• Мое избранное
Прокуратура туралы
Внимание! Документ утратил силу с 14.07.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 117

Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы

Тақырып өзгертілді ҚР 09.08.2002 жылғы № 346-ІІ Заңымен (21.12.1995 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Құжат мәтініндегі "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлыққа" "Жарлықта", "Жарлықты",  сөзедер "Заң", "Заңмен", "Заңға", "Заңда", "Заңды" сөздермен ауыстырылды ҚР 09.08.2002 жылғы №346-ІІ Заңы бойынша ( 21.12.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заң күшін жойды 2017 жылғы 14 шілдеден бастап ҚР 30.06.2017 жылғы № 81-VІ Заңына сәйкес
Редакция 01.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1 ТАРАУ
Жалпы ережелер
  • 13
1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 374-IV Заңымен (02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
  • 1
2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
2-бап өзгертілді ҚР 09.08.2002 жылғы № 346-ІІ Заңымен (21.12.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
  • 2
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағынатын органдардың, ведомстволардың, мекемелердiң және білім беру ұйымының бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 374-IV Заңымен (02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.
4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
5. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.
  • 15
4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны
4-бап өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 374-IV Заңымен (02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
  • 1
6) сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
6-тармақша өзгертілді ҚР 09.08.2002 жылғы № 346-ІІ Заңымен (21.12.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
6-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;
10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
  • 3
12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
13) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
14-1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрғандардың кәсіби деңгейін арттыруды жүзеге асырады;
4-бап 14-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14-2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіреді және жүргізеді;
4-бап 14-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  • 11
5-бап. Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi
1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерулер және (немесе) заңдылықтың жай-күйін талдау жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 374-IV Заңымен (02.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
  • 1
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруына;
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
3-1) реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесіне;
2-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2010 жылғы № 3 374-IV  Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-1-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012  жылғы № 36-V Заңымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.
  • 8
6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң құқықтық кепiлдiгi
1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
2. Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:
1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiндебелгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;
2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге;
2-тармақша өзгертілді ҚР 09.08.2002 жылғы № 346-ІІ Заңымен (21.12.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)