Bestprofi Logo

Заң № 29-III от 2005-01-07г./Қазақстан Республикасының Парламенті

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29-III Заңы

Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1-бап өзгертілді ҚР 26.05.2008 жылғы № 34-IV Заңымен (15.05.2007 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 08.04.2010 жылғы № 266-IV Заңымен (26.05.2008 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 27.05.2010 жылғы № 279-IV Заңымен (08.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 18.04.2011 жылғы № 429-IV Заңымен (01.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 16.02.2012 жылғы № 562-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап өзгертілді ҚР 10.01.2015 жылғы № 275-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап өзгертілді ҚР 28.10.2015 жылғы № 367-V Заңымен (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтық персонал – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

2) арнаулы əскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік жəне химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық қауіпсіздік əскери бөлімдері мен бөлімшелері;

3) арнаулы құралымдар – жұмылдыру жарияланған кезде өнеркəсіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету жəне оларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар қорғаныс жүйесінде құратын құралымдар;

3-тармақша өзгертілді ҚР 19.04.2024 жылғы № 74-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

3-1) Арнаулы операциялар күштері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы операциялар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндеттерді орындауға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір бөлігі;

1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.03.2023 жылғы № 206-VІI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

4) аумақты жедел жабдықтау – қорғаныс мақсатында міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен жəне энергиямен жабдықтауды дайындауға жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;

5) аумақтық əскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы əкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындауға арналған, аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелері (құралымдары);

6) аумақтық əскерлерді арнайы өрістету – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою кезінде жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы əскери жиындарға əскери міндеттілерді шақыру жолымен аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелерін (құралымдарын) жасақтау;

6-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғанысы әскери басқармасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің құқықтарында жұмыс істейтін тактикалық органдары;

1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

7) аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін жəне коммуникацияларын қарсыластың əрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу жəне қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы;

8) əскери атташе аппараты – шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіретін əскери қызметшілер болып табылатын қорғаныс мəселелері жөніндегі атташе (əскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері;

9) əскери басқару органдары – стратегиялық, жедел- стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық жəне жергілікті əскери басқару органдары;

10) əскери бөлім – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын, шартты жəне (немесе) нақты атау берілетін республикалық мемлекеттік мекеме;

11) əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі – бейбіт кезде жəне соғыс уақытында əскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, міндеттерді жоспарлау, белгілеп алу жəне оларды əскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге, таратуға, беруге жəне ұсынуға арналған жүйе;

11-1) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – мемлекеттің әскери ұйымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;

1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.11.2021 жылғы № 72-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

11-2) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы – мемлекет жүз пайыз қатысатын, өзіне әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі жобаларды басқару функциялары, сондай-ақ оларды ендіру, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының субъектілеріне консультациялық көмек көрсету және әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның ақпараттық қауіпсіздігіне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;»

1-бап 11-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.11.2021 жылғы № 72-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

12) əскери мүлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, əскери техниканың барлық түрі, арнайы құралдар жəне басқа да мүлік;

12-тармақша өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

13) əскери техника – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әскери әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;

13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

14) əскерлер түрі – өзіне ғана тəн негізгі қаруы мен əскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тəсілдері бар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;

15) басқа да əскерлер мен əскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы, əскери қарсы барлау жəне əскери полиция органдары және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері, əскери прокуратура органдары;

15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңына сәйкес (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.11.2020 жылғы № 375-VI Заңына сәйкес (10.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

15-1) бірыңғай әскери-техникалық саясат – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жоғары техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету мүдделерінде олардың алдына қойылған практикалық міндеттерді, мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен әскери-саяси ахуалдың жай-күйін ескере отырып, мемлекеттік органдар іске асыратын тұжырымдамалық көзқарастар мен практикалық әрекеттер жүйесі;

1-бап 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

16) жабдықтау нормалары (табиғи нормалар) – бейбіт кезде немесе соғыс уақытында əскери қызметшілерге, бөлімшелерге, əскери бөлімдерге (корабльдерге) жəне құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;

16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (14.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

17) жауынгерлік əзірлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімдерде орындауға дайындығының дəрежесін айқындайтын жағдай;

18) жауынгерлік қабілеттілік – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскерлерінің (күштерінің) мақсатқа сай жауынгерлік (əскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне жəне өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін жай-күйі;

19) жауынгерлік міндет – ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;

20) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары жəне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;

21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары – Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес барлау жəне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері;

22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан əрі – Қарулы Күштер) – қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болғызбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құратын жəне ұстайтын, мемлекеттің əскери ұйымының негізі;

22-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспары – мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты құжаттардың жинақталымы;

1-бап 22-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.06.2020 жылғы № 344-VI Заңымен (өзгерту 22.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

23) қару-жарақ – жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ оларды Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолдануды қамтамасыз ететін жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;

23-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

24) қару-жараққа жəне əскери техникаға жинақтауыштар – жиынтықтағанда қару-жарақ пен əскери техниканың конструктивтік тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер жəне қару-жарақ пен əскери техникаға қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар;

25) Қарулы Күштердің арнаулы операциялары – Қарулы Күштердің əскерлерін бейбіт кезде жəне соғыс уақытында қолданудың ерекше нысаны;

26) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан əрі – тыйым салынған аймақ) – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей шектесіп жатқан және Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған ауданның бір бөлігі болып табылатын аумақ;

26-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.05.2020 жылғы № 337- VI Заңына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

27) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан əрі – тыйым салынған аудан) – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына іргелес жатқан, шегінде тыйым салулар мен шектеулер белгіленген аумақ;

27-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.05.2020 жылғы № 337- VI Заңына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

28) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қару-жарағы мен əскери техникасының кадастры – жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен əскери техника, олардың сапалық сипаттамасы, мақсаты, дайындаушы кəсіпорын, дайындалған, қарулануға қабылданған жəне қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мəліметтердің жүйеленген жинағы;

29) Қарулы Күштердің түрі – мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, əуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;

30) қорғаныс – əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына қолсұғылмаушылықты қарулы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саяси, əскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық, əлеуметтік-құқықтық жəне өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;

31) қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;

32) қорғаныстық зерттеулер – мемлекеттің əскери ұйымын, əскери өнерді дамыту, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін әзірлеу, жасау, оларды ендіру, қарулануда, жарақтандыруда, жабдықтауда және пайдалануда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту, Қарулы Күштердің, аумақтық қорғаныстың құрылысы мен оларды қамтамасыз ету мəселелерін шешуге бағытталған, стратегиялық, қолданбалы, талдамалық жəне əлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс жəне əскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер;

32-тармақша өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

33) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

33-тармақша алынып тасталды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

34) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

34-тармақша алынып тасталды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

35) материалдық-техникалық қамтамасыз ету – Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қаружарақпен, əскери техникамен жəне басқа да мүлікпен қамтамасыз ету, оларды жөндеу жəне қалпына келтіру, Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жауынгерлік əзірлікте ұстап тұру жəне ұрысқа қолдану үшін олардың материалдық, медициналық, көліктік, тұрмыстық жəне өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;

35-тармақша өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

36) мемлекеттің əскери ұйымы – бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігін жəне қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне қорғаныстық-өнеркəсіптік кешеннің жиынтығы;

37) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

37-тармақша алынып тасталды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

38) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

38-тармақша алынып тасталды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание