзге де мүлiктi күзету жөнiнде шұғыл шаралар қолдану; Қазақстан Республикасы аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген ретте заңға сәйкес күзетiлетiн адамдарға қатысты осындай жағдайдағы құқықтық режимнiң қамтамасыз етiлуiне, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия кезiнде күзетiлетiн адамдарға қатысты карантиндiк шаралар жүргiзiлуiне қатысу;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының Президентін және өзге де күзетiлетiн адамдарды байланыспен қамтамасыз етуді, президенттік байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастыру.
Toggle Dropdown
Президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін және өзге де ұйымдарды президенттік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәртібі келісімдерде (шарттарда) айқындалады;
Toggle Dropdown
9) азаматтарға, кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге олардың байланыс құралдарын, көлiгi мен үй-жайларын қызмет мақсатында пайдалануға байланысты келтiрiлген зиянды белгiленген тәртiппен өтеу.
Toggle Dropdown
10) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң құқықтары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн мынадай құқықтар берiледi:
Toggle Dropdown
1
1) күзетілетін объектілерге кіру (көлікпен кіру) кезінде және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде азаматтарды (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке жете тексеру, олардың алып жүрген заттарын жете тексеру, көлік құралдарын және олармен алып өтетін заттарды, оның ішінде техникалық құралдар қолданыла отырып жете тексеру жүргізу. Күзетілетін объектілерге заттар мен заттектерді алып өтуге тыйым салу. Күзетілетін объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттар мен заттектердің тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы айқындайды;
Toggle Dropdown
1-1) Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде фактілер мен оқиғаларды суретке түсіруді, дыбысжазбаны, кино және бейне түсірілімді жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қол сұғатын құқық бұзушылықтың жасалуына итермелейтiн жағдаяттарды жою жөнiнде ұсыныстар және (немесе) нұсқамалар енгiзу;
Toggle Dropdown
2-1) жеке және заңды тұлғаларды тексеруді және оларды күзетілетін адамдар мен объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа жіберуді жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
2-2) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану;
Toggle Dropdown
2-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде анықтау жүргізу;
Toggle Dropdown
2-4) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жедел-iздестiру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізу;
Toggle Dropdown
2-5) күзетілетін адамдардың болуына арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу;
Toggle Dropdown
3) ұйымдардың, әскери құрамалардың қызметтiк үй-жайларын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлiк, байланыс құралдарын және өзге мүлкiн уағдаластық негiзде пайдалану;
Toggle Dropdown
4) белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардан меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан және әскери құрамалардан өзiне жүктелген мiндеттi орындауға қажеттi ақпаратты сұрату және алдырту;
Toggle Dropdown
5) күзетілетін адамдар келуге арналған үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда, оларға іргелес жатқан аумақтарда, сондай-ақ күзетілетін объектілерде санитариялық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5-1) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін объектілерді күзету және қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару, күзет іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, сондай-ақ күзет іс-шараларына қатыстыруға тартылатын күштер мен құралдардың құрамын мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындау;
Toggle Dropdown
6) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң арнайы даярлықтан өткен қызметкерлерiне табель қаруы мен арнаулы құралдар сақтауына, тағынып жүруiне рұқсат беру;
Toggle Dropdown
8) күзет шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн қызметкерлерiн Республикадан тыс жерлерге iссапарға жiберу;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қарауындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, соның iшiнде арнаулы оқу орындарында уағдаластық негiзде кадрлар даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
9-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
10) баланста тұрған объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық күтiмдi қамтамасыз ету, бұларды санитарлық-гигиеналық, экологиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
10-1) Мемлекеттік күзет қызметінің орналасу орнынан тыс жерде уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын айрықшаланған бөлімшелер құру;
Toggle Dropdown
11) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде сiңiрген еңбегi үшiн азаматтарды ынталандыру, оларды заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына ұсыну;
Toggle Dropdown
12) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде қызметке тарту;
Toggle Dropdown
13) күзет іс-шараларына қатысу үшін қажет болғанда ішкі істер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың күштерi мен құралдарын тарту. Мемлекеттік органдарды күзет іс-шараларына қатысуға тарту тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Күзетiлетiн адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн ұйымдастырушы әрi үйлестiрушi орган болып табылады.
Toggle Dropdown
4 тарау. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануы
Toggle Dropdown
10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің қаруды, арнаулы құралдар тағынып жүруге, сақтау мен қолдануға, сондай-ақ күш жұмсауға құқығы бар. Олар арнаулы дайындықтан өтуге, күш жұмсауға, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайларда iс-әрекетке жарамдылығы жөнiнен әлсiн-әлi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері және әскери қызметшісі, егер қорғанысы күзетiлетiн адамдарға, күзетілетін объектiлерге немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінiң (әскери қызметшісінің) өз басына төнген қатердiң сипаты мен қаупiне сәйкес келсе, заңда көзделген жағдайларда күш жұмсауына, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал мен дене жарақаты үшiн жауап бермейдi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінiң және (немесе) әскери қызметшілерінің өкiлеттiгiн асыра пайдаланып күш жұмсауы, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.
Toggle Dropdown
11-бап. Күш жұмсау
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң және әскери қызметшілерінің күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қауiп төндiретiн қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасаған адамдарды ұстау, заңды талаптарға қарсы әрекеттердi жою үшiн, егер күш жұмсалмайтын әдiстер Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етпейтiн болса, күш жұмсауға, соның iшiнде күрестiң әскери тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар.
Toggle Dropdown
12-бап. Арнаулы құралдарды қолдану
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң және әскери қызметшілерінің өздерi жарақтанған арнаулы құралдарды мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар:
Toggle Dropdown
1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайларға, басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты бұл объектiлер мен құралдар басып алынған жағдайда оларды босату үшiн;
Toggle Dropdown
3) атыс қаруын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, уыты күштi химиялық және улы заттарды заңсыз ұстап жүрген адамдарды қарусыздандыру үшiн;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне не Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзет шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
Toggle Dropdown
5) құқық бұзушыларды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне қарсылық көрсеткен немесе өздерiне жүктелген қызмет мiндеттерiн жүзеге асыруына қасақана кедергi келтiрген адамдарды ұстау үшiн;
Toggle Dropdown
6) кепiлге алынған адамдарды босату, күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне және объектілерге қауiп төндiретiн жаппай тәртiпсiздiктердi, топтық әрекеттердi тыйып тастау үшiн;
Toggle Dropdown
7) егер күзетiлетiн адамдарға төнген анық қатерге басқа тәсiлдермен жол бермеу мүмкiн болмаса, жүргiзушiсi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерінiң және (немесе) әскери қызметшісінің талабын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн.
Toggle Dropdown
8) әуе кеңістігін күзет іс-шараларын өткізу аймағында немесе күзетілетін объектілер аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу үшін.
Toggle Dropdown
Күзетiлетiн адам тұрған жаққа қарай, сондай-ақ жүктiлiгi бiлiнiп тұрған әйелдерге, мүгедектiгi айқын көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты, олар күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топталып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
13-бап. Қаруды қолдану және жауынгерлiк техниканы пайдалану
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң, әскери қызметшілерінің қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар:
Toggle Dropdown
1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiне, әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ осы орган күзет шараларын қамтамасыз ету үшiн тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
Toggle Dropdown
4) азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн;
Toggle Dropdown
5) қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде не тiкелей қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн.
Toggle Dropdown
6) әуе кеңістігін күзет іс-шараларын өткізу аймағында немесе күзетілетін объектілер аумағының үстінен пилотсыз әуе кемелері бұзуының жолын кесу үшін.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерiнiң, әскери қызметшілерінің қаруды, бұдан басқа, мынадай жағдайларда да қолдануға құқығы бар:
Toggle Dropdown
1) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндірсе және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінiң, әскери қызметшісінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
Toggle Dropdown
2) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
Toggle Dropdown
3) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін.
Toggle Dropdown
Күзетiлетiн адамдар тұрған жаққа қарай, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, әуе кемесiн қолға түсiрген жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайда қару қолдануға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерi, әскери қызметшілері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
Toggle Dropdown
Адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, дене күші, арнайы құралдар, қару мен жауынгерлiк техника қолданылған әрбір жағдай туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурор хабардар етіледі.
Toggle Dropdown
5 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң кадрлары
Toggle Dropdown
14-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметiнің кадрлар құрамы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
Toggle Dropdown
Президенттің Күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің штаттық санының лимитін Президенттің Күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Toggle Dropdown
Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерінің санын осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде Президенттің Күзет қызметінің бастығы белгілейді.
Toggle Dropdown
15-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызметте тұрған адамдар Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері болып табылады.
Toggle Dropdown
Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері Президенттің Күзет қызметі кадрларында немесе қолданыстағы резервте тұрады.
Toggle Dropdown
Қызметкерлерді қолданыстағы резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртібін Президенттің Күзет қызметінің бастығы белгілейді.
Toggle Dropdown
Президенттің Күзет қызметі күзететін күзетілетін адамдардың, объектілер мен көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда олардың келісімімен белгіленген тәртіппен штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшін Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте қалдырыла отырып, іссапарға жіберілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
15-1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімдері мен бөлімшелерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері:
Toggle Dropdown
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтар;
Toggle Dropdown
2) ерікті негізде келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;
Toggle Dropdown
3) запастан шақырылған әскери қызметшілер қатарынан жасақталады.
Toggle Dropdown
Азаматтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақыруды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне қойылатын білім, жұмыс тәжірибесі мен дене дайындығы деңгейі жөніндегі талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi iрiктеп алуға басымдық берiледi.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекіткен нормалар бойынша мүліктің заттай және басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
16-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыскерлері
Toggle Dropdown
Президенттің Күзет қызметі жұмыскерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Toggle Dropdown
17-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде билік өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне оның жеке басы мен өкiлеттiктерін растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік әрекеттеріне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің заңды талаптарын жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, әскери қызметшілерінің заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтік мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерін, әскери қызметшілерін қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндіру немесе күш көрсету, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкіне қол сұғу, олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына кедергі жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Toggle Dropdown
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері, әскери қызметшісі заңды басшылыққа алуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері саяси партияларда, кәсіптік одақтарда тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметiнің қызметкерлері, әскери қызметшілері, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес.
Toggle Dropdown
18-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік мiндеттерi мен құқықтары
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері:
Toggle Dropdown
1) алдарына қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шешуге;
Toggle Dropdown
2) кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене күші дайындығының, арнайы және жауынгерлік даярлықтың қажеттi деңгейiн сақтап тұруға мiндеттi.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде қолданыстағы заңнамада көзделген шектерде және тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) күзет іс-шаралары өткізілетін орындарда азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
Toggle Dropdown
2) құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге;
Toggle Dropdown
3) қажет болған кезде азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
Toggle Dropdown
4) құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда азаматтарды ұстауға, iшкi iстер органдарына, өзге де құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметтік үй-жайларына әкелуге;
Toggle Dropdown
5) ұйымдарға, ал шұғыл жағдайларда азаматтарға да тиесілі байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
Toggle Dropdown
6) қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе оларды жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау және ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдем қажет адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiне тиесілі көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
Toggle Dropdown
7) егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге нақты қатер төндiруі мүмкін болса, күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезiнде, сондай-ақ осындай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілгендерді қудалау кезінде азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнен басқа) аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
Toggle Dropdown
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды жерлердiң жекелеген учаскелері мен объектiлерге жiбермеуге, олардың жерлердiң нақты учаскелерінде немесе объектiлерде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн міндеттеуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi қызметкерлерінiң, әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерін, әскери қызметшілерін олардың қызметтік мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшін тартуға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
19-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу кепiлдiктерi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ жеке қарап-тексеруге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын қызметтік көлiк құралдарын қарап-тексеруге жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерінің, әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал кейiннен осы сома залал келтірген адамнан өндiрiліп алына отырып бюджет қаражатынан толық көлемде өтеледі. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі айқындайды.
Toggle Dropdown
20-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6 тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн қаржыландыру және материалдық техникалық қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
21-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
22-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
7 тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
Toggle Dropdown
23-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысына бақылау жасау
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Президентi бақылайды, ол тексерушi органдарды тағайындайды, олардың мақсатын, мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды, бақылау нысандары мен оларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi мен оның жұмысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президентiне табыс етiледi.
Toggle Dropdown
24-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалау
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау салаларындағы жұмысында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Бас Прокурор және ол арнайы уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
25-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi