• Мое избранное
Ветеринария туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ Заңы

Құжат мәтініндегі "ветеринариялық қадағалау", "ветеринариялық қадағалауды", "ветеринариялық қадағалаудың", "ветеринариялық қадағалауға" сөздері "ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды", "ветеринариялық-санитариялық бақылаудың", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" сөздермен; 
"ветеринариялық инспекторлар", "ветеринариялық инспекторлары", "ветеринариялық инспекторларының", "ветеринариялық инспекторларымен", "ветеринариялық инспекторларын", "ветеринария инспекторларын", "ветеринариялық инспекторларды", "Ветеринариялық инспекторлардың", "ветеринариялық инспекторлардың", "ветеринариялық инспектор", "ветеринариялық инспектордың", "ветеринариялық инспекторының", "ветеринариялық инспекторда", "ветеринариялық инспекторы", "ветеринариялық инспекторын", "ветеринариялық инспекторларға" сөздер "ветеринариялық-санитариялық инспекторлар", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлары", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларының", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларын", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларды", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларды", "Ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың", "ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың", "ветеринариялық-санитариялық инспектор", "ветеринариялық-санитариялық инспектордың", "ветеринариялық-санитариялық инспекторының", "ветеринариялық-санитариялық инспекторда", "ветеринариялық-санитариялық инспекторы", "ветеринариялық-санитариялық инспекторын", "ветеринариялық-санитариялық инспекторларға" сөздермен; 
 "базарларда", "базарлардағы", "Базарларда", "Базарлардағы", "базардағы", "нарықтардағы", "нарыққа" сөздер "ішкі сауда объектілерінде", "ішкі сауда объектілеріндегі", "Ішкі сауда объектілерінде", "Ішкі сауда объектілеріндегі", "ішкі сауда объектілеріндегі", "ішкі сауда объектісіне" сөздермен;
 "өнімдерге" сөзі "өнімдер мен шикізатқа" сөзімен;
"мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер", "басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер", "Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер", "мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк" сөздер "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "ішкі сауда объектілерін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер", "орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті" сөздермен;
"ветеринариялық бақылау", "ветеринариялық бақылауды", "ветеринариялық бақылауға" сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды", "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" сөздермен;   
"ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның", "Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен", "Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның" сөздер "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "Уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "Уәкілетті органның" сөздермен ауыстырылды ҚР 24.07.2009 жылғы № 190-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» сөздерінің алдынан «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» сөздерімен толықтырылды ҚР 30.06.2010 жылғы № 297-IV Заңымен
Құжат мәтініндегі «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» сөздері «ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мен қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға» сөздерімен ауыстырылды ҚР 06.01.2011 жылғы № 378-IV Заңымен (30.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)» сөздері «ауылдың, ауылдық», «ауылдық», «ауыл, ауылдық» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Конституциялық Заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «Кеден одағының» сөздері «Еуразиялық экономикалық одақтың» сөздерімен ауыстырылды ҚР 26.12.2017 жылғы № 124-VІ Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Кіріспе өзгертілді ҚР 24.07.2009 жылғы № 190-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 24.07.2009 жылғы № 190-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдаймен сипатталатын, ауру ошағының маңайында оның белең алуына байланысты немесе осы аумақты жұқпалы аурулардың пайда болуынан қорғау үшін ұйымдастырылатын эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
3-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңына сәйкес
3-1-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі - жеке нөмірлер эмиссиясы) - ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңына сәйкес
3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
1-бап 3-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңына сәйкес
3-3-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
1-бап 3-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңына сәйкес
3-4-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;
1-бап 3-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңына сәйкес
3-5-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi – лазерлiк станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым;
1-бап 3-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) бақылау аймағы - буфер (қорғаныш) аймағы пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;
4-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) буфер (қорғаныш) аймағы – жануарлар ауруын қоздырғыштың әкелінуіне жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу арқылы қолайлы аймақта немесе мәртебесі белгіленбеген аймақта жануарлар субпопуляциясының зоосанитариялық мәртебесін қорғау үшін белгіленетін аймақ;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
7) ветеринариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және (немесе) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
7-тармақша өзгертілді ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақша өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-сани тариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;
8-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен (24.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)
9) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат, ветеринариялық-санитариялық қорытынды; жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
9-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен (24.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)
9-тармақша өзгертілді  ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
9-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
10-тармақша өзгертілді  ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақша өзгертілді ҚР 05.01.2021 жылғы № 408-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) ветеринариялық препараттар мыналар:
11-тармақша өзгертілді  ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
11-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез әдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар;
фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар;
жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған заттар.
Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттарға қолданылады;
12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы - ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтары (ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары), сәйкестiгiн растау, қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткiзу немесе қолдану;
12-тармақша өзгертілді  ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
12-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттiк тiркеу - уәкiлеттi органның ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын олардың сараптамасының, байқаудан өткiзудiң және тiркеу сынақтарын жүргізудің нәтижелерi бойынша ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізбелеріне енгізуі және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi;
13-тармақша өзгертілді  ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
13-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
14-тармақша өзгертілді  ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары – ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау;
15-тармақша өзгертілді  ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
15-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу – ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу;
16-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-1) ветеринариялық пункт - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
1-бап 16-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңымен
16-1-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) ветерин ариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;
18) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
18-тармақша өзгертілді  ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
18-тармақша өзгертілді ҚР 13.06.2013  жылғы №102-V Заңы бойынша (10.07.2012  ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
19-1) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;
1-бап 19-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.01.2012 жылғы № 540-IV Заңына сәйкес
19-1-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
20-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
21-тармақша өзгертілді ҚР 13.06.2013  жылғы №102-V Заңы бойынша (10.07.2012  ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22) есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
23) ет өңдейтін кәсіпорын - жануарларды сою және сойылған өнімдерді өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндірістік цехы, өндірістік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімі және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін басқа да қосалқы объектілері бар өндірістік кешен;
24) жануарды ветеринариялық қарап-тексеру – жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, оған жүргізетін клиникалық қарап-тексеру;
24-тармақша өзгертілді ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
26) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау), сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
27) жануарлардан алынатын өнімдер - ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығының өнімдері;
28) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексеру – қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер, жүзеге асыратын, жануарлардың ұшасы мен ағзаларына, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа оларда көзге көрінетін өзгерістерді, аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін қарап-тексеруді жүргізу;
28-тармақша өзгертілді ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
28-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім;