Toggle Dropdown
47
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 25.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) авариялық-құтқару жұмыстары – апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелеріне уақтылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
2) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) авиамаршрутқа арналған куәлiк – авиациялық маршрутты тұрақты рейстерді орындау үшін пайдалану құқығына арналған құжат;
Toggle Dropdown
4) авиация – қызметі әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына және оған жағдайлар жасауға бағытталған ұйымдардың барлық түрлері;
Toggle Dropdown
5) авиациялық жұмыстар - басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланушы азаматтық әуе кемелерін қолдана отырып орындайтын мамандандырылған операциялар;
Toggle Dropdown
5-1) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының авиациялық жұмыстарға жіберілуін куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;
Toggle Dropdown
6) авиациялық қауіпсіздік - азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау, оған шаралар кешенін іске асыру мен адами және материалдық ресурстарды тарту арқылы қол жеткізіледі;
Toggle Dropdown
6-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) авиациялық қызмет - әуе кемелерінің көмегімен адамның әуе кеңістігін пайдалануына жағдайлар жасауға бағытталған қызметтің барлық түрі;
Toggle Dropdown
8) авиациялық қызметтер көрсету – азаматтық авиацияның жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды ақысын алып немесе жалдау бойынша орындауға байланысты қызметтер көрсетуі;
Toggle Dropdown
9) авиация қызметіне заңсыз араласу – авиацияның қауiпсiз қызметiне қол сұғатын, адамдардың бақытсыз жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесiн басып алуға немесе айдап әкетуге әкеп соққан немесе осындай салдардың туындау қатерін төндiрген құқыққа қарсы әрекет;
Toggle Dropdown
10) авиациялық маршрут (авиамаршрут) – авиатасымалдар пункттері арасындағы олардың үстінен әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамаларының комбинациясы;
Toggle Dropdown
10-1) авиациялық медицина – авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;
Toggle Dropdown
10-2) авиациялық медициналық инспектор – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық медицина саласында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар және азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген авиация инспекторы;
Toggle Dropdown
10-3) авиациялық медициналық орталық – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
10-4) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты – авиациялық медициналық орталықтың сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
Toggle Dropdown
10-5) авиациялық медициналық сарапшы – авиациялық медициналық сарапшы сертификаты бар, авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен еңбек өтілі бар, әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты адамдарды куәліктерді немесе біліктілік белгілерін алуға медициналық куәландырудан өткізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын дәрігер;
Toggle Dropdown
10-6) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты – авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізу және медициналық сертификат беру құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;
Toggle Dropdown
11) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
12) авиациялық оқу орталығының сертификаты – авиациялық оқу ұйымының сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
Toggle Dropdown
13) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификат – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
Toggle Dropdown
1
14) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;
Toggle Dropdown
14-1) авиациялық хаб – жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді межелі орынға жеткізу үшін авиакомпаниялар аралық пункт ретінде пайдаланатын, тоғысатын рейстерді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымы бар авиакөліктік тораптық әуежай;
Toggle Dropdown
15) автомобиль жолының әуеайлақтық учаскесі – әскери-қызметтік міндеттер мен әскери дайындық міндеттерін шешу кезінде мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшып көтерілуі және қонуы үшін пайдаланылатын, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындаған автомобиль жолының учаскесі;
Toggle Dropdown
15-1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемақысы, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін заңды тұлғалардың міндетті аударымдары;
Toggle Dropdown
16) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
16-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
Toggle Dropdown
16-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшы мен оның орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және авиация инспекторларының лауазымдарын атқаратын қызметкерлері;
Toggle Dropdown
16-3) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар – азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын және әуе көлігінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын, тиімділігін қамтамасыз етуге және оның басқа да мәселелерін реттеуге бағытталған авиациялық қағидаларды қабылдайтын халықаралық ұйымдар;
Toggle Dropdown
17) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық қағидалары - азаматтық авиация қызметінің жекелеген аспектілерін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды регламенттейтін, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым қабылдаған талап;
Toggle Dropdown
18) азаматтық авиация ұйымы – азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
19) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
19-1) азаматтық-әскери үйлестіру жүйесі - авиацияның барлық түрінің әуе кеңістігін қауіпсіз және тиімді пайдалануына бағытталған іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
20) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, пайдаланушының Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды сертификаттау қағидаларына және сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
Toggle Dropdown
21) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген және азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
Toggle Dropdown
22) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
Toggle Dropdown
23) апатқа ұшыраған әуе кемесі – жермен жүрген, ұшып көтерілген, қонған немесе құлаған кезде қатты зақымданған немесе толық қираған әуе кемесі, сондай-ақ әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлі түрде қонған әуе кемесі;
Toggle Dropdown
24) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесі – өзіне немесе бортындағы адамдарға тікелей қауіп төнген не онымен радиобайланысы үзілген және қай жерде екені белгісіз әуе кемесі;
Toggle Dropdown
25) аса маңызды ұшу – Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын әуемен тасымалдау кезінде әуе кемелерінің ұшуына, сондай-ақ олардың ұшатын маршруттарына (рейстеріне) беретін мәртебе;
Toggle Dropdown
26) аэроклуб – әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде пайдаланатын және осы Заңда көзделген жағдайларда жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың қызметін қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Toggle Dropdown
27) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
Toggle Dropdown
28) аэронавигациялық ақпарат құжаты – ұшуды орындау, әуе кемесіне қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару үшін елеулі маңызы бар ақпаратты қамтитын, белгіленген тәртіппен бекітілген және жарияланған құжат;
Toggle Dropdown
28-1) аэронавигациялық қызмет көрсету - әуе қозғалысын ұйымдастыруды, байланыс, навигация және байқау жүйелерін ұсынуды, ұшуларды метеорологиялық жағынан және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпарат беруді қамтитын қызмет.
Toggle Dropdown
Бұл қызмет көрсету түрлері әуе кеңістігін пайдаланушыларға ұшудың барлық кезеңдерінде (қонуға жақындағанда, әуеайлақ ауданында және маршрутта) ұсынылады;