• Мое избранное
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 161

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-II Заңы

Заңның тақырыбы өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V Заңымен (28.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 19.09.2025 № 219-VIII Заңына сәйкес (18.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 30.06.2025 жылғы № 205-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 02.07.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2026, 01.07.2026, 01.01.2027 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Кіріспе  өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V  Заңымен (28.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 07.07.2004  жылғы № 577  Заңымен (11.06.2004  ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді Қ 05.07.2006 жылғы № 164 Заңымен (05.05.2006   ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 28.12.2011 жылғы № 524-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап  өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V  Заңымен (28.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 21.06.2013 жылғы № 106-V Заңымен (05.07.2012  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 30 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 27.04.2015 жылғы № 311-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (24.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жосықсыз практикалар – түрлері мен белгілері осы Заңның 15-25-бабының 2-тармағында белгіленген іс-қимылды қадағалау субъектілерінің әрекеттері (әрекетсіздігі);
2) қаржылық көрсетілетін қызметтер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың (актуарийлерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына кәсіби қатысушылардың қызметі, банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;
орталық депозитарийдің;
мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды немесе мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің соларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;
өзара сақтандыру қоғамдарының;
сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лицензиялауға жатпайтын қызметі;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының көрсетілетін қызметтерін сатып алу ниеті бар немесе көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын, сондай-ақ өз қаражатын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;
4) қаржы нарығы – қаржылық қызметтерді көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарын шығарумен және олардың айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар – іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық және әділ қарым-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен әрекеттер жиынтығы;
7) қаржы нарығындағы кәсiби қызмет – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
8) қаржы өнімі – қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынатын қызмет;
9) қаржы ұйымы – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) мінсіз іскерлік бедел – адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кәсіпқойлығы мен адалдығы;
11) тексеру материалдары – тексеру барысында және нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы қалыптастыратын материалдар;
12) уәкілетті агент – іс-қимылды қадағалау субъектісінің коммерциялық өкілдігін жүзеге асыратын тұлға, оның ішінде сақтандыру агенті;
13) іс-қимылды қадағалау – уәкілетті органның осы Заңның 2-4-тарауында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, іс-қимылды қадағалау субъектілерінің және (немесе) олардың уәкілетті агенттерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған қызметі;
14) іс-қимылды қадағалау субъектісі – банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы, жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген коллекторлық агенттік, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым.
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
2-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V  Заңымен (28.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ алынып тасталды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (23.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2024 жылдан бастап)
  • 1
3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты, мiндеттерi мен қағидаттары
3-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V  Заңымен (28.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негізгі мақсатты іске асыру үшін уәкілетті органға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мынадай міндеттері жүктеледі:
1) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;
2) қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасау;
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ қаржылық сауаттылықтың және халық үшін қаржылық қолжетімділіктің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету;
4) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мониторингтеу;
5) қаржылық тұрақтылықты қолдап отыру мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге неғұрлым бейім салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
6) осы баптың 1-тармағында көзделген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жауапкершілігі.
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi.
2. Тиісті лицензиясыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
Уәкiлеттi органның қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады.
5-баптың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)