• Мое избранное
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 336 Заңы

Осы Заң күшін жойды 2014 жылғы 18 қарашадан бастап ҚР 07.11.2014 жылғы № 248-V Заңына сәйкес
Редакция 04.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жүйесiн айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
1-бап өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012 жылғы №  553-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
 
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi – қаржы полициясы органдары) заңда белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзуарқылы экономикалық және қаржылық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған қызметтi жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.
2-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:
1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;
2-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес iсiнде мемлекеттiк және құқықтық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
3-тармақша өзгертілді ҚР 06.01.2011 жылғы № 379-IV  Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
3-бап. Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап 2-бөлікпен толықтырылды ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
4-бап. Қаржы полициясы органдарының ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерi
4-бап өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Қаржы полициясы органдарының қызметi заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн құрметтеу және сақтау, қаржы полициясы органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жұмыстың жария және жасырын нысандарын ұштастыру және дара баршылық, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiнде жүзеге асырылады.
2-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2-тараудың тақырыбы өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5-бап. Қаржы полициясы органдарының жүйесi
5-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қаржы полициясының төменгi бөлiмшелерi жоғары тұрғандарына бағынатын бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi бар.
Қаржы полициясы органдарының бiрыңғай жүйесiн:
1) мыналарды:
1-тармақтың 2-бөлігі өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
орталық мемлекеттiк органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдарын қамтитын қаржы полициясының органдары;
2) оқу орындары және өзге де ведомстволық бағыныстағы мекемелер құрайды.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қаржы полициясының тиiстi бөлiмшелерi, сондай-ақ қаржы полициясының аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық бөлiмшелерi қаржы полициясының аумақтық органдары болып табылады.
Қаржы полициясының көлiктегi тиiстi бөлiмшелерi қаржы полициясының мамандандырылған органдары болып табылады.
3. Қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асырады.
4. Қаржы полициясы органдарының жүйесiне кiретiн уәкiлеттi органды, оның бөлiмшелерi мен оқу орындарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелердi құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қаржы полициясы органдарының жүйесiне кiретiн ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiн жүзеге асырудың ерекшелiктерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
5-тармақ өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6. Қаржы полициясы органдарының туы мен нышаны бар.
Қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
6-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi орган экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөнiндегi басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асырады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2. Уәкiлеттi орган:
1) қаржы полициясының органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша олардың iс-қимылына басшылықты, оның үйлестiрiлуi мен келiсiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
2) қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, әкiмшiлiк, тергеу және анықтау қызметiнiң практикасына талдау жасайды;
3) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестiру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын белгiлейдi, қаржы полициясы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және iске асырады;
4) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң жұмысына бақылау жасайды;
5) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
6) қаржы полициясы органдарының мамандарын даярлауды және кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын іске асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;
7-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Конституциялық заңымен (27.04.2012 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
8) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерi шегiнде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
8-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
8-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;
2-тармақ 8-1-тармақшамен толықтырылды  ҚР 06.01.2011 жылғы № 379-IV  Заңына сәйкес
9) өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
9-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен ( 10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңына сәйкес
3. Уәкiлеттi органның, оның бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелерi қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн уәкiлеттi орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
7-бап. Уәкiлеттi органның басшысы
1. Уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
2. Басшы шешiмдердi өз өкiлеттiгi шегiнде дербес қабылдайды және уәкiлеттi органның қызметi үшiн жеке өзi жауап бередi.
3. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
1) уәкiлеттi органға басшылықты жүзеге асырады;
2) барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда уәкiлеттi органның атынан өкiлдiк етедi;
3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының және ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi;
5) өз өкiлеттiгi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң мiндеттi түрде орындауына жататын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындарының құрылымын және қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;
6-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
7) Қазақстан Республикасының мiндеттi арнайы тексеруден өткен азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, арнайы атақтар бередi;
8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) әдетте, орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары және өзге де лауазымды адамдар арасынан алқаның сан және жеке құрамын бекiтедi, сондай-ақ алқа отырыстарын әзiрлеу мен өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
3-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ МIНДЕТТЕРI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
8-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
1. Қаржы полициясының органдары өздерiнiң алға қойған мiндеттерiне сәйкес, өз өкiлеттiктерi шегiнде:
1) жасалған немесе жасалуға әзiрленiп жатқан қылмыстар туралы мәлiмдемелер мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, қылмыстардың жолын кесу, оларды ашу, қылмыс жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауiптi салдарына жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
4) жедел-iздестiру іс-шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге, олардың нәтижелерiн қылмыстық процесте пайдалану үшiн тiркеуге, қылмыстарды ашуға, іс жүргізуіндегі қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын және прокурордың нұсқауларын, сондай-ақ соттың қаулыларын орындауға;
4-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
5) мыналарды:
қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша адамдарды;
жүрген жерi белгiсiз болған кезде соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай талап қоюлар бойынша жауапкерлердi iздестiрудi жүзеге асыруға;
6) экономикалық құқық бұзушылықтар келтiрген мүлiктiк зиянның өтелуiн қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға;
7) экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға және жолын кесуге;
7-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
8) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау жөнiнде заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға;
9) мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде алынған басқа да ақпаратты сақтауға;
9-тармақша өзгертілді ҚР 28.08.2009 жылғы № 192-ІV Заңымен (15.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер табыс етуге;
8-бап 10-тармақшамен толықтырылды  ҚР 28.08.2009 жылғы № 192-ІV Заңымен 
10-тармақша өзгертілді ҚР 07.03.2014 жылғы № 177-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақша өзгертілді ҚР 10.06.2014 жылғы № 206-V Заңымен (07.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның сауалдары бойынша тексерулер жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты басталған, іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;
1-бап 11-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.03.2014 жылғы № 177-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
12) уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының сауалдары бойынша оңалту немесе банкроттық рәсімін жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты басталған, іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
1-бап 12-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.03.2014 жылғы № 177-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2. Қызметкерлерi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда қаржы полициясының органдары бұзылған құқықты қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
9-бап. Қаржы полициясы органдарының құқықтары
1. Қаржы полициясының органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде және заңда белгiленген тәртiппен:
1) жалпы және арнайы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруға;
2) iс жүргiзуде жатқан материалдар мен қылмыстық iстер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық ақпаратқа және өзге мәлiметтерге қол жеткiзуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды берудi талап етуге, олардың көшiрмелерiн түсiруге, түсiнiктемелер алуға;
2-тармақша өзгертілді ҚР 19.03.2010 жылғы № 258-IV Заңымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3) iс жүргiзуде жатқан қылмыстық iстер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге;
4) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюға немесе арасынан алуды жүргiзуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен тиiстi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
6) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге;
7) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша шет мемлекеттердiң тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi хаттамаға түсiру және қарау, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген басқа да шараларды қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда уәкiлеттi органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерiстер, аудит және баға беру iсiн жүргiзудi талап етуге;
9-1) сотқа дейінгі іс жүргізуде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қажетті зерттеулерді жүргізуге;
1-тармақ 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға, сотқа дейінгі іс жүргізуде ғылыми-техникалық зерттеулерді ұйымдастыруға және жүргізуге;
10-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыруға;
12) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар мен ұсынымдар беруге құқылы.
2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қару, оқ-дәрi, арнайы құралдар сақтауға, алып жүруге және қолдануға, сондай-ақ қажет кезiнде бiлек күшiн, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар.
4-тарау. Тарау алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тарау алынып тасталды ҚР 06.01.2011 жылғы № 379-IV  Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
5-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
5-тарау өзгертілді ҚР 06.01.2011 жылғы № 379-IV  Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
13-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнің және өзге де жұмыскерлерінің еңбегiн құқықтық реттеу
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Қаржы полициясы органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
14-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
14-бап өзгертілді ҚР 27.04.2012  жылғы №  15-V Заңымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне арнаулы атақтар берiледi. Қаржы полициясы органдарының арнаулы атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ орталық органда, аумақтық бөлiмшелерде және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде соларға сәйкес шектi арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
6-тарау. Тарау алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тарау алынып тасталды ҚР 06.01.2011 жылғы № 379-IV  Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
23-бап. Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
24-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
24-бап алынып тасталды ҚР 06.01.2011 жылғы № 379-IV  Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң, 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-14-баптарды қоспағанда, жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті