Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Отправить по почте
Ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219-III Заңы
Құжат мәтініндегі «ойын мекемесін ұйымдастырушы», «ойын мекемесін ұйымдастырушыға», «ойын мекемесін ұйымдастырушының», «ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың» сөзедер «ойын бизнесін ұйымдастырушы», «ойын бизнесін ұйымдастырушыға», «ойын бизнесін ұйымдастырушының», «ойын бизнесін ұйымдастырушылардың» сөздермен ауыстырылды ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды 2015 жылғы 19 мамырдан бастап құжат мәтініндегі «ставка», «ставкалар», «ставкаларды», «ставкалардың», «ставкаларын» сөздері «мөлшерлеме», «мөлшерлемелер», «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелердің», «мөлшерлемелерін» сөздерімен ауыстырылады ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңы бойынша
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Кіріспе алынып тасталды ҚР 08.07.2024 жылғы № 116-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;
2-1) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық – бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылатын, бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне өздері мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын байқауға мүмкіндік беретін құрылғылар;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-2) бенефициарлық меншік иесі – бұл:
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 01.07.2022 жылғы № 131-VII Заңымен (өзгерту 03.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;
оның мүддесінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
3) букмекерлік кеңсе – қатысушылармен бәс тігу жасасатын ойын бизнесін ұйымдастырушы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
3-1) бірыңғай есепке алу жүйесі – телекоммуникация желілері арқылы букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосылған және қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қабылдауды (жүзеге асыруды), ұтыстарды төлеуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ бәс тігуге әрбір қатысушы, бәс тігуге әрбір қатысушы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты дербестендірілген жинауды, өңдеу мен сақтауды және осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 116-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) заңдастырылған белгілер – ойын бизнесін ұйымдастырушының қағидаларында айқындалған тәртіппен құмар ойындарға қатысу үшін қолма-қол ақшаны алмастыратын және ойын мекемелерінде пайдаланылатын белгілі бір номиналдағы фишкалар, жетондар және (немесе) электрондық жеткізгіштер;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) интернет-казино – нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурс;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі;
6) казиноның немесе ойын автоматтары залының кассасы – ойын бизнесін ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған, ақшамен операциялар, сондай-ақ заңдастырылған белгілерді беру және (немесе) қайтару жүзеге асырылатын ойын мекемесіндегі орын;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) құмар ойын – ұтысты көздейтін, қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен аталған адамдар қатысатын оқиға нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
7-2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адам – құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген жеке тұлға, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өзін шектеген Қазақстан Республикасының азаматы;
1-бап 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-2-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2024 жылғы № 116-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-3) мерчент ID – төлем жүйелерін пайдалана отырып, шетелдік компанияны төлем және (немесе) ақша аударымын алушы ретінде сәйкестендіретін символдардың бірегей жиынтығы;
1-бап 7-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 116-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) міндетті резервтер - ойын бизнесін ұйымдастырушыға немесе өтінім берушіге меншік құқығында тиесілі, оның ішінде кредитке алынған және салымдарды алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес олар пайдаланатын салымды беру шарттарымен банктік салым шарты негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылатын ақша;
9) ойын автоматы – құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын, ұтысын ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз осындай ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғы кездейсоқ тәсілмен айқындайтын ойын жабдығы (механикалық, электр, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);
9-тармақша өзгертілді ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) ойын автоматтары залы - құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары ғана пайдаланылатын ойын мекемесі;
11) ойын бизнесi - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгуді ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
12) ойын бизнесiн ұйымдастырушы – құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
12-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (09.11.2011 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
13) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
13-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (09.11.2011 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
14) ойын жабдығы – құмар ойындарды өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар;
14-тармақша өзгертілді ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15) ойын мекемесi – ұтыс алуды көздейтiн құмар ойындар осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өтетiн ғимарат, үй-жай, құрылысжай;
15-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (09.11.2011 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды. 15-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-1) ойын сессиясы – ойын бизнесін ұйымдастырушының қағидаларында айқындалатын, ұтысты анықтаумен (тіркеумен) аяқталатын, құмар ойынға қатысушының ойын бизнесін ұйымдастырушымен өзара қатынас жасау тәртібі;
1-бап 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) ойын үстелі - ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бір өкілінің қатысумен құмар ойындар өткізуге арналған ойын жабдығы;
17) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақша алынып тасталды ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17-1) өтiнiм берушi – Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға;
17-1-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (09.11.2011 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 28.07.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
17-2) ставка - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы;
1-бап 17-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
17-3) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 17-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.01.2021 жылдан бастап) 17-3-тармақша алынып тасталды ҚР 08.07.2024 жылғы № 116-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) тотализатор – бәс тігу жасалған кезде оған қатысушылар арасында делдалдық қызметтер көрсететін ойын бизнесін ұйымдастырушы;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы – бәс тігуге мөлшерлемелерді қабылдау, ол бойынша ұтыс төлеу жүзеге асырылатын орын;
19-тармақша өзгертілді ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19-1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, ставкалар қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін ақпараттық жүйе;
1-бап 19-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
20) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
20-тармақша алынып тасталыды ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
21) ұтыс – құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда;
21-тармақша өзгертілді ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22) электрондық казино – аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) интернет-ресурсты пайдаланатын, нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін мекеме.
1-бап 22-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының мақсаты мен міндеттері
Осы Заң 1-1-баппен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 116-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының мақсаты болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының міндеттері:
1) ойын бизнесі саласындағы қызметтің шарттарын және оны ұйымдастыру тәртібін айқындау;
2) ойын бизнесі саласында мемлекеттік бақылау мен реттеудің ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу.
2-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап өзгертілді ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |