• Мое избранное
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175-III Заңы

Құжат мәтініндегі «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары» және «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы» сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» және «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» сөздермен;
«жануарлар мен өсiмдiктердiң» және «жануарлар мен өсiмдiктер» сөздер тиісінше «өсiмдiктер мен жануарлардың» және «өсiмдiктер мен жануарлар» сөздермен ауыстырылды ҚР 25.01.2012 жылғы №548-IV Заңымен (20.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді  ҚР 25.01.2012 жылғы № 548-IV Заңымен (20.07.2011  ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық ресурстар – экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
1-1) биосфералық резерват – Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттық табиғи парк немесе мемлекеттік табиғи резерват және олардың қорғау аймақтары;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) бөрене тілу – ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу;
2-1) дәстүрлі жер пайдалану – табиғи кешендерге, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне зиянды әсер етпейтін, сондай-ақ сол экологиялық жүйеге бейімделген, жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы қызметінің сол өңірде тарихи қалыптасқан түрлері;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi – өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) – судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
7-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау мен қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы – жер қорғаудың және пайдаланудың белгіленген режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу – мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимін белгілеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу;
12) жаратылыстану-ғылыми негіздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын ғылыми бағалау;
13) интродукция – өсімдік түрлерін олар табиғи өсетін жер шегінен тыс жерге және жануарларды олар мекендейтін орта шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2023 № 184-VII Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;
15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелері, сулы-батпақты алқаптар, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері;
16) рекреациялық жүктеме – есепке алу кезеңінде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;
17) Табиғат жылнамасы – мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;
18) табиғи кешендер – ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;
19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану – табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;
20) табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
21) техникалық-экономикалық негіздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау;
21-1) үйлестіру кеңесі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жасақталып, табиғат қорғау мекемелерінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
1-бап 21-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22) экологиялық дәлiз – тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;
23) экологиялық желi – өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.
2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарынпайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер:
1) биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу , бақылау мен қадағалау;
2-тармақша өзгертілді  ҚР 25.01.2012 жылғы № 548-IV Заңымен (20.07.2011  ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану;
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 08.07.2024 № 118-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық;
7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
9-тармақша өзгертілді ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңымен (20.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды