Toggle Dropdown
51
Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279-I Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 12.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) бөлшек сауда - дәрiгердің рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;
Toggle Dropdown
2) есiрткiлер – есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер ретiнде жiктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;
Toggle Dropdown
3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;
Toggle Dropdown
4) Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімі – сот сараптамасы органдары айқындайтын бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтарының тізбесі;
Toggle Dropdown
5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
Toggle Dropdown
6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;
Toggle Dropdown
7) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган;
Toggle Dropdown
8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi;
Toggle Dropdown
9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;
Toggle Dropdown
10) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы;
Toggle Dropdown
11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сериялап алуға бағытталған процесс;
Toggle Dropdown
12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;
Toggle Dropdown
13) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;
Toggle Dropdown
14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер;
Toggle Dropdown
15) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi - тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшері;
Toggle Dropdown
16) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитi - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке үшiншi мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлуi;
Toggle Dropdown
17) есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалану (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тұтыну) – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;
Toggle Dropdown
17-1) есiрткi, психотроптық зат тектестер – Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілмеген, құрылымдық формулалары есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы бір немесе бірнеше сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын олардың алмастырғыштарына ауыстыру арқылы түзілген химиялық заттар;
Toggle Dropdown
18) Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және аса iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте – сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын, белгiленген (шағын, iрi, аса iрi) мөлшердегі есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар түрлерiнiң тiзбесi;
Toggle Dropdown
19) көтерме сауда - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың iрi топтарын сату;
Toggle Dropdown
20) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi – халықаралық конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзбесi;
Toggle Dropdown
21) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi өсiру - апиын көкнәрi мен сораны (каннабистi), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзілген, құрамында есiрткi бар басқа да өсiмдiктердi егу және өсiру;
Toggle Dropdown
22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктер терімі – халықаралық конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау;
Toggle Dropdown
23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi - заңда белгiленген тәртiппен наркологиялық көмек көрсететiн мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлiмшелер немесе кабинеттер);
Toggle Dropdown
24) мәжбүрлеп емдеу – психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды өз еркімен емделуден жалтарған немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынуды жалғастырған кезде сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;
Toggle Dropdown
25) медициналық куәландыру - есiрткiден мастану күйiн анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;
Toggle Dropdown
26) медициналық куәландырудан, медициналық зерттеп-қараудан немесе емдеуден жалтару – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары жұмыскерiнiң медициналық куәландыруға немесе зерттеп-қарауға қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындаулары мен ұсынымдарын орындамауы;
Toggle Dropdown
27) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
28) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
29) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
30) өз еркiмен емделу – психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарын (ауруларын) науқастың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен жүзеге асырылатын емдеу;
Toggle Dropdown
31) прекурсорлар – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өндiру, дайындау, қайта өңдеу кезiнде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, оның iшiнде БҰҰ-ның 1988 жылғы Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген заттар;
Toggle Dropdown
32) препарат – құрамында ілеспе заттар мен толықтырушылар (ұн, крахмал, қант және басқалары), сондай-ақ Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар, кез келген физикалық күйдегi заттар қоспасы;
Toggle Dropdown
33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;
Toggle Dropdown
33-1) сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар – есірткі, психотроптық зат тектестерді дайындау кезінде пайдаланылатын және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізіміне енгізілген бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтары;
Toggle Dropdown
34) уәкілеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар;
Toggle Dropdown
35) уытқұмарлық – есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енбейтін табиғаты әртүрлi заттарды шектен тыс пайдалану.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жiктеу
Toggle Dropdown
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi төрт кестеден және тiзiмнен тұрады.
Toggle Dropdown
Осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, I кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.
Toggle Dropdown
II кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
Toggle Dropdown
III кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауда тұрған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.
Toggle Dropdown
IV кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етiлген, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың тiзiмiне тиiстi лицензиясы болған кезде диагностикалық, емдiк және профилактикалық заттар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрiлiк препараттар енгiзiлген.