Bestprofi Logo

Заң № 603 от 2004-11-09г./Қазақстан Республикасының Парламенті

Техникалық реттеу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021 г.

Документ на казахском языке

Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 Заңы

Осы Заң күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 30.12.2020 жылғы № 396-VI Заңына сәйкес Құжат мәтініндегі "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен, "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актіде", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiге", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн", "техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнiң" деген сөзедер "техникалық регламенттерде", "техникалық регламенттер" "техникалық регламенттердiң", "техникалық регламенттердi", "техникалық регламент", "техникалық регламенттермен", "техникалық регламенттерге", "техникалық регламентте", "техникалық регламенттi", "техникалық регламентке", "техникалық регламенттерiн", "техникалық регламенттiң" деген сөздермен ауыстырылды ҚР29.12.2006жылғы №209 Заңы бойынша (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Құжат мәтініндегі "мен қадағалау", "мен қадағалауды" деген сөзедер алынып тасталды ҚР 05.07.2008 жылғы №62-IV Заңы бойынша (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Осы Заң техникалық реттеу саласында өнімдерге, көрсетілетін қызметке, өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнiмдердiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.

Кіріспе өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы №209 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2007 жылдан бастап)

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөнiндегi орган өтініш берушінің белгiлi бiр салада техникалық реттеу объектiлерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсiм;

1-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 62-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

2-тармақша алынып тасталды ҚР 05.07.2008 жылғы № 62-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

3-тармақша алынып тасталды ҚР 05.07.2008 жылғы № 62-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

4) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;

4-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 62-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

4-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 4-1-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

5) аудит (сәйкестiктi растау саласындағы) - сәйкестiктi растау жөнiндегi аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiн жүйелi, тәуелсiз құжатталған талдау, сондай-ақ өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша жүргiзiлетiн сертификатталған өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң, сапа менеджментi жүйелерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бақылау;

5-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.02.2012 жылғы №562-IV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 5-1-тармаша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (07.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-1-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

6) берушi - өнiм беретiн, қызмет көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

6-1) верификациялау органы – тауар шығарылған жер туралы сертификатты беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын өндірушілердің орындауын растауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган;

1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

7) дайындаушы (орындаушы) - өнiмдi кейiннен иелiктен шығару немесе өндiрiстiк мақсаттарда өзi тұтыну үшiн өндiретiн, сондай-ақ өтеулi және (немесе) өтеусiз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жеке немесе заңды тұлғалар;

7-1) жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшарттары – тауарды шығарған елді айқындау өлшемшарттарының бірі, соған сәйкес тауар, егер оны өндіруге екі және одан көп ел қатысса, аумағында тауарға өзіне тән қасиеттерді беру үшін жеткілікті соңғы елеулі өңдеу (қайта өңдеу) жасалған елден шығарылды деп есептеледі;

1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

8) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнiмнiң, процестiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген органның уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын тексеруi;

9) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

9-тармақша алынып тасталды ҚР 05.07.2008 жылғы № 62-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

9-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 9-1-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

9-2) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру – Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру;

1-бап 9-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

9-3) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік – Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат;

1-бап 9-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

10) көрсетілетін қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінің материалдық мәні болмайтын қызмет;

10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

11) қауiп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне зиян келтiру ықтималдығы;

11-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 11-1-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

12) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

12-тармақша алынып тасталды ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңымен (16.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар;

13-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңымен (16.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;

14-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңымен (16.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2017 жылғы № 124-VІ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

15) мүдделi тараптар – қызметi техникалық регламенттердi әзiрлеумен тiкелей байланысты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;

15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

16) мiндеттi сертификаттау – сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсімі;

16-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңымен (16.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

17) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

17-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

17-1) нормативтік техникалық құжат – техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;

1-бап 17-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

17-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-бап 17-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 17-2-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

17-3) өзара байланысты стандарт – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық стандарт;

1-бап 17-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

18) өнім – материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;

18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

18-1) өнімді айналысқа шығару – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде өтеусіз немесе өтеулі негізде Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында өнімді беру немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймаға жинамастан тиеп-жөнелту);

1-бап 18-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 18-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)

18-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-бап 18-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 18-2-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

19) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiру - белгiлi бiр өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi ерекшелейтiн белгiлерi бойынша бiржақты тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;

20) өнiмнiң және процестердiң қауiпсiздiгi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) - қауiптi фактордың iске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейiнiң ұштасуын ескере отырып, адамның өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне зиян келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн қауiп-қатердiң болмауы;

21) өнiмнiң өмiрлiк циклi - өнiмдi жобалау, өндiру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;

22) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

22-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

23) өтiнiм берушi - сәйкестiгiн растау үшiн өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестiктi растау саласында) өтiнiм берген заңды тұлғалар;

24) процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

25) сәйкестiк белгiсi - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмiнен өткенi туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгi;

26) сәйкестiк сертификаты - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

27) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

27-тармақша алынып тасталды ҚР 05.07.2008 жылғы № 62-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

28) сәйкестiк туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

29) сәйкестiктi ерiктi растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргiзiлiп, өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтiнiм берушiнiң арнайы талаптарына сәйкестiгiн растау жүзеге асырылатын рәсiм;

30) сәйкестiктi мiндеттi растау - өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жүзеге асырылатын рәсiм;

31) сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсім;

31-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 62-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание