• Мое избранное
Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.04.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 314 Заңы

Осы Заң күшін жойды 25.04.2014 жылдан бастап ҚР 11.04.2014 жылғы № 188-V Заңына сәйкес
Редакция 13.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, инциденттердің салдарынан туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алуға, аварияларды, инциденттерді және олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың әзірлігін, олардың жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Кіріспе өзгертілді ҚР 06.01.2012 жылғы № 529-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы, атом энергиясынпайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану мен кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен жүзеге асырылады.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;
2) инцидент - қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың iстен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимiнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
2-1) мемлекеттік инспектор - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
2-1-тармақшамен толықтырылды  ҚР 26.05.2008 жылғы № 34-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2-1-тармақша өзгертілді ҚР 06.01.2011  жылғы № 378-IV Заңымен (04.05.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2-2) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;
3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйi;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4-тармақша өзгертілді  ҚР 26.05.2008 жылғы № 34-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
5) техникалық басшы – ұйымның технологиялық процесіне басшылықты жүзеге асыратын, жоғары білімі бар маман;
6) техникалық құрылғылар – машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар).
6-тармақша өзгертілді ҚР 31.01.2006 жылғы №  125  Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар
3-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Қауіпті өндірістік объектілерге:
1) мынадай:
тұтанғыш – қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;
жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;
жанғыш – өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;
тотықтандырғыш – жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;
уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін;
теріге енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін;
ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін;
жоғары уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;
теріге енгізген кезде өлтіретін дозасы бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;
ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын;
қоршаған орта үшін қауіп тудыратын, су ортасында мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын зат:
балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтіретін орташа дозасы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
дафнияға қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпті заттар бар өндіріс қалдықтары;
1-тармақша 18-бөлікпен толықтырылды ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңына сәйкес
радиоактивті және ионды сәулелену көздері;
1-тармақша 19-бөлікпен толықтырылды ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңына сәйкес
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;
4) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;
5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;
8) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;
9) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қауіпті техникалық құрылғыларға:
1) 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;