Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Отправить по почте
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 19 сәуірден бастап ҚР 06.04.2016 жылғы № 480-V Заңына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
1-тармақша өзгертілді ҚР 29.06.2007 жылғы № 271 Заңымен (18.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2008 жылғы № 57-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-1) заң техникасы – нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен
2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
3-тармақша өзгертілді ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақша өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4) заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;
5-тармақша өзгертілді ҚР 29.06.2007 жылғы № 271 Заңымен (18.06.2007 ж. редакцияны қараңыз)
6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
7) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, баспа және электрондық-цифрлық нысандағы нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерімен және толықтыруларымен бірге) жиынтығы, олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледі;
8-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
9-тармақша өзгертілді ҚР 16.06.2004 жылғы № 566 Заңымен (12.03.2002 ж. редакцияны қараңыз)
10) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы;
10-тармақша өзгертілді ҚР 06.03.2002 жылғы № 298-ІІ Заңымен (17.10.2001 ж. редакцияны қараңыз) 10-тармақша өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11) нормативтiк құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
11-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі – мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі және деректемелері қамтылған жазбаша түрдегі тізбе;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
12) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;
1-бап 12-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.03.2002 жылғы № 298-ІІ Заңымен (17.10.2001 ж. редакцияны қараңыз) 12-тармақша өзгертілді ҚР 21.10.2005 жылғы № 81 Заңымен (16.06.2004 ж. редакцияны қараңыз)
12-1) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен
13) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
1-бап 13-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.10.2005 жылғы № 81 Заңымен
14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау – нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкес келетін графикалық форматта жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;
1-бап 14-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.10.2005 жылғы № 81 Заңымен 14-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, олардың ведомстволары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);
1-бап 15-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.10.2005 жылғы № 81 Заңымен 15-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.
1-бап 16-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады, бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР 06.03.2002 жылғы № 298-ІІ Заңымен (17.10.2001 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2008 жылғы № 57-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi.
3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.
3-тармақ өзгертілді ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бiрақ осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн және құқықты iске асыру және құқық қолданушылық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердi, атап айтқанда:
4-тармақ өзгертілді ҚР 16.06.2004 жылғы № 566 Заңымен (12.03.2002 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақ өзгертілді ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1) мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк актiлерiн;
2) уәкiлеттi орган болып табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың нормативтiк актiлерiн;
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР 06.03.2002 жылғы № 298-ІІ Заңымен (17.10.2001 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақша өзгертілді ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақша алынып тасталды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген нормативтік актілер құқық нормаларын қамтымауға тиіс.
Екінші бөлік өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi
1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
5-тармақша өзгертілді ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
6-тармақша өзгертілді ҚР 16.06.2004 жылғы № 566 Заңымен (12.03.2002 ж. редакцияны қараңыз)
7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
7-тармақша өзгертілді ҚР 16.06.2004 жылғы № 566 Заңымен (12.03.2002 ж. редакцияны қараңыз)
7-1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-1-тармақша алынып тасталды ҚР 27.07.2007 жылғы № 315 Заңымен (29.06.2007 ж. редакцияны қараңыз)
7-2) құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
2-тармақ 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
3-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.06.2007 жылғы № 262 Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 1-2-тармақша өзгертілді ҚР 04.12.2008 жылғы № 97-IV Заңымен (04.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |