Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Мәтін өзгертілді ҚР 10.01.2006 жылғы № 116 Заңымен (12.04.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Отправить по почте
Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544-II Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 31.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Мәтін өзгертілді ҚР 10.01.2006 жылғы № 116 Заңымен (12.04.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 26.01.2011 жылғы № 400-IV Заңымен (30.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 09.01.2012 жылғы № 535-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 03.12.2013 жылғы № 151-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап өзгертілді ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап өзгертілді ҚР 21.04.2016 жылғы № 504-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.04.2016 жылы № 78 (28806) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап өзгертілді ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңымен (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 1-бап өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (08.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматты түрде лицензиялау (байқау) – жекелеген тауар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты динамикасын мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара;
2) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы – сатушылар, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды-сатуды ұйымдастыру мақсатында олар туралы жарнамалық (ақпараттық) мәліметтерді қамтитын интернет-ресурс;
3) айрықша құқық – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жекелеген тауар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруына айрықша лицензия негізінде ұсынылатын құқық;
4) арзандатылған тауар – кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар;
2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңының 2-бабының 6-тармақшасына сәйкес 1-баптың 5) және 6) тармақшалары алып тасталады:
5) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi – елде бағалардың негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны жол берілетін шектерде ұстау және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының жол берілетін деңгейi, ішкі сауда субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары – әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн асырған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;
7) бақылау (сәйкестендіру) белгісі – қолдан жасаудан қорғау элементтері (құралдары) бар, сәйкестендіру құралын қамтитын және тауарларды таңбалауға арналған қатаң есептілік бланкісі (құжат) (қорғалған полиграфиялық өнім);
8) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
9) жаппай сату – тиiсiнше сападағы тауарларды төмендетілген бағалармен өткізу;
10) кедендік әкелу бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем;
11) кедендік әкету бажы – тауарлардың экспорты кезінде алынатын міндетті төлем;
12) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі – кедендік әкелу немесе әкету бажының белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін мөлшері (шамасы);
13) кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемесі – кедендік әкелу немесе әкету бажының белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін мөлшерi (шамасы);
14) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
14-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 14-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 14-1 алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-2) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі (бұдан әрі – Экспорттық-кредиттік агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтының мәртебесіне ие және осы Заң мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-бап 14-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 14-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.01.2024 жылғы № 54-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-3) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара – Қазақстан Республикасынан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара;
1-бап 14-3-тармақпен толықтырылды ҚР 23.01.2024 жылғы № 54-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiруге, қайта өңдеуге, өткiзуге және тұтынуды ұйымдастыруға байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
16) мамандандырылған электрондық сауда алаңы – экономикалық қызметтің бір сыныптағы тауарлары, бір түрдегі жұмыстары мен көрсетілетін қызметтері өткізілетін электрондық сауда алаңы;
17) материалдық жеткізгіш – қолдан жасаудан қорғау элементтерін (құралдарын) қамтитын немесе қамтымайтын және сәйкестендіру құралдарын басып беруге, сақтауға және беруге арналған, кез келген материалдан жасалған бақылау (сәйкестендіру) белгісі немесе объектісі;
18) өтемақы шарасы – осы шараны енгізуге өтініш берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің экономикасы саласына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше субсидиялаушы мемлекеттің өзіндік ерекшелікті субсидиясының теріс әсерін бейтараптандыру жөніндегі шара;
18-1) рұқсат беру құжаты – сыртқы сауда қызметіне қатысушыға тауарлардың жекелеген түрлерін әкелу және (немесе) әкету құқығына берілетін құжат (лицензия, мемлекеттік бақылау актісі, қорытынды, нотификация, рұқсат);
1-бап 18-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
19-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
20-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) сан жағынан шектеулер – тауарларлардың сыртқы саудасын саны жағынан шектеу жөніндегі, квоталарды белгілеу арқылы енгізілетін шаралар;
21-1) сараптама ұйымы – штатында тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор бар, тауардың шығу тегіне, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесіне сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-бап 21-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22) сауда алаңы – сауда объектiсiнiң тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырсу жүргізуге, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы жабдық қойылған алаңы;
23) сауда базары – сауда қызметіне арналған, аумақта шаруашылық қызмет көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін оқшауланған мүліктік кешен;
24) сауда желiсi – сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқару аясындағы және бiрыңғай коммерциялық белгiленім мен өзге де дараландыру құралдарының аясында пайдаланылатын, екi және одан да көп сауда объектiсiнiң жиынтығы;
25) сауда қызметі – ішкі және сыртқы сауданы қамтитын қызмет;
26) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) сауда объектiсi – тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен арнайы жарақтандырылған ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
28) сауда орны – тауарларды сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырсу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен жарақтандырылған орын;
29) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығы;
30) сауда шаралары – арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары;
31) сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;
32) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық жалғануының) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған, уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
33) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық жалғанған) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);
33-1) сыйақы – азық-түлік тауарларын жылжыту, оның ішінде осындай тауарларды жарнамалау және оларды арнайы қоюды жүзеге асыру жолымен жылжыту, сондай-ақ осы тауарларды дайындау, өңдеу, буып-түю жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жіберуді қоса алғанда, азық-түлік тауарларын сатып алуға және өткізуге байланысты, азық-түлік тауарларын берушінің сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне ақшалай төлемі;
1-бап 33-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.06.2020 жылғы № 346-VI Заңына сәйкес (өзгерту 07.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
34) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетуге және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелуге байланысты қызметі;
35) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
36) таңбаланған тауарлар – белгіленген талаптар сақтала отырып сәйкестендіру құралдары басылған және тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық құрамдасында өздері туралы анық мәліметтер (оның ішінде өздеріне басылған сәйкестендіру құралдары және (немесе) сәйкестендіру құралдарын қамтитын материалдық жеткізгіштер туралы мәліметтер) қамтылған тауарлар;
37) тарифтік жеңілдік – кедендік әкелу немесе кедендік әкету бажын төлеуден босату не оны төмендету;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |