Қазақстан Республикасының осы Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес Құжат мәтініндегі «16 жасқа», «І», «II», «III» сөзі «он алты жасқа»,«бiрiншi», «екiншi», «үшiншi» сөздермен ауыстырылды ҚР 31.12.2004 жылғы №28 Заңы бойынша (21.03.2002 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасының осы Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 19.01.2001 жылғы № 145-II Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2001 жылдан бастап) 1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2006 жылдан бастап) 1-бап өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 1-бап өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) – жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлем;
1-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) күтімді жүзеге асыратын адам – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 1-1-тармақша өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
3) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға арналған құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.
3. Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақша, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен төлеуді білдіреді.
3-тармақ өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген бірнеше негіздемелер бойынша бір мезгілде жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.
4-тармақ өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті
1-тарау 3-1-баппен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Орталық атқарушы орган:
1) жәрдемақылар тағайындау, төлеу тәртібін және оларды тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды;
1-1) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын, ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін бекітеді;
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін бекітеді;
1-тармақ 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын, ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін бекітеді;
1-тармақ 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4) наградталған кезде жәрдемақы тағайындалатын, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған бұрынғы КСР Одағы медальдарының тізбесін бекітеді;
1-тармақ 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметін тексеруді жүзеге асырады;
4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
1-тарау 3-2-баппен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Мемлекеттік корпорация:
1) уәкілетті мемлекеттік органға беру үшін құжаттарды қабылдауды және жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды;
3) алушыларға жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;
4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толтыруды және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.06.2020 жылғы № 347-VI Заңына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жәрдемақылар төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады және жәрдемақылар төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді орталық атқарушы органға жібереді;
7) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган мен орталық атқарушы органға береді.
4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға:
4-баптың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 4-баптың бірінші абзацы өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2006 жылдан бастап) 1-тармақша өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;
4-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;
4-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
3) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;
3-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2006 жылдан бастап) 3-тармақша өзгертілді ҚР 13.12.2012 жылғы № 553-IV Заңымен (02.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдар;
4-1-тармақша өзгертілді ҚР 02.12.2009 жылғы № 211-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап)
4-2) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдар;
4-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;
4-бап 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
5-тармақша өзгертілді ҚР 31.12.2004 жылғы №28 Заңы бойынша (21.03.2002 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
6) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар;
7) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 7-тармақша өзгертілді ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңымен (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балалар;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 8-тармақша өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар балалар;
4-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 31.12.2004 жылғы № 28 Заңына (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап) 8-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 8-1-тармақша өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 8-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2006 жылдан бастап) 10-тармақша өзгертілді ҚР 27.07.2007 жылғы № 320-IV Заңымен (04.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
11) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;
12) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады.
2. Күтімді жүзеге асыратын адамның жәрдемақы алуға құқығы бар.
4-бап 2-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
2-тарау. Жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің тәртібі
5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі
5-бап өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау, қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырыла алады.
2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР 19.01.2001 жылғы № 145-II Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2001 жылдан бастап) 2-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (31.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақ өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-бабынан қараңыз) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін:
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне де өтініш жасауға құқылы.
2-1. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәлiметтердi қамтитын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс стажын растайтын құжат болып табылады.
5-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 31.12.2004 жылғы № 28 Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап) 2-1-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (31.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмыс істеген фактісін растайтын құжаттары жоқ болса, жұмыс өтілін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнайы комиссиялар белгілейді.
2-2. Жәрдемақыларды тағайындау мерзімі өтінішті барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркеген күннен бастап, ал осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
5-бап 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 2-2-тармақ өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
2-3. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адам өтініш жасаған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады және төленеді.
5-бап 2-3-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР 19.01.2001 жылғы № 145-II Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2001 жылдан бастап)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР 19.01.2001 жылғы № 145-II Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2001 жылдан бастап)
5. Жәрдемақы мөлшерін қайта қарау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жүргізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР 19.01.2001 жылғы № 145-II Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2001 жылдан бастап)
7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.
5-бап 7-тармақпен толықтырылды ҚР 19.01.2001 жылғы № 145-II Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2001 жылдан бастап) 7-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (31.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде талап етілмейді.
5-бап 8-тармақпен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 8-тармақ өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
9. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелерде жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерде сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды хабардар етеді.
5-бап 9-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
Ақпараттық жүйелер бірінші топтағы мүгедектігі бар адам туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екенін белгіленген тәртіппен растаған кезде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау күні болып есептеледі.
6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі
6-бап өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жәрдемақы төлеу тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР 19.01.2001 жылғы № 145-II Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2001 жылдан бастап) 1-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (31.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және оны алу құқығы туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы – қайтыс болған айына қоса, ал жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткен жағдайда кеткен айына қоса төленедi.
2-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2007 жылдан бастап) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақ өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қайтыс болған жағдайда күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы – қайтыс болған айды қоса алғанда, ал бірінші топтағы мүгедектігі бар адам немесе күтімді жүзеге асыратын адам басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда, кеткен айды қоса алғанда төленеді.
3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап, заңдарда мүгедектіктің тиісті тобы үшін белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
4. Егер мүгедектігі бар адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін МӘС бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедектігі бар адам деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 21.03.2002 жылғы № 308-ІІ Заңымен (19.01.2001 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2002 жылдан бастап) 4-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2006 жылдан бастап) 4-тармақ өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, жәрдемақы төлеу, егер МӘС бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
5. Жәрдемақы алуға құқылы екі және одан да көп адам бiрге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленедi.
5-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2006 жылдан бастап)
6. Отбасында екі және одан да көп бірінші топтағы мүгедектігі бар адам тұратын жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
6-бап 6-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
7. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
6-бап 7-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
8. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.
6-бап 8-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
7-бап. Жәрдемақы мөлшері
7-бап өзгертілді ҚР 31.12.2004 жылғы № 28 Заңымен (21.03.2002 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап) 7-бап өзгертілді ҚР 15.12.2005 жылғы № 101 Заңымен (31.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2006 жылдан бастап) 7-бап өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2006 жылдан бастап) 7-бап өзгертілді ҚР 27.07.2007 жылғы № 320-IV Заңымен (04.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 7-бап өзгертілді ҚР 02.12.2009 жылғы № 211-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап) 7-бап өзгертілді ҚР 13.12.2012 жылғы № 553-IV Заңымен (02.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 7-бап өзгертілді ҚР 31.03.2014 жылғы № 180-V Заңымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2014 жылдан бастап) 7-бап өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға белгіленеді.
7-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
Жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 16,0 айлық есептік көрсеткіш;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
7-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
3-тармақша өзгертілді ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңымен (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш;
4-тармақша өзгертілді ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңымен (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне – 4,48 айлық есептік көрсеткіш;
6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың зайыбына (жұбайына) – 2,56 айлық есептік көрсеткіш;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға- 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
9) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша алынып тасталды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
7-баптың үшінші бөлігі 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-баптың үшінші бөлігі 10-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 10-2-тармақша алынып тасталды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға –2,13 айлық есептік көрсеткіш;
12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 13-тармақша өзгертілді ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңымен (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 13-тармақша өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 14-тармақша өзгертілді ҚР 06.05.2020 жылғы № 323- VІ Заңымен (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 14-тармақша өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) Байқоңыр қаласында тұратын жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда – 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 15-тармақша өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 15-тармақша өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) Байқоңыр қаласында тұратын жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда:
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 16-тармақша өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 16-тармақша өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
бірінші және екінші топтағыларға – 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағыларға – 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
17) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
18) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
19) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – 1,07 айлық есептік көрсеткіш;
20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға –1,07 айлық есептік көрсеткіш.
21) күтімді жүзеге асыратын адамға – 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі.
Үшінші бөлік 21-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттардытабыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР 19.01.2001 жылғы № 145-II Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2001 жылдан бастап)
2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады. Егер мұндай жәрдемақы алушы осы Заңның 4-бабының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтарға жататын болса, жәрдемақы отбасының оған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңіне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2006 жылғы № 148 Заңымен (15.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2006 жылдан бастап) 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.04.2016 жылғы № 483-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2016 жылы № 66 (28794) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мынадай:
8-бап 5-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 5-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ол кәмелетке толмаған;
2) ол заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) ол психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепте тұрған;
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам толық мемлекеттің қамтамасыз етуінде болған жағдайда тағайындалмайды.
6. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы төлеуді тоқтату үшін мыналар:
8-бап 6-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 6-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кетуі;
4) мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;
5) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады.
7. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде жүргізіледі. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініш осы Заңның 5-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
8-бап 7-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 7-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1-бап. Жәрдемақыға құқықтың сақталуы
3-тарау 8-1-баппен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 8-1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 8-1-бап өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
1. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жәрдемақы тағайындалған, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес жәрдемақы алу құқығын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтап қалады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген отбасыларға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
2. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көзделген жәрдемақы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде тағайындалады.
8-1-бап 2-тармақпен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап) 2-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-бап. Осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |