Toggle Dropdown
154
Құқық қорғау қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1
1) ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) – құқық қорғау қызметіне кіру мәселелері бойынша жоспарлауға, іріктеуге (құжаттарды қабылдауға) және персоналды басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты, жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен;
Toggle Dropdown
1-1) алғашқы кәсіптік даярлық – құқық қорғау органдарына қызметке кіріп жатқан адамдар үшін кәсіптік дағдылар алуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
Toggle Dropdown
1-2) аттестаттаудан кейінгі дамыту – құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау нәтижелері бойынша оның дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
1-3) ауыстыру – қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;
Toggle Dropdown
2) ауысу – құқық қорғау органдарындағы қызметті тоқтатпастан құқық қорғау органында атқарып жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау органындағы лауазымға тағайындау;
Toggle Dropdown
2-1) басшы лауазым – өзіне бағынысты ұжымның немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген құқық қорғау органының құрылымдық бірлігі;
Toggle Dropdown
3) баянат – қызметкер қызмет әрекеті процесінде тікелей немесе уәкілетті басшыларға өтініш жасаған кезде ерекше нысандағы жазбаша баяндау;
Toggle Dropdown
3-1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) – құқық қорғау органының ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні (өлшемшарттар);
Toggle Dropdown
4) біліктілік талаптары – құқық қорғау органындағы лауазымға орналасуға үміткер азаматтарға олардың кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін және нақты лауазымға сәйкестігін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
Toggle Dropdown
4-1) ведомстволық деректер банкі – құқық қорғау органының бос лауазымға орналасуға резервке қойылған қызметке кандидаттар туралы мәліметтер қамтылатын ақпараттық базасы;
Toggle Dropdown
4-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5-1) кадрлық болжам – кадрларды дамыту бағыттары және олардың болашақ жай-күйі туралы дәлелді ұсынулар жүйесі;
Toggle Dropdown
5-2) кадрлық жоспарлау – кадрларға қажеттілікті жүйелі талдау және құқық қорғау органдарының тиісті лауазымдарында білікті мамандардың қажетті санымен қамтамасыз ету процесі;
Toggle Dropdown
1
6) құқық қорғау қызметі – құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі, сондай-ақ, осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткеру;
Toggle Dropdown
6-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) құқық қорғау органы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
7-1) құқық қорғау органының басшысы – құқық қорғау органының қызметкерлері мен жұмыскерлері, уәкілетті басшылар бағынысында болатын құқық қорғау органының бірінші басшысы;
Toggle Dropdown
7-2) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал – құқық қорғау органының алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінумен сипатталатын психологиялық күй;
Toggle Dropdown
7-3) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды әлеуметтік мониторингтеу – құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жүйелі зерделеу;
Toggle Dropdown
1
8) құқық қорғау органының қарамағында болу – штаттық лауазымға орналасумен байланысты емес құқық қорғау қызметін өткеру;
Toggle Dropdown
9) құқық қорғау органының қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) - құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің арасынан арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген Қазақстан Республикасының азаматы;
Toggle Dropdown
2
10) құқық қорғау органының тәртіптік комиссиясы – тәртіптік теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тергеу және зерттеу материалдарын қарау үшін оның жасалуының мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адамды тәртіптік жазалау шарасы туралы ұсыным шығару мақсатында құқық қорғау органында құрылатын тұрақты алқалы орган;
Toggle Dropdown
10-1) қызметтік тергеп-тексеру – қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауының мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет;
Toggle Dropdown
10-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
11) мансаптық өсу – лауазымдық ауыстырылу және кәсіби даму кезеңдеріне сәйкес қызметкерді қызмет бойынша өсіру;
Toggle Dropdown
11-1) өзге де қару-жарақат салатын патрондармен атуға болатын ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, электрлi қару, белгi беру қаруы, суық қару, лақтырылатын қару және қарудың басқа да түрлерi;
Toggle Dropdown
11-2) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын арнаулы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалнама жүргізу рәсімі;
Toggle Dropdown
11-3) психофизиологиялық куәландыру - құқық қорғау қызметiне кандидаттардың, қызметкерлердiң жеке-психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерiн жан-жақты бағалауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
Toggle Dropdown
12) ротация – қызмет мүддесіне орай кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді жоспарлы ауыстыру;
Toggle Dropdown
12-1) ротацияны жоспарлау – қызметкердің жоспарлы лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби дамуы кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс;
Toggle Dropdown
12-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері;
Toggle Dropdown
1
12-3) тәлімгер – құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамға бекітіліп берілетін және оның кәсіби бейімделуіне оған практикалық көмек көрсететін құқық қорғау органының қызметкері;
Toggle Dropdown
1
13) тәртіптік жаза – қызметкерге қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы;
Toggle Dropdown
14) тәртіптік жауапкершілік – тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;
Toggle Dropdown
1
15) тәртіптік теріс қылық – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бұзуы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы;
Toggle Dropdown
16) уәкілетті басшы – құқық қорғау органының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының басшысы;
Toggle Dropdown
17) ұйымдық-штаттық іс-шаралар – құқық қорғау органының, құқық қорғау органының аумақтық немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының штаттары мен құрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешені (құқық қорғау органын құру; қайта ұйымдастыру; тарату; оның қызметкерлерінің санын немесе штатын ұлғайту немесе қысқарту; құқық қорғау органының және (немесе) құрылымдық бөлімшесінің қызметкері лауазымын өзгерту);
Toggle Dropdown
18) ұсыну – құқық қорғау органы жүйесінде жоғары тұрған лауазымдарға орналастыру;
Toggle Dropdown
19) іс-сапарға жіберу – қызмет мерзімін үзбестен, қызметкерді Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, сондай-ақ құқық қорғау органы жүйесінде одан әрі қызмет өткеру үшін ауыстыру;
Toggle Dropdown
20) іс-сапармен бару – құқық қорғау органы кадрында қала отырып, басқа мемлекеттік органдардағы және халықаралық ұйымдардағы лауазымдарға орналасу.
Toggle Dropdown
21) экономикалық тергеп-тексеру қызметі - Қазақстан Республикасының заңдарында қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын осы органдардың жедел-тергеу бөлімшелері.
Toggle Dropdown
5
2-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі