• Мое избранное
Тұқым шаруашылығы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 43

Тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II Заңы

Мәтін бойынша «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік орган», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органға», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органның», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органдардың», «тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздер «уәкілеттік орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органды», «уәкілетті органның», «уәкілетті органдардың», «уәкілеттік органмен» деген сөздермен  өзгертілді  ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «рұқсат етiлген» және «жіберілген» сөздері «ұсынылатын» сөзімен ауыстырылды ҚР 27.11.2015 жылғы № 424-V Заңы бойынша (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.12.2015 жылы № 231 (28709) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттік бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 5
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен
1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (27.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субьектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);
3) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын айғақтайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызыбар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;
3-тармақша өзгертілді  ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) ауыл шаруашылық өсімдіктері - дәнді, дәнді-бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;
5) байқаудан өткiзушi – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған жеке тұлға;
5-тармақша өзгертілді  ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  31.07.2012 жылғы № 436-441 (27515) "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
6) бақылау сынақтары - ауыл шаруашылық өсімдігінің сорт белгілерінің сақталуын және әр түрінің осы сортқа сәйкестігін анықтау;
7) бірегей тұқымдар - ауыл шаруашылық өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым;
8) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл - бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл - екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл - үшінші көбейтілген тұқым;
9) егістерді байқаудан өткізу - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәнділігін, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүліну дәрежесін анықтау;
10) жерге егіп бағалау - тұқымдардың белгілі бір түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсімдіктер бойынша сорттық сапаларын кейіннен тексеру жолымен анықтау;
11) зертханалық сорттық сынақтар - тұқымдардың белгілі бір сортқа тиістілігін белгілеу және зертханалық талдау жүргізу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау;
12) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткізуді және сынауды жүзеге асыратын, уәкілетті органның қарауындағы ұйым;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен
13) сорт ауыстыру - тұқым өсiрушiлердiң өндiрiсте егiлiп жүрген ескi сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгiлерi мен қасиеттерi жағынан артық жаңа, пайдалануға ұсынылатын сорттармен ауыстыруы;
14) сорт жаңарту - өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру;
15) сортқа тәнділік - айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттық тазалығының көрсеткіші;
16) сорт оригинаторы - сорттың сақталуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
17) сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгілі бір сортқа жататындығын белгілеу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
18) сорттық сынақ - селекциялық жетістіктің патент қабілеттілігі мен шаруашылы қта пайдалылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетін сараптамадан және сынақтан өткізу;
18-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2006 жылғы № 116 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
18-тармақша өзгертілді ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
19) сорттық тазалық - негізгі сорт өсімдіктерінің немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің немесе сабақтарының жалпы санына проценттік қатынасы;
20) суперэлиталық тұқымдар - бірегей тұқымдарға жататын, өсіріп-өндіру көшеттігінің өнімінен алынған, ұлттық стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқымдар;
20-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 31-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  24.07.2012 жылғы  № 410-414 (27488) "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
20-1) тұқымға арналған аттестат – бірегей және элиталық тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын растайтын құжат;
1-бап 20-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) тұқымдар - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар;
22) тұқымдардың кондициялылығы - тұқымдардың тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі;
22-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 31-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  24.07.2012 жылғы  № 410-414 (27488) "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
23) тұқымдардың сорттық сапасы - тұқымдардың ауыл шаруашылық өсімдігінің белгілі бір сортына жататындығын сипаттайтын белгілер жиынтығы;
24) тұқымдар тобы – тиiстi құжатпен (байқаудан өткiзу актiсiмен, тұқым аттестатымен, тұқым куәлiгімен, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiкпен, тұқымдарға талдау жасау нәтижесiмен, карантиндiк сертификатпен, фитосанитариялық сертификатпен) расталған, шығу тегi мен сапасы жағынан бiртектес тұқымдардың белгiлi бiр мөлшерi;
24-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  31.07.2012 жылғы № 436-441 (27515) "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
25) тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;
26) тұқым куәлігі - тұқымдардың алғашқы және одан кейінгі көбейтілуінің сорттық және егу сапасын растайтын құжат;
26-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2006 жылғы № 116 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
27) тұқымның егу сапасы - тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің жиынтығы;
28) тұқым өндірушілер - осы Заңға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
29) тұқым өсіру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;
29-1) тұқым өткізуші - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 29-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен
30) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне зерттеулер жүргiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
30-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 31-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  24.07.2012 жылғы  № 410-414 (27488) "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
30-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
31) тұқым сараптамасы – тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларының тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттердiң және стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
31-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
32) тұқым сарапшысы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана маманы;
32-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  31.07.2012 жылғы № 436-441 (27515) "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
33) тұқым шаруашылығы - тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау;
34) тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор – жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;
34-тармақша өзгертілді ҚР 13.06.2013  жылғы №102-V Заңы бойынша (10.07.2012  ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
35) тұқым шаруашылығының схемасы - көшеттіктер мен тұқымдық егістіктердің өзара байланысты топтары, оларда белгілі бір реттілікпен, сұрыптау және өсіріп-өндіру жолымен сортты молықтыру процесі жүзеге асырылады;
36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
36-тармақша өзгертілді ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
36-тармақша өзгертілді ҚР 13.06.2013  жылғы №102-V Заңы бойынша (10.07.2012  ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
37) элиталық тұқымдар - ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарына сай келетін тұқымдары;
37-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2006 жылғы № 116 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
38) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, элиталық тұқымдарды өндіру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект.
2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен субъектiлер
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлерге: