- 1
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
Отправить по почте
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 301-III Заңы
Құжат мәтініндегі "ветеринарлық қадағалануға", "ветеринарлық қадағалауды" сөздері "ветеринариялық-санитариялық бақылануға", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды"сөздерімен ауыстырылды ҚР 24.07.2009 жылғы № 190-IV Заңымен (21.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен» сөздері «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азық - адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын азық-түлік;
2) азық қоспалары - адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;
3) байытылған (фортификацияланған) тамақ өнімдері - ауруды профилактикалау мақсатында енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;
4) балалар тағамы азық-түлігі - балалар организмінің физиологиялық қажетіне сай келетін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған, арнайы мақсаттағы тамақ азық-түлігі;
5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдері - тамаққа тиісті өңдеусіз пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ азық-түлігі мен шикізат, сондай-ақ азық және азық қоспалары;
6) ветеринарлық сертификат - ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және көлікте ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінің әрбір партиясына беретін, белгіленген нысандағы құжат;
7) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;
8) дайындалған күні - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) есептік нөмірі - өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
12) жалған тамақ өнімдері - көрінеу және қасақана өзгертілген, қолдан жасалған және (немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын, жасырын қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнімдері;
13) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімі өзіне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес болуға тиіс уақыт кезеңі;
13-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
14) жол берілмейтін қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деңгейінен асатын қатер;
14-1) қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі – ХАССП) – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару;
1-бап 14-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
15) қатер - тамақ өнімдерінің адам денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және бұл әсер етудің адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне әкелетін салдары;
16) қатерді бағалау - зиянкестің немесе аурудың енуі, тамыр жаюы немесе таралуы ықтималдылығын және осымен байланысты ықпалды әсері бар биологиялық және экономикалық салдарын сапалық және (немесе) мөлшерлік бағалау немесе тамақ өнімдерінде қоспалардың, ластағыш заттардың, уыттардың немесе ауру тудыратын организмдердің болуынан туындайтын адамның өмірі мен денсаулығына немесе жануарларға қолайсыз әсер ету мүмкіндігін бағалау;
17) қатерді басқару - қатерді айқындау, оны азайту үшін қолданылатын шараларды таңдау және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың мониторингі мен тексерілуі;
18) қатерлерді талдау - өзара байланысты төрт құрамдастан: қауіп көзін айқындаудан, қатерді бағалаудан, қатерді басқарудан және қатер туралы ақпараттан тұратын қауіпті факторларды анықтау және қатерді бағалау үшін қолжетімді ақпаратты пайдалану рәсімі;
19) қатер туралы ақпарат - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне жауапкершілік алған субъектілер мен уәкілетті органдар, сондай-ақ барлық басқа да мүдделі тараптар арасында қатер туралы өзара уақтылы мәліметтер алмасу;
20) қауіпті тамақ өнімдері - пайдаланылуы кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін өнімдер;
21) қауіпті тамақ өнімдерін жою - тамақтық мақсатқа пайдаланылуын болдырмай және оған адам мен жануарлар жете алмастай етіп, тұтынуға және (немесе) одан әрі өңдеуге жарамсыз тамақ өнімдеріне ықпал жасау;
22) нормативтік-техникалық құжаттама - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерін (сатыларын) реттеу үшін қажетті құжаттар;
22-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 22-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.11.2015 жылғы № 424-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.12.2015 жылы № 231 (28709) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 22-1-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23) өнімдердің тамақ құндылығы - организмнің қоректік заттармен қанағаттандырылуы олардың энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын дәрежесі;
24) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдері - ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінен басқа тамақ өнімдері;
25) тамаққа биологиялық активті қоспалар - байыту мақсатымен немесе парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшін жеке қолдануға немесе тамақтық азық-түлік құрамына енгізуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары;
26) тамақ қоспалары - тамақ азық-түлігінің биологиялық және энергетикалық құндылықтарына әсер етпейтін және тамақ азық-түлігі ретінде өздігінен пайдаланылмайтын, оларға діттелген сипаттар беру мақсатында арнайы қосылатын табиғи және жасанды заттар мен олардың қосындылары;
27) тамақ өнімдері – шикiзат, тамақ өнімдері, арнайы мақсаттағы тамақ өнiмi, ауыз су, адам тұтынатын тамақ қоспалары және тамаққа биологиялық активті қоспалар, адам үшiн тамақ көздерi болып табылатын жануарлар пайдаланатын азық және азық қоспалары;
27-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.11.2015 жылғы № 424-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.12.2015 жылы № 231 (28709) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 27-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
28) тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдар (бұдан әрі - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар, соның ішінде технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыстар, буып-түю материалдары, ыдыс-аяқ, асханалық жарақтар;
29) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) - жаңа өндірісті ұйымдастыру және (немесе) жаңа тамақ өнімдері үшін қажетті үлгілерді және (немесе) нормативтік-техникалық құжаттаманы жасау процесі;
30) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою субъектісі (бұдан әрі - субъект) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
31) тамақ өнімдерін кәдеге жарату - мақсаты бойынша басқа тамақ өнімдеріне пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерін технологиялық қайта өңдеу;
32) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) - тамақ өнімдерінің технологиялық процесін және олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау процестерін, сондай-ақ ішкі өндірісте сақталуы мен тасымалдануын қамтитын тамақ өнімдерін дайындау процестері (сатылары);
33) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі - өндіру объектісі) - тамақ өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорын;
34) тамақ өнімдерін сәйкестендіру - тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының және кәдеге жаратудың барлық процестерінде (сатыларында) белгілі бір өнімдердің айырымдық белгілері бойынша танылуын қамтамасыз ететін рәсім;
35) тамақ өнімдерінің айналымы - тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өткізу (сату немесе беру) процестері (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері;
36) тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы - тамақ өнімдерінің қуаттылығы, құрамында белок, майлар, көмірсулар, витаминдер, макро- және микроэлементтер қамтылатын сипаттамасы;
37) тамақ өнімдерінің қадағалануы - тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерін (шыққан тегін, қозғалысын және тұрған жерін) қадағалау мүмкіндігі;
38) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асу ықтималдылығы мен оның салдарының ауырлық деңгейінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян келуімен және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;
39) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжат – Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін куәландыратын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация;
39-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2011 жылғы №461-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) 39-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
40) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және (немесе) оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;
40-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
41) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті органдар) - өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
42) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші - адам денсаулығына және жануарларға қауіп төндіретін химиялық, радиоактивтік, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің жол берілетін деңгейі;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |