• Мое избранное
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 47

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ Заңы

Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес
Құжат мәтініндегі «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолық» сөздері «ауыл, ауылдық», «ауылдық» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді).
Құжат мәтініндегі мүгедектерді», «мүгедек балаға», «мүгедекке», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар балаға», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.
  • 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы №444-IV Заңымен (04.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-тармақша өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13  Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.04.2016 жылғы № 483-V Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2016 жылы № 66 (28794) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
1-1) ассистент – халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскері;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
1-2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
1-3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас пен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалар арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
1-4) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;
1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
2) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
3) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;
3-1) кедейлiк шегi – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.05.2015 жылғы № 315-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2015 жылы № 93 (28571) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2-тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес
3-2-тармақша алынып тасталды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек;
4-тармақша өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13  Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-1) адамға (отбасыға) көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
5-1-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
5-2) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
6) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
7) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
8) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға.
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (ҚР 06.04.2016 жылғы № 483-V Заңының өзгерістерімен) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.04.2016 жылғы № 483-V Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2016 жылы № 66 (28794) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2017 жылғы № 76-VІ Заңымен (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
8-тармақша өзгертілді ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңымен (20.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі;
1-бап 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
9-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
1-бап 10-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
10-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 9
2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы
2-бап өзгертілді ҚР 216.01.2009 жылғы № 121-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
1-тармақ өзгертілді ҚР 27.07.2007 жылғы № 320-IV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
  • 8
1-1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.
2-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 19.05.2015 жылғы № 315-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2015 жылы № 93 (28571) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2017 жылғы № 76-VІ Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
1-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады.
2-бап 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР 19.05.2015 жылғы № 315-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2015 жылы № 93 (28571) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 20.06.2017 жылғы № 76-VІ Заңымен (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
2) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын – кедейлік шегі туралы;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен төмен кірістері бар халық үлесі туралы мәліметтерді жариялайды.
2. Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:
2-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы №444-IV Заңымен (04.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР 06.04.2016 жылғы № 483-V Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2016 жылы № 66 (28794) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
2-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңымен (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
  • 1
2) осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;
3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;
5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
3. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
2-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
4. Шартсыз ақшалай көмек:
2-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
2-бап 5-тармақпен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады.
2-бап 6-тармақпен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:
1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;
3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;
4) үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
4-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін;
5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
  • 1
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-бап 7-тармақпен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
7-тармақ алынып тасталды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру
3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР 12.01.2007 жылғы № 224  Заңымен (20.12.2004  ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 16.01.2009 жылғы № 121-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы № 444-IV Заңымен (04.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы № 478-IV Заңымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы №  538-IV Заңымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініш берушілер атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы.
Орталық атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды жинауды тұрғылықты жері бойынша – жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырады.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын құжаттардың электрондық көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, өтініш беруші мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады, ал өтініш берушіде мұндай мүмкіндік болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерде – әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.
1-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1. Атаулы әлеуметтік көмек «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде оны тағайындау туралы өтінішті ұсыну талап етілмейді.
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
Атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалған кезде адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеп-қарауды жүргізуге адамның (отбасының) келісімі алынған күн өтініш берілген күн деп есептеледі.
1-2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) келісімімен учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеп-қарауды жүргізеді.
1-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР 16.01.2009 жылғы № 121-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен тоқсан сайын расталады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
4-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13  Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
4-бап өзгертілді ҚР 16.01.2009 жылғы № 121-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
4-бап өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы №444-IV Заңымен (04.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
4-бап өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-бап өзгертілді ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Осы Заңның мақсаттары үшін отбасы құрамына:
1-тармақтың үшінші бөлігі өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі;
2) мерзімді әскери қызметтегі;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ шын мәнінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі.
Бірге тұру фактісі:
1-тармақ төртінші бөлікпен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне;
мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерден басқа, интернат ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға талап етілмейді.
Ескертпе. Осы Заңның мақсаттары үшін, отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жері бойынша осындай деңгейдегі білім беру ұйымының болмауына байланысты орта білім беру ұйымдарында оқитын жері бойынша басқа елді мекенде тіркелген балалар отбасы құрамына қосылады.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтініштің қабылданғаны туралы растама береді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңымен (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтінішті қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттар топтамасын халықты жұмыспен қамту орталығына береді.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
2) жеке жоспар іс-шараларының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асырады және әлеуметтік келісімшарттың іске асырылу тиімділігін бағалайды;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттер арқылы атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жеке жоспарды іске асыруына және олардың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына жәрдем көрсетеді.
4. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті қабылдау процесінде өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен әңгімелесу жүргізіледі, оның барысында мыналар:
4-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті алуға негіздер;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мұқтаждық;
3) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары айқындалады.
5. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шықса, халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қарауына жібереді.
5-тармақ өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақтың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың міндеттеріне:
атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды ұсыну туралы ұсынымдар әзірлеу;
шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін ұсыну туралы мәселелерді қарау;
жасалған әлеуметтік келісімшарттардың іске асырылу барысын мониторингтеу кіреді.
Екінші бөліктің бесінші абзацы өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңымен (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Екінші бөліктің бесінші абзацы өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Орталық учаскелік комиссияның қорытындысын немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жеке жоспар жасайды, онда отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың тізбесі көрсетіледі және өтініш берушімен әлеуметтік келісімшарт жасасады.
Әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін орталық атқарушы орган бекітеді.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік келісімшартты жасасқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімнің жобасын және тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға жібереді.
7-тармақ өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы – өтініш берушіге, бас тартқан жағдайда оның себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
9. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
10. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шарттары және (немесе) әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету шарттары өзгерген жағдайда, әлеуметтік келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.
4-тармақ 10-1-тармақпен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11. Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
11-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақтың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақтың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шартты ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе біржолға төленеді.
11-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақтың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шартты ақшалай көмектің біржолғы төлем сомасы тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (малды, құсты сатып алу және басқа), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.
12. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге әкеп соққан жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынған кезде бұзылады.
12-тармақ өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңымен (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасыға) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады.
13. Өтініш берушінің және алушының кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және уәкілетті орган мен оның лауазымды адамдарының шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2020 жылғы № 351-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Уәкілетті органның және халықты жұмыспен қамту орталығының лауазымды адамдары атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуының дұрыстығы және оны төлеуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
15. Уәкілетті орган және халықты жұмыспен қамту орталығы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі мен шарттары туралы хабарлап отыруға міндетті.
  • 1
4-1-бап. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Осы Заң 4-1-баппен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
4-1-бап алынып тасталды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
4-2-бап. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Осы Заң 4-2-баппен толықтырылды ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
4-2-бап алынып тасталды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
  • 2
5-бап. Учаскелік комиссиялар
1. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.
1-тармақ өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13  Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытынды дайындайды.
1-тармақтың 2-бөлігі өзгертілді ҚР 16.01.2009 жылғы № 121-IV Заңымен 27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.
2-тармақ өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13  Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13  Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді  ҚР 16.01.2009 жылғы № 121-IV Заңымен
3-тармақшаның бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 28.12.2018 жылғы № 210-VІ Заңымен (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын орталық атқарушы орган бекітеді.
4. Учаскелік комиссиялар халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті, құжаттардың электрондық көшірмелерін, олардың мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне береді.
4-тармақ өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
5-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Осы Заң 5-1-баппен толықтырылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
Мемлекеттік корпорация:
1) атаулы әлеуметтiк көмектiң уақтылы төленуiн қамтамасыз етеді;
2) атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді тиісті уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
  • 1
6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару
1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініштің және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
1-тармақ өзгертілді ҚР 16.01.2009 жылғы № 121-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы №444-IV Заңымен (04.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсты және жер учаскесін (жер үлесін) табыс бермейді деп айқындауға құқылы.
1-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жиынтық табысты есептеу қағидаларын орталық атқарушы орган бекітеді.
1-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау
1. Адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13  Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 28.12.2018 жылғы № 210-VІ Заңымен (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
1-1. Бір жастан бастап қоса алғанда алты жасқа дейінгі әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.
7-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
2. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы алықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық жерлерде - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
2-тармақ өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13  Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы №444-IV Заңымен (04.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңымен (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Өтініш жасау алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа кіріс пен тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері:
3-тармақ өзгертілді ҚР 16.01.2009 жылғы № 121-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
отбасының құрамы өзгерген жағдайда – отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;
өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында жалған мәліметтерді және (немесе) анық емес құжаттарды беруін қоспағанда, отбасының жиынтық кірісін айқындау кезінде ескерілмеген фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда – өтініш жасалған айдан бастап қайта есептеледі.
Атаулы әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары – ерікті түрде, ал одан бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
Атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі алу кезінде артық төленген сомалар келесі төлемдерден ұсталады.
  • 3
4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
4-тармақтың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақтың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдау және ақпараттық жүйелер мен дерекқорды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттаманың нысандарын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.
4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау
8-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-бап өзгертілді ҚР 12.10.2021 жылғы № 67-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.10.2021 жылдан бастап)
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылауды орталық атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге әдіснамалық басшылық жасауды орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
8-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заң 8-1-баппен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2020 жылға 1 қаңтарға дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған адамдарға (отбасыларға):
бұрын тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады;
жасалған әлеуметтік келісімшарт 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатады, атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және төленеді.
  • 1
9-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті